Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Производст практика 4 сокр ВТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135.68 Кб
Скачать

Студенттің міндеттері

  • Кәсіпорын субъектісінің жұмыс тәртібін сақтауға;

  • жұмыс орындарында берілген жұмысты өздігінен орындауға, оның нәтижесі үшін жауап беруге;

  • белгілі тәртіппен күнделік жүргізуге, оны тәжірибе жетекшісіне күн сайын тексеріске және қол қоюға беруге;

  • тәжірибе нәтижесі туралы белгілі қосымшаларымен оқу орнына жазбаша түрде есеп беруге.

Мамандық бойынша жұмыс бағдарламасын құрастыру бойынша нұсқаулар (оқушылар үшін)

Бағдарламада көрсетілген тақырыптық жоспар және жұмыс мазмұны үлгі болып келеді. Сондықтан тәжірибе өтетін ұйымдарда, фирмаларда, кәсіпорын субъектілеріндегі ерекшеліктер есебінде тәжірибенің жұмыс бағдарламасын құрастыру қажет. Егер тәжірибе бағдарламасының жеке пунктері оқушымен орындалмаса, бұл мәселелер жұмыс бағдарламасынан алынып тасталынады. Осы мәселелерге жұмсалған уақытты басқа тақырыптарды терең меңгеруге мақсатты пайдаланған жөн. Бұл жағдай есепте жазбаша дәлелденуі қажет.

Жұмыс бағдарламасында студенттер орындайтын тәжірибелік жұмыс түрлерін ұйыммен немесе кәсіпорын субъектісімен жүзеге асырылып жатқан әрекеттер сипатына сәйкес түзеткен жөн. Егер де қандай да бір себептермен өзгерістер пайда болған жағдайда, ол тәжірибе бағдарламасында белгіленуі қажет.

Жұмыс бағдарламасында әр тақырып бойынша жұмысты орындаудың күнтізбелік мерзімі, кәсіпорын субъектісі белгіленуі қажет.

Жұмыс бағдарламасы циклдық комиссия отырысында қаралып, тәжірибе жетекшілерімен келісіліп (мақұлданып), оқу орнының директорымен немесе оның оқу-ісі жөніндегі орынбасарымен бекітіледі.

Тәжірибе есебіне қойылатын талаптар

Тәжірибе аяқталған соң 2 түрлі есеп өткізіледі:

  1. Тәжірибе күнделігі

  2. Тәжірибе бойынша есеп

Күнделікте тәжірибені өту үрдісі кезінде студенттің орындаған жұмыстары жазылады және бағаланады.

Есеп студент тәжірибеден өткен ұйымның құрылымы мен қызметіне талдау жасалуы қажет:

  1. Ұйымның толық әрі нақты атауы

  2. Ұйым құрылымы және ұйымның негізгі қызметтік бағыттарына сипаттама

  3. Студен тәжірибеден өткен ұйым бөлімінің негізгі қызметтік бағыттарын және кәсіпорын құрылымындағы жеке қызметіне сипаттама

  4. студент өзі қатысқан нақты жобаға (зерттеуге) сипаттама, талдау және баға беру, студент қызметінің мазмұны

  5. Болашақта колледж студенттерінің осы ұйымда тәжірибеден өту алғышарттарына баға беру

  6. Ұйымдағы басқарушылардың аты-жөні және колледж студенттерінің диплом алдындағы тәжірибені өтуі бойынша келісуге болатын қызметкерлердің аты-жөні, мекен-жайы, телефондары, электрондық почталары

Есепті рәсімдеу ережелері

Тәжірибе бойынша есеп әр студенттің тәжірибеден өту сапасын бағалауға арналған негізгі құжат болып табылады. Есеп мазмұны тәжірибенің бағдарламасына сай келуі керек.

Есеп техникалық түрде сауатты өңделу қажет.

Есепке студенттің тәжірибеде жинаған барлық материалдары және күнделігі қоса өткізіледі.

Есепті құру барысында:

  1. мәтінді қысқа, техникалық түрде сауатты баяндау;

  2. үрдістердің сипатталуын мүмкіндігінше программалық өнім ретінде беру;

  3. соңғы нәтижелер көрініп тұру үшін цифрлық кестелерді жүйеленген түрде көрсету қажет.