Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Дизар.кез.лог.жұм.ДҚ-311,321.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.39 Mб
Скачать

5.Тақырып:Дизартрияның көмескі түрі бар мектеп жасына

дейінгі баланың сипаттамасы

Жоспар:

1.Жалпы, ұсақ және артикуляциялық моториканың қалпы.

2.Дизартриясы бар балалардың моторикасының қызметін қалыптастыру

Тірек сөздер: пренатальді энцефалопатия, гемморогикалық энцефалопатия, гидоцефальді синдром (ішкі, сыртқы гидроцефалия), гипертензионды синдром.

Анамнез мәліметтерін талдау барысында мектеп жасына дейінгі дизартрияның көмескі түрі бар балаларда перинатальді, натальді жэне постнатальді кезеңдерінде жағымсыз жағдайлардың асқынуы байқалады. Ең көп асқыну пренатальді кезеңде болады. Көбінесе невропотолог бұндай балаларға келесі диагноз қояды: пренатальді энцефалопатия, гемморогикалық энцефалопатия, гидоцефальді синдром (ішкі, сыртқы гидроцефалия), гипертензионды синдром.

Балалардың ерте психомоторлы дамуы жеңіл дисфункцияға ие болады, жасына байланысты нормадан кеш және диспропорциональді қалыптасады. Бала отырғаннан бұрын тұра бастайды, еңбектенгеннен бұрын жүре бастайды. Бала мүлдем немесе дұрыс еңбектемейді (артқа, шетке). Балалар соматикалық әлсіз болады, тұмау ауруымен жиі ауыратын болады. Көбінесе 1-2 жасқа дейін балалар невропатологтың бақылауында болады, ал 3-4 жастан кейін диспансерлі бақылаудан шығарылады. Ерте жастағы сөйлеу тілінің дамуы кешеуілдеуі мүмкін. Гуілдеу кезеңі болмауы мүмкін, бірінші сөздері 1-2 ай кеш шығады, сөз тіркестерінің пайда болуы нормадан 1-5 айға дейін артта калады. Белсенді сөз қорына жаңа сөздерді енгізу қиын болады.

Жалпы, ұсақ және артикуляциялық моториканың қалпы. Жалпы моторика дегеніміз -жалпы дененің қимыл қозғалысы, яғни бастың, мойынның, иықтың, кеуденің, аяқтың қимыл-қозғалысы. Дизартриямен зақымдалған балалардың моторикасының дамуы жалпы моторикасының дамуына кері әсерін тигізеді. Моторикасының дамуы негізгі қимылдардың қалыптасу уақытынан тежелуіне әкеліп соқтырады. Нақты емес, икемсіздік, баяу тепе-теңдікті сақтай алмауы, т.б.

Қимылдың белсенді болмауы, сонымен қатар арнайы тәрбие жұмысы мен түзету жұмыстарының жетіспеушілігінен де болуы мүмкін. Түзету жұмысының бағыты келесі негізгі қимылдарды дамытуға арналған болуы керек: жүгіру, секіру, лақтыру жалпы және ұсақ моторикасын жетілдіруге арналған жаттығулар. Жұмыс мазмұнының құрамына қызықты жаттығуларды, әр түрлі заттарды: доптар, таяқшалар, жалаушалар, шеңберлер және күрделі емес түрлі жабдықтарды ұсынуға болады.

Дизартрик балалардың моторикасын түзетуге бағытталған сабақтар үшін, өз үйінде кішігірім спорт кешенінің болуы тиімді. Оның көмегімен балаға жат, тіпті қорқынышты жаттығулар жасалады: шығу, секіру, айналу, орындықта жүру. Жаттығулар мен ойындарды табиғатта орындаған өте жақсы. Орманда, таза ауада ойнау кезінде бала жергілікті орынмен танысады, төбешікті айналып өту керектігін түсінеді. Балаларға суда қозғалысқа түсу, жүзу пайдалы, қыста шаңғы, шана тебу де пайдалы.

Дизартриясы бар балалардың моторикасының қызметін қалыптастыру бойынша жүргізілетін жұмыс үлкен шыдамдылыққа, жиі қайталауды және көрсетуді талап етеді, әр жаттығудың орындау баланың күн тәртібіне енуі керек. Тұрақтылық әдетке айналып, сабаққа деген қажеттіліктің бірі болады. Жаттығулар біртіндеп енеді. Мысалы, доппен ойнауға үйрету. Уйрету үшін, алдымен ауада ұшатын шар мен ойнау керек. Балалар допты ұстағанға қорқады, ал шар жеңіл, дауыссыз, тыныш, ақырын, баяу жерге түседі. Шар мен ойынды меңгерген бала, допты лақтырып, итеріп, ұстауды, себетке лақтыруды, дөңгелектен, жіптен өткізіп лақтыруды, келгенді соғуды тез үйренеді. Баламен қандай да болмасын спорттық ойынды ойнау кезінде, ересек адам балаға білдіртпей көмектесуі керек. Жалпы қимыл-қозғалыстарды дамыту мен қатар мұғалім-дефектолог баланың қол моторикасының дамуына үлкен көңіл бөледі. Баланың екі қолының іс-әрекетте сәйкестігіне, ұстайтын қимыл-қозғалыстарды дамытуға, баланың әртүрлі заттарды ұстап үйренуге: үлкен заттарды екі қолмен, ұсақ заттарды - бір қолымен ұстауды үйренуіне ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар мұғалім-дефектолог баланың көңіл бөледі. Осы мақсатқа байланысты үлкендердің қолына еліктетін ойындар мен жаттығулар ұйымдастырады, ал кейіннен қолға арналған теаиралдық ойындар.Ұсақ моторика дегеніміз - қолдың, қол білезігінің, саусақтардың, қол бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысы.

