Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Дизар.кез.лог.жұм.ДҚ-311,321.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.39 Mб
Скачать

6. Тақырып: Сөйлеу тілінің просодикасының және дыбыс айтуының жағдайы Жоспар:

1. Фонематикалық қабылдау, талдау және жинақтаудың қалпы

2. Сөйлеу тілінің просодикалық жағы.

Тірек сөздер: Антрофоникалық дефектер ,сөздің реверсі, ызың, ысқырық, тіс аралық, еріндік - тістік сигматизм, бүйрек және көмей ротацизм,еріндік ламдацизм. Мектеп жасына дейінгі дизартрияның көмескі түрі бар ересек балаларда сөйлеу тілінің просодикалық жағының компоненттеррінің тұрақты бұзылуы байқалады. Осылай тыныс алуының бұзылуы тыныс алу түрінің дұрыс еместігінен көрінеді ( жиі кеуделік және бұғаналық тыныс алу), сөйлеу кезіндегі дем шығарудың қысқалығы - 5 секундқа дейін барады. Сөйлеу тілі анық емес, нозальді, бір қалыпты, тембірі төмен, дауысы ақырын шығатын болады. Бұндай балаларда сөйлеу тілі бұзылыстары байқалады. Бұл екі немесе одан да көп дыбыстардың бұзылуы, сонымен қатар бір дыбыстың бұзылуы, дыбыстың құрылысы дұрыс қалыптаспауы да кездеседі. Көбіне ысқырық, ызың, сопорлардың бұзылуы байқалады. Антрофоникалық дефектер басым болады. Олар ызың, ысқырық, тіс аралық, еріндік - тістік сигматизмде, бүйрек және көмей ротацизмде, екі еріндік ламдацизмде көрінеді. Тілдің арқасы көтеріңкі болғандықтан дыбыстар жұмсартылып айтылатын болады.

Сонымен дизартриясы бар балаларда барлық фонетикалық тобының дыбыстарын айтқан кезде қателерінің ұлғая түсуі байқалады. Оған себеп болатын контексттің кеңеюі, оның лингвистикалық күрделігінің деңгейі, балаларға таныс болуы, үйреніп жатқан дыбысының кездесу жиілігі т.б.

Фонематикалық қабылдау, талдау және жинақтаудың қалпы.

Фонематикалық естуінің бұзылуы екінші сипат алады, өйткені баланың анық емес сөйлеуі анық естіп қабылдауын және бақылауының қалыптасуына ықпал етпейді. Дизартрияның көмескі түрі бар мектеп жасына дейінгі балалар фонематикалық қабылдауының жетіспеушілігінен көптеген қате жіберуі байқалады. Бұл баланың есту моторлы координациясын тексерген кезде жақсы көрінеді. Жай ырғақтарды естіп қабылдау кезінде қиыншылықтар кездеседі, ал күрделі ырғақтарды қайталау мүлдем мүмкін емес болады. Фонематикалық қабылдауының жетіспеушілігі артикуляторлы аккустикалық белгілерді, ұқсас сөздерді, күрделі буындық құрамы бар сөздерді және жаңылтпаштарды айтқан кезде байқалады. Дыбыстық - буындық талдауының бұзылуы төмен деңгейде болсада, бұл жағдайда қиыншылықтар кездеседі. Берілген сөздердің бірінші немесе соңғы дауыссыз дыбыстарын ата деп тапсырманы орындаған кезде, бала көбінесе буынды ажыратып айтады. Сөздің реверсі (алмастыруы) байқалады, мысалы шар деген сөзде бірінші дыбыс р деп жауап береді.

Сөздің буындық құрамы бойынша салыстыру, сөздегі дыбыстың санын анықтау, екінші, үшінші, төртінші дыбысты атау қиынға түседі.

Дауысты дыбыстарды, сонымен қатар сөзде қатар келген бірнеше дауыссыз дыбыстарды тастап кету, сөздегі дыбыстарды ретімен айтқан кездегі сөз реверстері («бас» деген сөзде - с, а, б) осы балаға тән қателері болып саналады.

Дизартрияның көмескі түрі бар мектеп жасына дейінгі балалар сөздің басында, ортасында дыбысты қосып, алмастырып орындайтын тапсырмаларды мүлдем орындай алмайды. Дыбыстардың және буындардан сөз құру, жинақтау бұндай балаларға қиын емес. Бірақ 4-5 дыбыстан құралған, қатарында бірнеше дауыссыз дыбыс бар сөздерді жинақтауда бұзылыстар кездесуі мүмкін. Реверстердің жиі кездесуі тек қана фонематикалық бұзылудың белгісі емес, кеңістікті бағдарлауының бұзылу белгісі екені дәлелденген.