Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.4-тәжірибелік сабақ Стом каз 2015-16.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
277.65 Кб
Скачать

2.Мақсаты:

Ферменттер туралы білімдерін энзимотерапия мен энзимді диагностиканың негізгі ұстанымын түсінуге, пайдалана білуге үйрету.

  1. Оқытудың міндеттері:

Осы сабақ соңында студент білуі керек:

  1. Ферменттердің әсер ету механизмі менжалпы қасиеттерін,ферменттердің активтілігіне әсер етуші факторларынбілу.

2) Ферменттердің әсер ету механизмі мен жалпы қасиеттері,ферменттердің активтілігіне әсер етуші факторлары туралы білімдерін биохимияның осы бөлімінің басқа тақырыптарын оқып білуге пайдалану

3) Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдайларды шешу

4) Тәжірибелік сабақтар орындау барысында операционды дағдыларын дамыту.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ферменттер, түсінік.

  2. Ферменттердің жалпы қасиеттері.

  3. Ферменттердің құрылысы. Жай (бір компонентті) және күрделі (екі компонентті) ферменттер. Ферментативті реакцияларындағы апофермент пен коферменттің ролі.

  4. Ферменттің активті орталығының құрылысы, оның ролі.

  5. Ферменттердіңәсер ету механизмі.

  6. Ферменттердің активтілігіне әсер етуші факторлар:

  7. Ферменттердің әсер етуінің реттелуі. Активаторлар мен ингибиторлар. Арнайлығы бар және арнайлығы жоқ эффекторлар.

  8. Бәсекелес және бәсекелес емес ингиберлеу. Мысал.

  1. Білім берудің және оқытудың әдістері:

ЖИГСО әдісі бойынша ауызша сұрау,блиц-сұрақ,жазбаша бақылау,шағын топтарда жұмыс жасау, PBL, TBL

  1. ЖИГСО әдісі бойынша жұмыс жасағанда топ 3-4 адамнан үш топшаға (шағын топшаларға) бөлінеді, әр топшаның әр студентіне тақырыптың сұрақтары беріледі. Әр студентке бір сұрақты дайындау үшін 2 минут уақыт беріледі, кейін топшаның ішінде тапсырмаларды талдау үшін тағы уақыт беріледі (15 минут). Содан соң оқытушы негізгі сұрақтар бойынша әр топшадан студентті шақырып, оған сұрақ қояды, бірақ оған алдын ала берген сұрақ емес, сол топшадағы басқа студентке қойылған сұрақты қояды. Яғни, топшаішілік дисскусия уақытында әр студент, педагог ролін атқара отырып, шағын топшалардың басқа мүшелеріне өзінің сұрағын түсіндіреді.

  2. №27, 30, 32 тәжірибелік жұмыстарын орындау, кесте толтыру. Орындалған жұмыс бойынша қорытынды жазу. Топ 3 топшаға бөлінеді. Әр топша бір жұмыстан орындауы тиіс.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2.Плешкова С.М., Абитаева С.А., т.б. «Белоктар...». – Алматы, 2000 ж. – 3-36 б.

3. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 1Бөлім. Белоктар, ферменттер, витаминдер. – Алматы, 2009 ж.

Қосымша:

  1. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж. - 125-127; 167; 193-195; 798 б.

  2. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

  3. Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

Орыс тілінде:

1. Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.

2. Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009

7. Бақылау

Тест:

1. Химиялық табиғаты жағынан ферменттер:

              1. көмірсулар

              2. ерекше қызметі бар белоктар

  1. ерекше қызметі жоқ белоктар

  2. бейорганикалық катализаторлар

  3. аминқышқылдары

2. Бейорганикалық катализаторлармен салыстырғанда ферменттер:

        1. активтену энергиясын бірден төмендетеді

        2. реакцияның бағытын өзгертпейді

        3. ферменттер жоғары арнайылылыққа ие

        4. қайтымды реакцияның тепе-теңдікке жету уақытын тездетеді

        5. реакция барысында жұмсалмайды

  1. Профермент-бұл:

