Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Дислалия 2014Дқ321,311.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.59 Mб
Скачать

Сөж мақсаттары мен орындауға әдістемелік нұсқаулар

“ Дислалия кезіндегі түзету жұмыстары ” курсы бойынша дәріс, практикалық сабақтар және студенттердің жеке (өздік) жұмыстары ескерілген.

СӨЖ орындау барысында келесі мақсаттар орындалады:

  • білім беру жүйесінде жинақталған әдістемелік тәжірибемен танысып ұғыну;

  • студенттердің ғылыми-зерттеу біліктерін қалыптастыру;

  • мектептің даму мәселелеріне әртүрлі көзқарастарды салыстыру және талдау біліктерін жетілдіру;

  • психологиялық-педагогикалық, тарихи, әдістемелік және кәсіби жағынан студенттердің жалпы білім аумағын кеңейту.

Студенттердің жеке (өздік) жұмысы арнайы мектепте пәндерді оқытуда логопедиялық жұмыс мәселесі бойынша мақалалар каталогын құрастыру, түзету құралдарын (зонд, шпатель) қолдану. Тапсырмаларды орындауды қажетті әдебиетті оқып-зерттеп, оқыған теориялық материалды қайталап, өздік жұмыстың құрылымын ойластырудан, қажетті дидактикалық материалды жинақтаудан бастау керек.

СӨЖ орындағанда келесі шарттарды сақтау керек:

  • мақалаларға аннотация жазғанда ең қызықты және практикалық маңызы бар жерлерін көрсету;

  • сөйлеу тілінің мүкістіктеріне түзету жұмыстарын жүргізу;

  • сөйлеу аппаратына босаңсыту және қатайту массаждарын жасау;

  • түзету жаттығуларын жасау;

  • дайындалған сабақтар жоспарлары, конспекттері өткізу кезеңдерін көрсете отырып, екі графалық түрде жазылуы тиіс.

Өздік жұмысын орындау барысында сұраққа қатысты қолда бар әдебиеттерді кеңінен қолдану. Түсініксіз немесе қарастыруда қиындық туғызатын сұрақтар болса оқытушыдан қосымша кеңес алып, бағыт сұрау. Қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты бұқаралық ақпарат құралдарын, әдістемелік арнайы журналдарды үнемі қарау. Кітапхана қорына түскен жаңа әдебиеттерге (пәнге байланысты) үнемі талдау жүргізу.

  1. Студентті өз бетімен білімді ізденуге дағдыландыру;

  2. Ғылыми әдістемелік әдибеттерге сүйене отырып, қажетті тақырыбын өз бетімен іздеу іскерлігін қалыптастыру;

  3. Дәріс сабақтарында алған білімдерін сабақтан тыс уақыттарда толықтыруға бағыт беру;

  4. Курс бойынша арнайы әдебиеттерді қарастырып, болашақ мамандығына теориялық-практикалық дайындалу;

Студенттің жеке тұлғасында өз беттілік, жауапкершілік, жүйелік ,нақтылық қасиеттерін қалыптастыру

СӨЖ-ның күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Тақырып

Сағат саны

Өткізу мерзімі

Бақылау түрі

№1

СӨЖ 1

1. Дислалия және оның түрлері

2.Дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері

3. Ызың және ысқырық дыбыстардың айтылу кемшіліктері, түзету тәсілдері

11

4 апта

Реферат

№2

СӨЖ 2

1. Р және р. дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету жолдары

2. Л және л. дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері

3. Ызың және ысқырық дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері дыбысты қою кезеңі

11

7 апта

Кесте

Реферат

Баяндама

Дидактикалық материалдар

№3

СӨЖ 3

1. Дислалияға анықтама және оның тарихы

2. Үнді және жұмсақ дауыссыздардың айтылуына дайындық жұмыстары және дыбысты қою кезеңі

3.«К, к., Г, г., Х, х. дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері

11

11 апта

реферат

Кестелер баяндама Дидактикалық материалдар

№4

СӨЖ 4

1. Ы дыбысының айтылуына дайындық жұмыстары және дыбысты қою кезеңі

2. Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылу кемшіліктері және түзету жолдары.

3. Машықтандыру кезеңі және дыбысты басқа дыбыстан ажырату кезеңі

12

14 апта

Кесте реферат баяндама Дидактикалық материалдар

Барлығы

45

Практикалық сабақтарға қолданылатын жаттығулар

  1. Тақырып: Дислалияның түрлері және оның себептері.

Сөйлеу тілі бұзылысы жайлы жалпы түсінік. . Дислалияның себептері және түрлері: жай, күрделі дислалия. Акустикалық – фонематикалық дислалия. Артикуляторлық – фонематикалық дислалия. .Артикуляторлы – фонетикалық дислалия.

2. Тақырып: Дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері

1.Дыбыстарды қою кезеңі. 2.Дайындық кезеңі. 3.Дыбысты айтуға машықтандыру кезеңі. 4.Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі.

3. Тақырып:. Ызың және ысқырық дыбыстардың айту кемшіліктерін логопедиялық түзету.

Дыбысты айту кемшіліктерін логопедиялық түзету. Дыбыстарды қою кезеңі. С, З, дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету жолдары.

4.Тақырып: Ш, Ж, Щ, Ч дыбыстардың айтылу кемшіліктері және түзету жолдары

Дыбысты айту кемшіліктерін логопедиялық түзету. Дыбыстарды қою кезеңі. Ш, Ж, Щ, Ч дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету жолдары.