Дизартрияға шалдыққан балалардың қолмен жүмыс істеуінде қиындықтар кездесетіні белгілі. Олардың қол білезіктері әлсіз және салбырт, алақандарын жұдырыққа түйе алмайды, ауақтарын бір-бірден санап, үлкен бас саусақты қалған саусақтарға қарсы қоя алмайды. Қолдарына қасық, қарындаш ұстау қиынға соғады. Олар затты жұдырықпен ұстайды; қайшымен қия алмайды, ермексазды илей алмайды. Қандай да болмасын әрекетті орындау кезінде ересектердің көмегімен қажет етеді.

Бұлшық еттерінің тонусының өзгеруі (жоғарылауы немесе төмендеуі) кол білезігінің бұлшық еттерінің әлсіреуіне, шаршауына әкеледі. Қол білезігінің және саусақ бұлшық етінің иннервациясының жеткіліксіз топтастырылуы, олардың келісіміне, қалпына кедергі болады. Осыған байланысты бала ұзақ уақыт бойы қарындашты немесе қаламды ұстай алмайды, шаршаған сайын оның қозғалыстары нақты орындалмайды. Аталған бұзылыстар көру қимыл координациясының кемістігімен жиі кездеседі. Мұндай жағдайда баланың жазуы нашар каллиграфиямен ғана сипатталмайды, сондай-ақ бала әріптің жазылуын да кате орындайды. Бала бас миының қызметін, психикасын зерттейтін ғылымдар кол әрекетінің үлкен маңыздылығын атап көрсетеді. Осылайша, жүргізілген тәрбие мен көптеген балаларды тексеру негізінде келесі заңдылық анықталған: «Егер саусақ қозғалыстарының дамуы баланың жасына сай болса, онда сөйлеу тілінің дамуы да артта қалады, бірақ бұл жағдайда жалпы моторика қалыпта және қалыптан да жоғары болуы мүмкін. «Л.В. Фомина)». М.М. Кольцова сөйлеу тілінің қалыптасуы қолдан келетін, анық айтсақ саусақтардың кинестетикалық импульстардың әсерінен жүзеге асады деген қорытындыға келеді.

Ең бірінші кезекте жалпы моторикасымен қатар артикуляциялық моторикасының қимылдарының статикалық үйлесімінің күрделі бұзылуын атап кеткен жөн. Кимыл-қозғалыс актінің кинетикалық компонеттерінің өзара үйлеспеуі байқалады.Қимыл-қозғалысты сезінуі сақталғанмен қозғалыс актісінің кинетикалық компонентінің жетіспеушілігі байқалады. Бұл жетіспеушілік берілген проблемаларды толық орындай алмауымен де көрінеді. Қозғалыстардың күрделі формалары орындауға бағытталған тапсырмаларды орындау кезінде дөрекі ауытқулар кездеседі. Бұзылыстардың келесі түрлері көрінеді: қимыл-қозғалысының үйлеспеуі, гипертонусының пайда болуы, синкенизиялар, өз қимыл-қозғалысының амплитудасын реттей алмауы, кеңістікте қолдарын екі жаққа созуы.

Дизартрияның көмескі түрі бар баланың артикуляциялық моторикасы жалпы моторикасының типі бойынша зардап шегеді. Көбінесе бұзылыстар статикалық қалыпты үстаған кезде корінеді: тыныс алуының жетіспеушіліг, гиперсаливация, тілдің, еріннің, иектің треморы, девиациясы (тік осьтан ауытқуы), вегетативті дисфункциялар (тершең болуы, терінің қызаруы немесе бозаруы т.б.). Тіл және ерін бұлшық еттерінің парезін осы мүшелерімен жеңіл-желпі қимылдарды орындау барысында көруге болады.

Бұл кезде төмендегідей жағдайлар байқалады:

Ерінді алға мүлдем соза алмауы - олар мүлдем қимылсыз болады немесе кез келген қимыл-қозғалыс жасайды.

Езу тартқан кезде (жымиюдың) ассиметриясы - ауыздың бір жағы қозғалмайды немесе аз қимылдайды.

Ауыз қуысында тілін жалпақ түрде ұстай алмайды, яғни тіл үнемі жіңішке күйде болады.

Тілді ауыз дан шығарған кезде бір жаққа ауып кетеді.

Тілді ауыздан шығарған кезде тілдің үшы еріксіз төменгі ерінге қарай бағытталған - бала тілін көлденең үстай алмайды.

Төменгі еріннің көмегінсіз тілдің үшын жоғарғы ерінге көтере алмауы. Бүл тапсырманы орындаған кезде бала тілін жоғары көтеру үшін төменгі ерінмен көмектескен болады.

Тілді оңға, солға қозғалта алмауы - тілдің дірілі, бүлшық еттердің ретсіз тартылуы байқалады. Бүл олардың элсіздігін дэлелдейді.

9. Тілді ауыз қуысында «жиырып» үстауға бейім болуы. Бала аузын кең ашқан кезде тілдің қалпы жақсы көрінеді.