- •4 Қысқартылған вт-т тобының
- •1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша
- •2015-2016 Оқу жылы
- •1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша 4 қысқартылған вт-т тобының
- •2015 – 2016 Оқу жылы
- •Түсініктеме хат
- •Тәжірибе базалары
- •Мамандық бойынша тәжірибенің ұйымдастырылуы
- •Тәжірибе жетекшісінің міндеттері
- •Студенттің міндеттері
- •Мамандық бойынша жұмыс бағдарламасын құрастыру бойынша нұсқаулар (оқушылар үшін)
- •Тәжірибе есебіне қойылатын талаптар
- •Есепті рәсімдеу ережелері
- •Ұсынылатын есеп құрылымы
- •Есепті рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •Есеп мазмұны және оны қорғау
- •Өндірістік-технологиялық тәжірибенің тақырыптық бағдарламасы
2015 – 2016 Оқу жылы
Бағдарламаны «Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК оқытушылары Мукушова Г.К., Амренова А.Е., Аубакирова М.Ж., Ахметкалиев Д.С. әзірледі.
Арнайы пәндер циклдық комиссиясы-1 отырысында қарастырылды.
Хаттама №____ «__» _________________2015 ж.
Циклдық комиссия төрайымы __________Л.А.Мукушева
Арнайы пәндер циклдық комиссиясы-2 отырысында қарастырылды.
Хаттама №____ «__» _________________2015 ж.
Циклдық комиссия төрайымы __________Г.К.Мукушова
Түсініктеме хат
Өндірістік-технологиялық тәжірибе – теориялық оқытуды аяқтау кезеңінің бірі. Өндірістік-технологиялық тәжірибенің мақсаты – оқушы білімін бекіту, тереңдету және жүйелеу.
Тәжірибе міндеттері болып:
Теориялық білімді бекіту, толықтыру және тереңдету;
Практикалық тәжірибеге ие болу;
Біліктілік мінездемесіне сәйкес негізгі кәсіптік іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
Тәжірибені өту нәтижесінде білім алушы
білуі керек:
- қауіпсіздік техникасы ережелерін;
- кәсіпорын құрылымын;
- кәсіпорында есептеуіш техникасы құралдарының бар болуын және құрамын;
- кәсіпорынның желілік құрылымын;
- кәсіпорынның бағдарламамен қамтамасыз етілуін;
- ақпараттарды өңдеудің технологиялық үрдісін.
істеуі керек:
- сайттар, интернет - қосымшалар құруды;
- ақпараттарды өңдеудің автоматтандырылған жүйесін құруды;
- техникалық құжаттарды рәсімдеуді;
- өндірістік - технологиялық тәжірибенің өтуі туралы есеп беруді құруды.
Тәжірибе базалары
Мамандық бойынша тәжірибе базасын таңдауда есепке алу керек:
Тәжірибе бағдарламасын жүзеге асыру мүмкіндігінің болуы;
Тәжірибелік дағды алуда көмек көрсететін білікті мамандардың болуы.
Мамандық бойынша тәжірибенің ұйымдастырылуы
Тәжірибе бағдарламасын ұйымдастыру және орындау жауапкершілігін тәжірибе жетекшісі артады. Бағдарламаның жеке курсы мен бөлімдері бойынша оқушылар тәжірибесіне жетекшілік ету бөлім басшыларымен, жетекші мамандармен жүзеге асырылады. Тәжірибенің бірінші күні оқушы ұжыммен, тәжірибе жетекшісімен бірлесе отырып тәжірибе өтудің күнтізбелік-тақырыптық жоспарын құрастырады, бөліммен атқарылатын барлық жұмыс түрлерімен танысады.
Жоспарда жұмыс орындары, жұмыс мазмұны мен орындалу мерзімі көрсетіледі.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар бекітілгеннен кейін екі данада шығарылып, бір данасы оқу орнында, ал екіншісі тәжірибеші жұмысы үшін қалдырылады.
Тәжірибе жетекшісінің міндеттері
Кәсіпорын субъектілері тәжірибешілерді жұмыс орындарымен және қажетті тәжірибелік материалдармен қамтамасыз етеді. Бұйрықпен тәжірибе жетекшісі тағайындалады. Оның міндеті тәжірибеге жалпы жетекшілік ету:
әр жұмыс орнында білікті мамандар арасынан жетекшілерді таңдау және олардың тәжірибешілермен жұмыс істеуін қадағалау;
студенттерді жұмыс орындары бойынша бөлу;
студенттің жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасау: оларды орналастыру, тәжірибелік материал алуына көмектесу, консультациялар ұйымдастыру;
студент-тәжірибешінің қызмет тәртібіне, өндірістік тәжірибе жоспарын орындау қатынасына қойылатын талаптарды орындау;
тәжірибеші жұмысы туралы қысқаша сын-пікір құрастыру. Сын-пікірде оқушының тәжірибе бағдарламасын орындауы, оның жұмысқа қатынасы, еңбек тәртібі, өндірістік дағдыны игеруі белгіленеді.
Тәжірибе жетекшісі жұмыс орындарында оқушы инструктажын жүргізеді, тәжірибешілердің жұмысты орындауы мен тәртіп сақтауына тікелей жетекшілік етіп, үнемі бақылау жасайды.
