Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус СДВ каз 5 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
298.5 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК

КАФЕДРА БАЛАЛАР СТОМАТОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ БЕТ-ЖАҚ ХИРУРГИЯ

СИЛЛАБУС

Пәні: Балалар жасындағы стоматология

Пәннің коды: ПДО 04

Мамандық: 5В130200 – «Стоматология»

Оқу сағаттарының көлемі – 405

Оқыту курсы мен семестрі: 5 курс, 9 семестр

Ақтөбе, 2015

Оқытушылар туралы мәліметтер:

1. Жаналина Бахыт Секербековна – кафедра меңгерушісі, м.ғ.д.. Медициналық стаж – 32 жыл, педагогикалық стаж – 28 жыл. 110 ғылыми жұмысы бар.

2. Жолдасова Нургул Жанабаевна – кафедраның оқу-ісінің меңгерушісі, м.ғ.к., доцент. Медициналық стаж – 10 жыл, педагогикалық стаж – 10 жыл. 35 ғылыми жұмысы бар.

3. Маратова Динара Жумабаевна – медицина ғылымының магистранті, кафедра ассистенті. Медициналық стаж – 7 жыл, педагогикалық стаж – 7 жыл. 6 ғылыми жазбалары бар.

4. Дейнега Диана Александровна – кафедра ассистенті. Медициналық стаж – 5 жыл, педагогикалық стаж – 2 жыл. 5 ғылыми жазбалары бар.

5. Утепов Анарбек Хамбарович – кафедра ассистенті. Медициналық стаж –6 жыл, педагогикалық стаж – 2 жыл. 3 ғылыми жазбалары бар.

Байланыс ақпараты: Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 76, тел. 8 (7132) 56 49 76

Пәннің саясаты – пәнді оқу барысында оқушыға қойылатын талаптар. Пәннің саясаты силлабуста айтылған және де келесі бөлімдерді көрсетуі тиіс:

- Оқу процесінің ұйымдастырылуы

- Оқу процесін ақпаратты қамтамасыз ету

- Аудиториялы сабақтарды және СӨЖ өткізуге қойылатын талаптар

- Оқушыларға талаптар

Оқу процесінің ұйымдастырылуы

- кафедра оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады;

- оқу процесін жүргізудің түрлерін жетілдіреді;

- оқу кестесін оқу бөлімімен және офис тіркеушімен бірге келістіреді;

- студенттерді оқу-әдістемелік құжаттардың барлық түрлерімен қамтамасыз етеді;

- клиникалық базамен тығыз байланыста жұмыс жасайды және тәжірибелік сабақтарды тақырыпқа сай науқаспен қамтамасыз етеді;

- қызметкерлер мен студентердің ғылими зерттеу жұмысын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасайды;

- қосымша білім қызметі үшін жағдайлар жасайды.

Оқу процесін ақпаратты қамтамасыз ету

- кафедрада және кітапханада силлабустар, анықтама-жүргізушілер, тәжірибелік сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулар, СӨЖ студенттерге электронды алып жүруде берілген;

- сабақтар, кеңес алу кестелері және басқа кафедраның шешімі бойынша кафедраның ақпаратты қабырғасында ілінген;

- оқушыларға уақытында рейтинг бағалары туралы ақпарат беру.

Аудиториялы сабақтарды және СӨЖ өткізуге қойылатын талаптар

- барлық аудиториялы және аудиториядан тыс сабақтар әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Оқушыларға талаптар

- тәжірибелік сабақтарға және дәрістерге міндетті түрде қатысуылары тиіс;

- киім формасы: ақ халат, бас киім, маска, ауыстыратын аяқ-киім, стационарда хирургиялық костюм;

- еңбек тәртібін сақтау;

- жіберіп алған сабақтар мен лекцияларды мідетті түрде қай та орындау;

- студенттер аралық конференцияларға қатысқандары үшін кафедра шешімі бойынша + 4 балл аралық рейтингке қосымша бонустар ретінде қосылады.

