Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Referat1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163.84 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

М.АУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы : Полимерлердің түзілу және бұзылу механизмі. Акрилонитрилдің гетерофазада полимерленуі

Орындаған : Саттаров.А.С

Тобы : ХТ – 13 – 6ка2

Қабылдаған: Идирисов М.Д

Шымкент 2015 ж

Жоспар

  1. Полимерлердің алыну әдістері

  2. Полимерлеудің түрлері

  3. Полимерлеу тетігі

  4. Полимерлеудің жай заттардан абзалдығы және қолдану аймағы

Полимерлердің түзілу және бұзылу механизмі. Акрилонитрилдің гетерофазада полимерленуі

Органикалық қосылыстардың функционалдық топтары, мономердің функционалдылығы. Полимерлену. Тізбектік полимерлену процесінің жалпы заңдылықтары. Радикалдық және ионды тізбектік полимерлену. Механизмі, негізгі сатылары және процестің заңдылықтары. Циклдық қосылыстардың полимерленуі, сатылы полимерлену. Қоса полимерлену. Қосарланған полимер-блоктарын және екпелі қосарланған полимерлердің алынуы. Осы процестердің механизмдері және заңдылықтары. Полимерлену әдістері.

Поликонденсациялану. Тең және теңсіз поликонденсацияланудың ерекшеліктері, механизмі және заңдылықтары. Поликонденсациялану реакцияларының типтері. Сызықтық және торлы полимерлердің алыну шарттары. Біріккен поликонденсациялану. Поликонденсацияланудың орындалу шарттары. Талшық тәріздес полимерлер алу үшін поликонденсациялану мысалдары.

Полимерлерді қайта өңдеудің физикалы-химиялық негіздері. Талшықтардың ерітіндіден және балқымадан алыну ерекшеліктері. Шикізаттың негізгі түрлері және көздері. Пластмассалардың құрамы: толтырғыштар, пластификаторлар, стабилизаторлар, майлағыш заттар, бояғыштар. Пластмассалардың, олардан жасалатын композициялық материалдар мен бұйымдардың сапасын жақсарту жолдары.

Полиолефиндер. Полиэтилен, оның жоғары, төмен және орта қысымда алынуы. Олардың технологиялық өндірілу процестерінің ерекшеліктері. Полипропилен. Полипропиленнің технологиялық өндірілу процестерінің ерекшеліктері. Этилен мен пропиленнің біріккен полимерлері. Полипропиленнің қасиеттері және қолданылуы. Полиизобутилен, оның қасиеттері және қолданылуы. Полистирол. Құрылымы, қасиеттері және қолданылу аймақтары. Пенополистирол. Стиролдың біріккен полимерлері. Қанықпаған көмірсутектердің галогентуындыларының полимерлері. Поливинилхлорид, винипласт, фторопластар, өндірілуі, қасиеттері және қолданылуы. Полиакрилаттар. Акрилаттардың өндірілу ерекшеліктері. Органикалық шыны. Полиакрилонитрил. Акрилаттардың қасиеттері, қайта өңделуі және қолданылуы. Поливинилацетат. Полвинилацетаттың өнеркәсіптік алыну әдістері. Поливинил спирттің полимер аналогтық өзгерістерінің ерекшеліктері. Поливинилацетальдар, олардың қасиеттері және қайта өңделуі.

Фенолформальдегидтік шайырлар және олардың негізіндегі пластмассалар. Конденсацияның заңдылықтары, шайырлардың өндірілуі, қасиеттері және олардың пайдаланылу аймақтары. Аминдіальдегидтік шайырлар және олардың негізіндегі пластмассалар. Мочевинаның, меламиннің формальдегидпен әрекеттесу ерекшеліктері. Полиамидтер. Полиамидтер алу үшін бастапқы заттар. Полиамидтердің жіктелуі. Полиамидтердің қасиеттері, қайта өңделуі және қолдану аймақтары. Полиуретандар. Полиуретандардың алыну ерекшеліктері. Полиуретандардың қайта өңделуі және қолданылуы. Күрделі полиэфирлер. Күрделі полиэфирлер алу үшін шикізат. Күрделі полиэфирлердің түзілу заңдылықтары. Полиэфирлер өндірісі процестерінің теориялық негіздері. Қанықпаған полиэфирлер. Полиэфирмалеинаттар, полиэфиракрилаттар синтезінің технологиялық процестері. Қанықпаған полиэфирлер негізіндегі қабатты пластиктер, пенопластар және поропластар, желімдеуші композициялар. Ароматты, алифатикалық және циклоалифатикалық эпоксидтік олигомерлердің өндірісі. Эпоксидтік полимерлер негізіндегі шыныпластиктер, құюшылар, лактар, пенопластар және поропласттар. Қайта өңдеу әдістерінің жіктелуі. Қалдықтарды қайта өңдеу.Қазiргi уақытта табиғи материалдармен қатар, синтетикалық полимерлердiң маңызы да арта түсуде. қажеттi бастапқы өнiмдер мен процестi жүргiзу шарттарын таңдау, бағытталған синтезiн жүргiзе отырып, алдын ала белгiлi құрылым мен қажеттi қасиеттер жиынтығына ие жоғары молекулалық қосылыстарды алуға болады. Сонымен қатар полимерлену дәрежесiн, полидисперстiлiгiн, тармақталуын, буындар конфигурациясы мен жалғану тәртiбiн реттеуге болады.

Полимерлердi синтездеудiң екi негiз тәсілi бар: полимерлену және поликонденсация. Одан басқа, соңғы жылдары модифика-циялау реакциясы деп аталатын, полимерлердiң молекулалық құрылымын өзгерту есебiнен олардың қасиеттерiн өзгертуге мүмкiндiк беретiн химиялық реакциялар кеңiнен қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]