Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биоресурс Айым.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.83 Кб
Скачать

сы қандай? Олар қазақстанда қалай таралған? Азия жалпаққұлақты жарқанаттары немен қоректенеді, қалай көбейеді?

18.Қазақстанда ергежейлі жарқанаттың болу статусы қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған? Ергежейлі жарқанаттар немен қоректенеді, қалай көбейеді?

19. Қазақстанда тоғай жарқанаттарының болу статусы қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған? Тоғай жарқанаттары немен қоректенеді, қалай көбейеді?

20. Қазақстанда жерорта теңізі жарқанатының болу статусы қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған? Жарғақты жарқанаттар немен қалай қоректенеді, қалай көбейеді?

21. Қазақстанда жарғақты жарқанаттың болу статусы қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған? Жарғақты жарқанаттар немен қоректенеді, қалай көбейеді?

22. Қазақстанда кіші кешкі жарқанаттың болу статусы қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған? Кіші кешкі жарқанаттар немен қоректенеді, қалай көбейеді?

23. Қазақстанда қызғылт жарқанаттың болу статусы қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған? Қызғылт жарқанаттар немен қоректенеді, қалай көбейеді?

24. Қазақстанда кәдімгі жарқанаттың болу статусы қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған? Кәдімгі жарқанаттар немен қоректенеді, қалай көбейеді?

25 Қазақстанда шөл жарқанаттарының болу статусы қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған? Шөл жарқанаттары немен қоректенеді, қалай көбейеді?

26. Қазақстанда бобринский жарқанатының болу статусы қандай? Олар қазақстанда қалай таралған? Бобринский жарқанаттары немен қоректенеді, қалай көбейеді?

27. Қазақстанда гоби жарқанатының болу статусы қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған? гоби жарқанаттар немен қоректенеді, қалай көбейеді?

28. Қазақстанда қос түсті жарқанаттың болу статусы қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған? Қос түсті жарқанаттар немен қоректенеді, қалай көбейеді?

29. Қазақстанда кеңқұлақты жарқанаттың болу статусы қандай? Олар Қазақстанда қалай таралған? Кеңқұлақты жарқанаттар немен қоректенді, қалай көбейеді?

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар:

Әдебиеттерді оқыңыз: «Книга генетического фонда фауны Казахской ССР». Часть 1. Позвоночные животные. – Алма-Ата, 1989; монографиялар: «млекопитающие Казахстана». – Алма-Ата, 1969. Т.1.Ч.1., 1977.Т.1.Ч.2., 1978.Т.1.Ч.3., 1980.Т.2., 1981. Т.3.Ч.1., 1982.Т.3.Ч.2., 1983.Т.3.Ч.3., 1984.Т.3.Ч.4., 1985.Т.4; оқулықтар: Есжанов Б., Беркінбай О., Нұрғазы Қ. «Жалпы териология». – Алматы, 2010; Беркінбай О., Есжанов Б., Ташенов Б.Ж. «Териология» . – Алматы, 2008, Беркінбай О., Есжанов Б., Ташенов Б.Ж., Құлманова Г.Ә. «Қазақстан құстары мен аңдарының биологиясы». – Алматы, 2008, 2010.

8.3 Отряд. Жыртқыштар – Хищные – Canidae

Жанат тәрізді ит – Енотовидная собака – Nyctereutes procyonoides Gray, 1834.

Қазақстанда бір түршесі бар. N.p.ussuriensis (8.3.1.1-сурет) - уссурия жанат тәрізді иті. Тұрғылықты аңдар, қыста ұйықтайды. Еділ атырауларында және Каспий жағалауларында Еділден Жайыққа дейін таралған. Батпақталған ойпаттарда және бұта және қамыс өскен су қоймаларының жағалауларында мекендейді. Майда жануарлармен, сондай-ақ өсімдік тектес азықтармен қоректенеді (азық талғамайды). Жылына бір рет 2-ден 15-ке дейін, көбінесе 6-8 күшік туады. Бағалы терілі аң нысанасы. Құстардың ұяларын бұзып аңшылық шаруашылығына зиян келтіреді.

Шүйебөрі немесе шуылдақ – Шакал – Canis aureus Linnaeus, 1758.