  1. IV құрылымы бар ферменттер

  2. аллостериялық орталығы жоқ ферменттер

  3. бірнеше активті орталығы бар ферменттер

  4. ферменттің активсіз түрі

  5. ферменттердің молекулалық формасының бірі

4. Бір компонентті ферментінің активті орталығы қалыптасады:

  1. амин қышқылдарының функционалды топтарынан

  2. витаминдерден

  3. нуклеин қышқылдарынан

  4. әртүрлі металдардан

  5. моносахаридтерден

  1. Ферменттің активті орталығының субстраттық аймағы қамтамасыз етеді:

  1. субстратты тану және онымен байланысу

  2. ферменттің реакция өнімдерімен әрекеттесуін

  3. аллостерикалық орталығының түзілуін

  4. ферменттің әсер ету арнайылығын

  5. фермент-субстратты комплекс түзілуін

6. Ферменттің активті орталығының катализдік аймағы қамтамасыз етеді:

  1. ферменттің әсер ету арнайылығын

  2. катализдейтін реакцияның түрін

  3. ферменттің реакция өнімдерімен әрекеттесуін

  4. аллостериялық орталықтың түзілуін

  5. фермент-субстрат комплексінің түзілуін

7. Абсолютты субстраттық арнайылығы деп аталады, егер фермент:

  1. әр түрлі байланыстары бар субстраттардың тобына әсер етсе

  2. тек бір субстратқа ғана әсер етсе

  3. байланыс түрі бірдей бір топ субстраттарға әсер етсе

  4. төртіншілік структурасы болса

  5. изоферменттері жоқ болса

8. Салыстырмалы субстраттық арнайылығы деп аталады, егер фермент:

  1. әр түрлі байланыстары бар субстраттардың тобына әсер етсе

  2. тек бір ғана субстратқа әсер етсе

  3. байланыс түрі бірдей бір топ субстраттарға әсер етсе

  4. төртіншілік структурасы болса

  5. изоферменттері жоқ болса

  1. Оптималды температура дегеніміз не?

  1. Осы температурада қайтымсыз инактивация байқалады

  2. Осы температурада фермент ең жоғары белсенділік көрсетеді

  3. Осы температурада фермент өте төмен белсенділік көрсетеді

  4. Осы температурада қайтымды инактивация байқалады

  5. Осы температурада фермент белсенді емес болады

10. Фермент келесі температурада қайтымсыз инактивацияға ұшырайды:

  1. 0С

  2. -50С

  3. -40С

  4. 40С

  5. 100С

  1. Бәсекелес ингибирлену байқалады, егер субстрат пен ингибитор:

  1. ферменттің аллостерикалық орталығымен ұқсас келсе

  2. құрылыс жағынан бір-біріне ұқсас келсе және ингибитор ферменттің активті орталығымен байланысса

  3. активті орталықпен ұқсас болмаса

  4. ферменттің құрылысымен ұқсас болса

  5. ферменттің аллостерикалық орталығымен ұқсас болмаса

  1. Бәсекелес емес ингибирлену кезінде келесі комплекс түзіледі:

  1. фермент-субстрат

  2. фермент-ингибитор

  3. субстрат-ингибитор

  4. фермент-субстрат-ингибитор

  5. фермент-реакция өнімі

  1. Берілген қосылыстардың қайсысы СДГ-ның бәсекелес ингибиторы болып табылады?

  1. СООН-СН2-СООН

  2. СООН-СН2-СН2-СООН

  3. СООН-СО-СН3

  4. СООН-СН2-СН2ОН

  5. СООН-СН2-СН3

Блицұрақтар:

  1. Фермент дегеніміз не?

  2. Ферменттің активті орталығы қандай бөліктерден тұрады?

  3. Ферменттің активті орталығы дегеніміз не?

  4. Ферменттің аллостерикалық орталығы дегеніміз не?

  5. Ферменттің активті орталығының субстраттық аймағы неге жауап береді?

  6. Ферменттің активті орталығының субстраттық аймағы неге жауап береді?

  7. Кофермент дегеніміз не?

  8. Апофермент дегеніміз не?

  9. Холофермент дегеніміз не?

  10. Профермент дегеніміз не?