1. Кіріспе

Балалар дәрігер–стоматологы жоғары мамандандырылған білімі бар маман. Төтенше жағдайлар кезінде жедел көмек көрсетуге және тіс–жақ жүйесі аурулары бар балаларға емдік – диагностикалық көмек көрсетуге құқылы.

2.Пәннің мақсаты: болашақ дәрігер–стоматологқа тәжірибелік қызметін дайындау кезеңінде пәнді қамту үшін стоматологиялық аурулар мен тіс–жақ сүйегі аймағы патологияларының себептерін, клиникалық ағым ерекшеліктерін, диагностика әдістерін, емдеу әдістерін және реабилитация принциптері бойынша керекті білімді беру.

3. Оқыту міндеттері:

● беттің, бет сүйектерінің, ауыз қуысы мүшелерінің туа біткен патологияларын ажырата білу;

● балалар мен жасөспірімдерде парадонт және ауыз қуысы кілегей қабығы ауруларының диагностикасын жүргізу және емдеу жоспарын құрастыру;

● бет құрылымы жұмсақ тіндері мен сүйектерінің, ауыз қуысы мүшелерінің ісік және ісік тәрізді аурулардың әртүрлі нозологиялық түрлерін диагностикалық ажырату, балалар онкостоматологиялық проблемаларын тануды үйрету;

● балалар мен жасөспірімдерде самай–төменгі жақ аймағы жарақаттарын емдеу тактикасын дұрыс құрастыруды үйрету.

4. Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студенттің білуі қажет:

  • балалар жасындағы стоматологияның педиатриямен байланысын;

  • балалар мен жасөспірімдерде әртүрлі жастық кезеңдерде жақсүйек–бет аймағының анатомо-топографиялық және физиологиялық ерекшеліктерін;

  • балалардың психо-физиологиялық ерекшеліктерін;

  • балаларда әртүрлі жастық кезеңдердегі парадонт тіндерінің ауруларының жіктелуін, этиологиясын, клиникалық ағым ерекшеліктерін, емін;

  • балаларда әртүрлі жастық кезеңдерде ерін, тіл, ауыз қуысы кілегей қабаты ауруларының жіктелуін, этиологиялық факторларын, клиникалық ағым ерекшеліктерін, емін;

  • балаларда жақсүйек–бет аймағының қабыну ауруларының этиологиясын, патогенезін, жіктелуін, ағым ерекшеліктерін, емін;

  • балалар мен жасөспірімдерде жақсүйек пен жұмсақ тіндерінің, тістер жарақаттарының этиологиясын, патогенезін, жіктелуін, ағым ерекшеліктерін, емін;

  • балалар мен жасөспірімдерде самай-төменгі жақ буыны ауруларының этиологиясын, патогенезін, жіктелуін, клиникалық ерекшеліктерін, емін;

  • балалар мен жасөспірімдерде бет пен жақсүйектерінің ісік және ісік тәрізді түзілістерінің этиологиясын, патогенезін, жіктелуін, клиникалық ағым ерекшеліктерін, емдеуді жоспарлауды;

  • балаларда ауыз қуысы мүшелері мен жақсүйектері ақауларының статистикалық мәліметтерін, жіктелуін, даму себептерін, анатомо-функционалды өзгерістерін, ағым ерекшеліктерін, кешенді реабилитация принциптерін жоспарлау;

  • стоматологиялық аурулары бар балалардың ЕДШ негіздерін, логопедтік үйрету.