Қазақстанда бір түршесі бар – C.a. aureus (8.3.1.2-сурет). Азық жеткіліксіз болғанда мерзімдік және алысқа қоныс аударады. Жыл бойы белсенді. Сырдария, Сарысу, Шу, Іле, Ырғыз, Торғай, Еділ өзендерінің жайылмаларында таралған. Көл. Өзен, канал, арықтардың бойында өскен тоғайларда және қамыстарда мекендейді. Кеміргіштермен, қояндармен, құстармен және басқа майда жануарлармен, өлескелермен, өсімдік тектес азықтармен қоректенеді. Жылына бір рет көбейеді, інінде 4-7, орташа есеппен 5 күшік бар. Кәсіби аңшылық маңызы бар. Ауыл шаруашылығына зиян келтіреді.эпидемиологиялық маңызы бар.

Қасқыр – Волк – Canis lupus Linnaeus, 1758.

Қазақстанда 4 түршесі бар: C.l.altaicus – сібір орман қасқыры – сибирский лесной волк (8.3.1.3- сурет); C.l.campestris – дала қасқыры – степной волк ; C.l.desertorum – шөл қасқыры – пустынный волк; C.l.chanco – тибет қасқыры – тибетский волк. Тұрғылықты аңдар, кейбір тұяқтылардың соңынан қоныс аударады. Жыл бойы белсенді. Еліміздің барлық аумағында таралған. Ормандарда, тауларда, далаларда, шөлдерде мекендейді. Тұяқтылармен, қояндармен, кеміргіштермен, құстармен, үй жануарларымен қоректенеді. Жылына бір рет көюейеді; апанында 2-12, көбінесе 5-6 бөлтірік бар. Кәсіби аңшылық маңызы бар. Мал шаруашылығына зиян келтіреді. Құтырықпен ауырады.

Қарсақ – Корсак – Vulpus corsac Linnaeus, 1768.

Қазақстанда 3 түршесі бар: V.c.corsac - қазақ қарсағы – казахстанский корсак; V.c.kalmykorum - қалмақ қарсағы - калмыцкий корсак; V.c.turkmenicus – түркістан қарсағы – туркестанский корсак. Азықтары жетіспегенде тұрақсыз және мерзімдік қоныс аударады. Жыл бойы белсенді. (8.3.1.4-сурет). Таулардан басқа еліміздің барлық аумақтарында таралған. Далаларда, щөлейттерде, орманды далаларда мекендейді. Кеміргіштермен, құстармен, бауырмен жорғалаушылармен, жәндіктермен және өлекселермен қоректенеді. Жылына бір рет көбейеді, індерінде 2-10, көбінесе 4-5 күшік болады. Бағалы терілі аңшылық нысанасы. Құтырықпен және етқоректілер обасымен ауырады.

Түлкі – Лисица – Vulpes vulpes Linnaeus, 1758.

Қазақстанда 4 түршесі бар: V.v.kazakhstanica – қазақстан түлкісі – казахстанская лисица; V.v.karagan - қараған – караганка; V.v.diluta - дала немесе құм түстес түлкі - степная, или светлая, лисица (8.3.1.5-сурет); V.v.ochroxantha – тянь- шань түлкісі –тянь – шаньская лисица. Азықтары жетіспегенде мерзімдік және басқа қоныс аударулары болады. Жыл бойы белсенді. Бүкіл елімізде таралған. Далаларда, шөлдерде, ормандарда, тауларда мекендейді. Кеміргіштермен, қояндармен, құстармен, өлекселермен, сиректеу өсімдік тектес азықтармен қоректенеді. Жылына бір рет көбейеді; інінде 1-12, көбінесе 5-6 жәутік болады. Құтырықпен, етқоректілер обасымен, топалаңмен және басқалармен ауырады.

Қызыл қасқыр – Красный волк – Cuon alpinus Pallas, 1811.

Қазақстанда бір түршесі бар - C.c.hespericus – тянь шань қызыл қасқыры – тянь-шаньский красный волк (8.3.1.6-сурет). Кеңінен қоныс аударады; жыл бойы белсенді. Тянь-Шаньда, Жетісу Алатауында, Тарбағатайда, Сәуірде, Алтайда таралған. Таулардың тұрғыны. Негізгі азықтары – жабайы тұяқтылар. Жылына бір рет көбейеді, апанында 3-9; көбінесе 5 бөлтірік бар. Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.