8.3.5 Тұқымдастық – Семейство: Итбалықтар – Тюленьи – Phocidae
Каспий
итбалығы – Каспийский тюлень или нерпа
- Phoca caspica Gmelin, 1788.
Мерзімдік
қоныс аударады (8.3.5.1-сурет). Жыл бойы
белсенді. Каспийде тараған. Сулы орта
тұрғыны; демалысқа аралдарды, жағалауларды,
мұздарды пайдаланады. Негізгі азықтары
– кәсіптік емес балықтар, жамбас
жүзгіштер, шаяндар, моллюскалар.
Ұрғашылары 1, кейде 2 бала табады. Май
көзі, тері шикізаты ретінде теңіздің
кәсіптік нысанасы.
8.3.6 Тұқымдастық –Семейство: Мысықтар – Кошачьи – Felidae
Қабылан
– Гепард - Acinonyx jubatus Schreber, 1776.
Қазақстанда
1 түршесі бар: A.j.raddei – каспий қабыланы
– каспийский гепард (8.3.6.1-сурет).
Күшіктерін емізген кезеңде тұрғылықты,
ал қалған уақытта көшіп жүреді. Жыл бойы
белсенді. Маңғыстауда және Үстіртте
таралған. Әртүрлі типті шөлдерде
мекендейді. Қарақұйрықтармен, киіктермен,
қояндармен, құм тышқандармен, құстармен,
қоректенеді. Ұясында 2-4 күшігі бар.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Қамыс
мысығы – Камышовый кот – Felis chaus
Guldenslaedt, 1776.
Қазақстанда
1 түршесі бар - F.ch.chaus(8.3.6.2-сурет). Тұрғылықты
аңдар. Жыл бойы белсенді. Еділдің
атырауларында тараған. Тоғайда және
қамыста мекендейді. Кеміргіштермен,
қояндармен, құстармен қоректенеді.
Жылына бір рет көбеюге қатысады, ұясында
3-4 күшік бар. Бағалы терілі аңшылық
нысанасы.