- •Жалпы мағлұматтар
- •2. Дипломдық жұмыстың тематикасының талаптары
- •3. Дипломдық жұмыстың (жобаның) жазылу ретіне қойылатын талаптар.
- •4. Дипломдық жұмыстың мазмұны мен құрылымы
- •5. Дипломдық жұмыстың әрлеу ережесі.
- •6. Дипломдық жұмысты(жобаны) қорғау реті
- •7. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау реті
- •8. Дипломдық жұмысты ( жобаны) сақтау реті
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі Автоматты басқару теориясы және реттеу
- •Экономика
- •Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
- •Қоршаған ортаны сақтау
- •Элеватор, ұнды ұнтақтау, жарма және құрамажем өндірісі
- •Нан, макарон, кондитер мен тамақконцентрат өндірісі
- •Ашыту өндірісі
- •Консервілеу өндірісі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Бекітемін»
ОӘЖ проректоры
_________Нұрахметов Б.Қ.
«____» __________2011 ж
050702- «Автоматтандыру және басқару»
мамандығының студенттеріне арналған дипломдық жұмысты орындау бойынша әдістемелік ережелер
Алматы 2011
050702- «Автоматтандыру және басқару» мамандығының студенттеріне арналған дипломдық жұмысты орындау бойынша әдістемелік ережелері 5.03.016-2009 жылғы ҚР МЕМСТ негізінде орындалған (ҚР БІЛІМ ЖҮЙЕСІ.ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ.НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР)
Құрастырғандар: аға оқытушы Қаратаева Ж.Е.,
аға оқытушы Жұмабекова З.А.,
аға оқытушы Дәрімбаева Н.И.,
аға оқытушы Жамашева Р.Ә.
«ӨПМА» кафедрасының жиналысында ұсынылған және талқыланған
«06» қыркүйек 2011г. Протокол № 1
Кафедра меңгерушісі
т.ғ.д., профессор Еркебаев М.Ж.
«Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультетінің ҒӘК-ң жиналысында мақұлданған
« » __________ 2011г. Протокол № 2
ҒӘК председателі Абдрахимов У.Т.
Мақұлданған:
ОӘБ бастығы Абинова Г.Д.
Жалпы мағлұматтар
Дипломдық жұмыс бітірушілердің ең соңғы жазбаша жұмысы,оқу барысының соңғы этапы,егерде білімнің мемлекеттік стандартымен және мамандықтың оқу жоспарында қарастырылса
Дипломдық жұмыстың мақсаты мынадай:
Мамандық бойынша жүйелендіру,тұрақтандыру және теориялық білімді жетілдіру және практикалық біліктілік, оларды нақты ғылыми,техникалық,экономикалық және өндірістік сұрақтарда,оған қоса мәдени белгілердегі сұрақтарға қолдану
өзіндік жұмыстарда жетілдіру икемділігін және ғылыми зерттеулердегі методиканы жақсы игеру және туындап жатқан сұрақтармен тәжірибе жасау.
Студенттің өзіндік жұмысқа дайындығын тексеру,қазіргі жаңа өндірістерде,ғылымда,техникада,мәдениетте,оған қоса оның шеберлік біліктілігінің деңгейін тексеру
Дипломдық жұмыста тиісті ғылыми салалардағы нақты мамандықтардың өзекті проблемасын зерттеу мен өзіндік зерттеуде жалпы жауаптарды айқындайды
Дипломдық жұмысты ғылыми жетекшімен бірге орындалады және мына сұрақтарға жауап беру тиіс:
Зерттеудегі жалпы жауаптар,ғалымдардың жүргізген жобаның шешімі,аналитиктермен,практикантармен:инженерлермен,конструкторлармен,менеджерлермен және экономисттермен сай болуы тиіс.
Зерттелген обьектте ғылымдық дәлелдермен теориялық қорытындылар мазмұндалу керек
Мазмұндалған жауаптардың ғылымдық дәлелдемелері,нақты жауаптармен қамтамасыздандырылу қажет
2. Дипломдық жұмыстың тематикасының талаптары
2.1 Дипломдық жұмыстың тематикасы өзекті болу қажет, ғылым мен техниканың қазіргі жағдайына және перспективті дамуына сай болуы керек. Дипломдық жұмыстың тематикасы анықталған жағдайда ғылым мен өндірістің ең қажетті сұрақтар және проблемасы жайлы ескерген жөн.
2.2 Дипломдық жұмыстың тақырыбы мамандықпен дайындалып жатқан профилге сай келуі керек.
2.3 Дипломдық жұмыстың тақырыбы кафедрада жасалады,қаралады және жоғарғы оқудың факультетінің кеңесімен бекітіледі.
2.4 Дипломдық жұмыстың тақырыбы әр жыл сайын кем дегенде 30% жаңарып тұру қажет.
2.5 Дипломдық жобаның дипломдық жұмысқа ауыстырылуы техникалық жоо-да ректорымен деканның ұсынуымен ауыстырылады. Сонымен қатар, дипломдық жұмыс ғылыми зерттеулік мағынада болу тиіс және де есептік графикалық бөлігі болуы керек
2.6 Студент дипломдық жұмыстың тақырыбын бекітілген тақырыптарға сәйкес тандайды.
Студентке дипломдық жұмыстың тақырыбын бекітілген тақырыптарға сәйкес емес орындауға мүмкіндік береді.Бұл кезде студент кафедраға нақты дәлелдеме көрсетеді,мекеменің берілген тақырыбы бойынша хаттама керек.
Сыртқы бөлімде оқитындарға өндірістік жағдайға байланысты дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға мүмкіндік береді.
2.7 Дипломдық жұмыстың тақырыбы студентке түлектік курстың жыл басындаберіліп,жоғарғы оқу орнының ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Диплом алды тәжрибе біткен соң дипломдық жұмыстың тақырыбы керегінше өзгертуге, айқындауға,дұрыстауға шығарушы кафедраның тиісті жолдамасы болса мүмкіндік береді.