5. Тақырып: 1.Р және р дыбыстарын қоюға дайындық жұмыстары және дыбысты қою кезеңі

1 .Р және р дыбыстарын дайындық жұмыстары және дыбысты қою кезеңі

2. Машықтандыру кезеңі және дыбысты басқа дыбыстан ажырату кезеңі:

3.Р және р дыбысының айту ерекшелігін қарастырыңыз

4.Р және р дыбысының артикуляциялық кескінін қарастырыңыз

6. Тақырып: Л және л. дыбыстарын қоюға дайындық жұмыстары және дыбысты қою кезеңі

1. Л және л дыбысының айту ерекшелігін қарастырыңыз

2. Л және л дыбысының артикуляциялық кескінін қарастырыңыз.

3. Л және л дыбыстарын қою кезеңі

4. Машықтандыру кезеңі

7. Тақырып: 1. К, к., Г, г., Х, х. дыбыстарын қоюға дайындық жұмыстары және дыбысты қою кезеңі

1. К, к., Г, г., Х, х дыбыстарының айтылуына дайындық жұмыстары және дыбысты қою кезеңі

2.Машықтандыру кезеңі және дыбысты басқа дыбыстан ажырату кезеңі

3. К, к., Г, г., Х, х. дыбыстарының айту ерекшелігін қарастырыңыз

4. К, к., Г, г., Х, х. дыбыстарының артикуляциялық кескінін

8. Тақырып: Үнді және жұмсақ дауыссыздардың айтылу кемшіліктері және түзету жолдары.

1. Үнді және жұмсақ дауыссыздардың айтылуына дайындық жұмыстары және дыбысты қою кезеңі

2. Машықтандыру кезеңі және дыбысты басқа дыбыстан ажырату кезеңі

3. Үнді және жұмсақ дауыссыздардың айту ерекшелігін қарастырыңыз

4. Үнді және жұмсақ дауыссыздардың артикуляциялық кескінін қарастырыңыз

9. Тақырып: Ы дыбысының айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері

1. Ы дыбысының айту ерекшелігін қарастырыңыз

2. Ы дыбысының артикуляциялық кескінін қарастырыңыз.

10. Тақырып: Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылу кемшіліктері және түзету жолдары.

1.Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуына дайындық жұмыстары және дыбысты қою кезеңі

2.Машықтандыру кезеңі және дыбысты басқа дыбыстан ажырату кезеңі

ГЛОССАРИЙ

Тахилалия («tachys»-тез, «lalio»- сөйлеу тілі) - сөйлеу жылдамдығының қалыптасқан тыс тездетуі. Ол орталық, органикалық немесе функционалды деп бөлінеді.Сөйлеу тілінің темпі жеделдеген кезде сөз шапшан, екпінді шығады да, сөйлеген кезде аграмматизмдер кездеседі.Сөйлеу тілінің фонетикасы, лексикасы және грамматикалық құрылымы сақталған болады.

Брадилалия («bradys»-баяу, «lalio»-сөйлеу тілі»)- сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс баяулауы. Ол орталық, органикалық немесе функйионалды деп бөлінеді. Сөйлеу жылдамдығы баяулағанда сөз босаң, бірқалыпты, созаңқы шығады.

Тұтықпа – сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тырысуы салдарынан сөйлеудің ырғақтылығы мен жылдамдығының бұзылуы. Тұтықпа орталық, органикалық немесе функционалды деп бөлінеді. Сөйлеу дислалия даму барысында пайда болады.

Дислалия- есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Дыбысты алмастырып, шатастырып, бұзып айтумен көрінеді. Анатомиялық ақаулықтар болса органикалық, жоқ болса- функционалды деп аталады.

Ринолалия – сөйлеу мүшелерінің анатомиялық ақаулықтарының салдарынан дауыс әуезділігінің және тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы. Дауыс тембрінде мұрындық ренк пайда болады.

Дизартрия – сөйлеу тілінің күрделі бұзылуы. Дизартрияда сөйлеу мүшелерінің инервациясының жеткіліксіздігіне байланысты сөйлеу тіл дыбыстарының айтылуының және просодикасының бұзылуы байқалады. Дизартрия сал ауруына шалдыққанда балалар жиі байқалады. Бірақ, нейроинфекцияның немесе басқа да мидың зақымдалуының салдарынан дизартрия баланың дамуының кез-келген кезінде пайда болуы мүмкін.

Алалия – баланың ерте жасынан бас ми қабығындағы сөйлеу зоналарының органикалық зақымдалуының салдарынан сөйлеу тілінің жетілмеуі немесе мүлдем дамымауы. Сөйлеу тіліндегі ақаулықтардың ішіндегі алалия ең ауыры болып есептеледі. Алалияға шалдықан балада сөйлеу тіл құралдарының жүйесі мүлдем қалыптаспайды (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық).

Афазия – бас миының зақымдалуының салдарынан сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуы. Афазияға келтірілетін себептер: баланың сөйлеу тілі қалыптасқаннан кейін ми қорабының жарақаттануы ,нейроинфециялар, бас мидың ісіктері.

Дислексия – оқу процесінің спецификалық жартылай бұзылуы.

Дисграфия – жазу процесінің спецификалық жартылай бұзылуы.