Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.4-тәжірибелік сабақ Стом каз 2015-16.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
277.65 Кб
Скачать

1. Тақырыбы: Липидтер алмасуы.

Липидтердің негізгі өкілдері және олардың ролі. Липидтердің қорытылуына қатысатын панкреатикалық және ішек сөлінің ферменттері. Липидтердің гидролиз өнімдерінің сіңірілуі. Липидтер алмасуындағы өт қышқылдарының ролі. Липидтер алмасуындағы бауырдың ролі. Ағзада хиломикрондар мен липопротеиндердің түзілуі және ролі.

2. Мақсаты:

Ағзадағы липидтер алмасуының бұзылыстарында қанның және зәрдің биохимиялық сараптамасының нәтижесін, сәйкес ұсынысы бар нұсқауларды түсіндіріп беруге үйрету

.

3.Оқытудың міндеттері:

Осы сабақ соңында студент білуі керек:

1)Липидтердің рөлі және липидтердің қорытылуының молекулалық механизмі, липидтердің қорытылу өнімдерінің сіңірілуі, өт қышқылының құрылысы мен рөлі,липидтер алмасуындағы әр түрлі тіндер мен ағзалардың рөлі, липидтердің тасымалдану түрлері-олардың құрамы мен рөлін білу

2) Осы тақырыптан алған білімдерінреквизитінен кейінгі және биохимияның басқа тақырыптарын оқып білуге пайдалану

3)Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдайларды шешу

4) Ағылшын және екінші тілде кәсіби коммуникацияға кіруге қабілеттеніп, тақырыптың негізгі терминдерінде пайдалану

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тағам липидтері, олардың жіктелуі мен маңызы (ағылшын немесе орыс тілінде)

2. Липидтердің қорытылуына қатысатын ас қорыту сөлдерінің ферменттері.

3.Өт қышқылының құрылысы мен рөлі

4. Ішек қуысында өтетін үрдістер.

5. Мицелла, құрамы, түзілуі және маңызы.

6. Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасының, бауырдың, май тінінің ролі.

7. Хиломикрондар, түзілуі, құрамы, ағзадағы өзгерістері.

8. Бауырдағы ТАГ және фосфолипидтердің синтезі.

9.Липопротеиндер– құрылысы мен рөлі

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

ауызша және жазбаша сұрау, жеке сұрақтарды мен глосарийді ағылшын және екінші тілде талқылауды енгізу, «Қан тамырішілік липолиз» видеофильмін шағын топтармен пікірталас,тест.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2.Плешкова С.М., Абитаева С.А., т.б. «Белоктар...». – Алматы, 2000 ж. – 3-36 б.

3. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 1Бөлім. Белоктар, ферменттер, витаминдер. – Алматы, 2009 ж.

Қосымша:

  1. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж. - 125-127; 167; 193-195; 798 б.

  2. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

  3. Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

Орыс тілінде:

1. Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.

2. Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009

3. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.

7. Бақылау

Дискуссия сұрақтары:

-өт қышқылдарының құрылысы және олардың липидтердің қорытылуы мен сіңірілуіндегі ролі.

-липопротеиндер, түрлері, құрамы, ағзадағы өзгерістері.

Жаттығулар:

  1. Глицерин мен үш стеарин қышқылының қалдығынан тұратын ТАГ формуласын жазыңыз.Қосылыстың атын атаңыз.Гидролиз реакциясын жазыңыз. Гидролизді қандай фермент катализдейді?

  2. Фосфатид қышқылы, химиялық табиғаты, оның пайдаланылу жолдары

  3. ФЛ синтезі үшін қандай липотропты заттар қажет?

  4. Мицелла, құрамы, маңызы

  5. Таурохоль, гликодезоксихоль жұп өт қышқылдарын жазыңыз.

  6. Өт қышқылдарының түзілуі және түзілетін орны

  7. Хиломикрондар мен липопротеидтердің құрамындағы ұқсастығы мен айырмашылығы

  8. Қандай ЛП атерогенді болады?

Жағдайлық есептер.

1. Ішек қабырғасында: моноацилглицерид, бос май қышқылдары, глицерин, өт қышқылдары бар. Осы қосылыстар қандай өзгерістерге ұшырайды?

2. Өкпеде хиломикрондардың құрамына кіретін триацилглицериндердің соңғы өнімге дейін тотығуы байқалған. Қандай қосылыстар түзілді? Бөлінген энергия қалай пайдаланылады?

3. Ағзада қандай май қышқылдары синтезделмейді және міндетті түрде тағаммен түсуі керек?

4. Мембрананың сұйық күйін қандай липидтер қамтамасыз етеді?

5. Арахидон қышқылынан қандай биологиялық белсенді заттар түзіледі?

6. Қандай биологиялық активті қосылыстың формуласы берілген?

7.Мына формула қандай қосылысқа тән?

  1. Он екі елі ішек қуысында өт қышқылдары жоқ. Бұл қандай жағдайға әкелуі мүмкін?

  2. Хиломикрондар мен липопротеидтердің құрамының ұқсастығы мен айырмашылығы.

  3. Қандай липопротеидтер "антиатерогенді" деп аталады және холестеринді тіндерден бауырға тасымалдайды?

11.Қандай липопротеидтер " атерогенді" деп аталады және холестеринің тіндерге өтуін қамтамасыз етеді?

12.β- мен- α-липопротеидтер қатынасы 3 тен үлкен.Бұл жағдай неге әкелуі мүмкін?

Тесттер:

    1. Адам ағзасындағы липидтер тұрады:

  1. спирттер мен жоғарғы дәрежелі май қышқылдарынан

  2. глицерин және бейорганикалық қышқылдарынан

  3. жай эфирлерден

  4. циклды спирттер мен қысқа тізбекті май қышқылдарынан

  5. глицерин және қысқа тізбекті май қышқылдарынан

    1. Липидтердің ағзадағы атқаратын қызметі:

  1. катализдік

  2. құрылымдық

  3. Эндогенді судың көзі

  4. Қорғаныстық

  5. жасушадағы энергия қоры 4 дұрыс жауапты табыңыз

    1. 100 грамм май тотыққан кезде түзілетін эндогенді су мөлшері:

  1. 107 г

  2. 20г

  3. 10г

  4. 50г

    1. Фосфолипидтерге жатады:

  1. фосфатидилинозитолдар

  2. кефалиндер

  3. лецитиндер

  4. фосфатидилсериндер

  5. моноацилглицериндер 4 дұрыс жауапты табыңыз

    1. Фосфолипидтер күрделі эфирлер:

  1. спирт, 2 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты бар зат

  2. спирт, 3 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты бар зат

  3. глицерин, 3 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты бар зат

  4. сфингозин, 3 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты бар зат

  5. спирт, 3 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты жоқ зат

    1. ФЛ-тің липотропты әсері – ол:

  1. бауырды майланудан қорғайды

  2. миокардті май басудан қорғайды

  3. липолизді күшейтеді

  4. липидтердің гидролизін күшейтеді

  5. ағзадан липидтердің шығуын тездетеді