Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Дизар.кез.лог.жұм.ДҚ-311,321.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.39 Mб
Скачать

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Оқу-әдістемелік кешені

2 басылым

Педагогика және психология факультеті Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік

және студенттік сұрақтар бойынша

проректоры, п.ғ.д., профессор

_____________ М.Ж.Мальтекбасов

«____»______________2015 ж.

.

Дизартрия кезіндегі логопедиялық жұмыс

Оқу әдістемелік кешені

Мамандық:5В 010500 « Дефектология»

Оқыту түрі: ҚОТ, сырттай

Талдықорған 2015ж

Оқу - әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС

Негізінде 050105 – « Дефектология» мамандығына аға оқытушы Г.Т.Азанбекова құрастырған.

____________________________

(оқытушының қолы)

Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының отырысында қарастырылды

« » 2014 ж. № хаттама

Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., А.С.Стамбекова

« » 2014 жыл. № ____ хаттама

педагогика және психология факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

Әдістемелік бюроның төрайымы ___________________К.Н.Ахмедиева

Пәнге қысқаша сипаттама

«Дизартрия кезіндегі логопедиялық жұмыс» курсы «Дефектология» мамандығында оқитын студенттерінің оқу жоспарына сәйкес жасалған және бұл курс студенттердің «Логопедия негіздері» пәнінен алған білімдеріне негізделеді. Курс 30 сағат лекция, 15 сағат практикалық сабақ, 45 сағат студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысына (СОӨЖ), 45 сағат студенттердің өзіндік жұмысына (СӨЖ) есептелген.

Пәннің мақсаты – студенттердің дизартрик балалармен түзету жұмыстарын жүргізу барысында теориялық, практикалық білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

Курстың міндеті:

  1. Дизартрияның себептерін, белгілерін, құрылымын, механизмдерін анықтау;

  2. Дизартрик балаларды тексеру жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтау;

  3. Балалардың сал ауруы кезіндегі тіл кемістіктерін анықтау;

  4. Дизартрик балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарының негізгі бағыттарын көрсету.

Курс дефектология мамандығы бойынша факультетті бітіруші мамандарына кәсіби талаптың қажеттілігін түсіндіреді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалардың сөйлеу тіліндегі кемістігін түзету және сөйлеу тілін дамыту жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесіне, проблемаларға аналитикалық тұрғыдан болжам жасай алуды үйретеді.

Аталған студенттерге төмендегідей білімдерін қалыптастыруға ықпал етеді.

  • Сөйлеу тілінде ақауы бар балаларға логопедиялық жұмыстарды ұйымдастыруын және өткізуін;

  • Логопедиялық жұмыстың әдістерін, түрлерін, формаларын.

«Дизартрия кезіндегі логопедиялық жұмыс» пәні курс студенттерінің төмендегідей іскерліктерін қалыптастыруды көздейді:

  • Практикада теориялық білімді қолдану;

  • Әр түрлі категориядағы сөйлеу тілінде кемістігі бар балаларға логопедиялық жұмыстың әдіс-тәсілдерін, қолайлы түрлерін теорияға негіздеп таңдау;

Курсты меңгеру барысында студент төмендегідей дағдыларды игеру қажет:

  • Мүмкіндігі шектелген, БЦСА бар балалардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнату;

  • Сөйлеу тілі бұзылған дизартрик балаларға жүргізілген түзету жұмыстарының (массаждар, жаттығулар) түрлерін анықтау;

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Силлабус

Ф.4.09-28

27.05.2015.ж.