жасай білуі қажет:

  • стоматологиялық кірісу алдында баланың психо-эмоциональді жағдайының түрін анықтау;

  • жақсүйек-бет аймағының аурулары бар балаларды тексеру;

  • балаларда пародонт ауруларын диагностикалау және емдеу;

  • балаларда ауыз қуысы, тіл, ерін кілегей қабығының зақымдануы мен ауруларын диагностикалау және емдеу;

  • балалар мен жасөспірімдерде стоматологиялық кірісулер барысында жергілікті жансыздандыру түрін таңдап, жүргізе білу;

  • бет жарақатарының алғашқы хирургиялық өңдеуін жүргізу, тіс орнынан тайғанда репозицияны жүргізу, орнына бекіту;

  • стоматологиялық кірісу барысында кездесетін жалпы асқынуларға жедел көмек көрсету;

  • жастық ерекшеліктеріне, клиникалық көрініске қарай бет сүйегінің деформациясы бар балаларға кешенді емдеуді (ортодонттық және хирургиялық) жоспарлау;

  • науқаспен, оның туыстарымен, әріптестермен, басқа медициналық қызметкерлермен сенімді қарым-қатынас орнату;

  • дәрігер стоматологтың терапиялық және хирургиялық қабылдауда тіркеу-есептік құжаттарды толтыра алуы;

  • топта жұмыс істеу.

дағдыларды игеруі қажет:

  • баланы қарап тексеру және стоматологиялық аурудың алғашқы диагнозын анықтау;

  • балалар мен жасөспірімдерде пародонт ауруларын диагностикалау және емдеу;

  • балалар мен жасөспірімдерде тіл, ерін, ауыз қуысы кілегей қабатының зақымдануы мен ауруларын диагностикалау және емдеу;

  • балалар мен жасөспірімдерде бет–жақсүйек аймағындағы іріңді–қабыну ошақтарына дренаж қою;

  • балалар мен жасөспірімдерде уақытша және тұрақты тістердің жарақаттарын бекітіп, шендеу салу;

  • френулотомия, френулопластика операцияларын жүргізу;

  • туа біткен жоғарғы ерін мен таңдай бітіспеулері бар балалардың реабилитациясын жоспарлау;

  • шұғыл жағдайда жедел көмек көрсету (естен тану, коллапс, шок және т.б.)

5. Пререквизттер: қоғамдық денсаулық сақтау, эпидемиология, жалпы гигиена, фармакология, визуальді диагностика, балалар аурулары, инфекциялық аурулар, психология негіздері, коммуникативті дағдылары, стоматологиялық аурулардың алдын алуы, балалар жасындағы стоматология пропедевтикасы мен ортодонтия, ішкі аурулар, жүйке аурулары, оториноларингология.

Постреквизиттер: балалар жасындағы стоматология, ортодонтия, хирургиялық стоматология, терапиялық стоматология, ортопедиялық стоматология, стоматологиялық аурулардың физиотерапиясы, клиникалық фармакология.

6. Пәннің қысқаша мазмұны: Баланың антенатальді, нәресте, 1 жасқа дейінгі кезінде (беттің, жақ сүйектерінің, тістің қатты тіндер құрылымының қалыптасуы кезеңі) жақ–бет аймағы патологиялық процестері көрінісінің, ағымының, емдеу әдістерінің көп ерекшеліктері бар. Ана мен бала денсаулығына тұқым қуалаушылық факторлар әсерінен тұқым қуалайтын патология дамиды немесе көрініс береді; тістің қатты тіндерінің кариеске бейімділігі анықталады немесе тістің қатты тіндерінің даму ақаулары қалыптасады. Осыған байланысты дәрігер-стоматолог бала тістерінің қатты тіндеріне жүкті немесе төс сүтімен емізетін әйел ағзасы арқылы аурулардың алдын алуды; балалардың анатомиялық және физиологиялық жас ерекшеліктерін; аурудың алдын алуды, консервативті немесе хирургиялық ем міндеттерін айқындап, емдеу әдістерін таңдай білуі; уақытылы туа біткен ақауларды танып, тіс–жақ жүйесінің аномалиялары мен деформацияларының дамуының алдын алуды білуі тиіс.

Балалар дәрігер–стоматологы балаларды стоматологта диспансерлеудің қазіргі замаңғы принциптерін жақсы білуі керек, негізгі стоматологиялық аурулардың алдын алу шараларын жүргізе білуі, ауыз қуысын жоспарлы сауықтыру ерекшеліктерін сақтап, сауықтыруды талапқа сай сапалы жүргізу қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]