Ауызша талдауға арналған сұрақтар:

  1. Фермент дегеніміз не, ферменттің бейорганикалық катализаторлармен ұқсастықтары

  2. Фермент пен бейорганикалық катализаторлардың арасындағы айырмашылықтар.

  3. Ферменттердің құрылысының күрделілігі – бір компоненттіжәне екікомпонентті ферменттің активті орталығыныңқұрылысы.

  4. Изоферменттер туралы түсінік, мысалдар.

  5. Ферменттердің әсер ету қуаттылығы, өлшем бірлігі, мысалдар.

  6. Ферменттің әсер ету арнайылығы, мультиферменттік комплексті пируватдегидрогеназды комплекстің мысалында түсіндіру.

  7. Субстраттық арнайылықтың түрлері, түсінік, түрлері, мысалдар.

  8. Фермент активтілігіне температураның әсері.

  9. Фермент активтілігіне орта рН-ның әсері.

  10. Фермент активтілігіне фермент пен субстрат концентрациясының әсері.

  11. Бәсекелес ингибрлену, мысалдар.

12. Бәсекелес емес ингибрлену, мысалдар.

2 тақырып бойынша глоссарий

Қазақ тіліндегі терминдер

Ағылшын тіліндегі терминдер

Орыс тіліндегі терминдер

Ферменттер- табиғаты белоктық заттар болып келетін биологиялық катализаторлар, олар негізінен жасушаларда түзіліп, биохимиялық реакцияларды жылдамдатады

Enzymes are biological catalysts of protein’s nature. they are formed in the cells and catalyze the biochemical reactions

Ферменты – это биологические катализаторы белковой природы, образуются в основном в клетках и ускоряют биохимические реакции в них

Апофермент – екі компонентті ферменттің белоктық бөлігі, субстраттық арнайылықты арнайылықты қамтамасыз етеді.

Apoenzyme is a protein part of two-component enzyme which stipulates a substrate affinity (specificity)

Апофермент – белковая часть двухкомпонентного фермента, обуславливает субстратную специфичность

Кофермент – бұл екі компонентті ферменттің белок емес бөлігі, ол катализдік арнайылығын (әсер ету арнайылығын) қамтамасыз етеді, яғни бұл түрі реакцияны жылдамдатады

Coenzyme is non-protein part of two component enzyme which stipulates a catalytic activity of reaction

Кофермент – это небелковая часть двухкомпонентного фермента, которая обуславливает каталитическую специфичность (специфичность действия), то есть тип ускоряемой реакции

Субстратты арнайылық – ферменттің тек қана өзінің субстратымен әрекеттесу мүмкіндігі

Substrate specificity (affinity) is a capacity of enzyme to bind with substrate

Субстратная специфичность – это способность фермента связываться только со своим субстратом

Субстрат –бұл фермент әсер ететін зат

Substrate is a compound on which enzyme acts

Субстрат – это вещество, на которое действует фермент

Әсер ету арнайылығы – бұл ферменттің белгілі бір реакцияны жылдамдату қабілеті.

The catalytic specificity ia a capacity of enzyme to catalyze certain reaction

Специфичность действия – это способность фермента ускорять определенную реакцию

Катал–ферменттің қуатының өлшем бірлігі

Catal is a unit of measurement of power activity of enzymes

Катал – единица измерения мощности фермента

Мультиферменттікомплекс –бір субстратқа әсер етіп, оны жүйелі түрде және бір уақытта бірнеше реакциялар түрінде өзгерістерге ұшырататын ферменттер жүйесі

Multyenzymic complex is a complex of some enzymes which act on certain subsrate, but catalyze the specific reactions

Мультиферментный комплекс – это комплекс нескольких ферментов, действующих на одинаковый субстрат и ускоряющий специфические реакции с ним

Бәсекелес ингибирлену-ингибирленудің бұл түрінде, ингибитор мен субстраттың құрылыстары ұқсас болады да , екеуі де өзара ферментпен байланысуға бәсекелеседі.

Competitive inhibition is an inhibition when subsrate and inhibitor have the structural similarity and compete to each other for binding with enzyme

Конкурентное ингибирование – это тип ингибирования, при котором субстрат и ингибитор имеют структурное сходство и конкурируют между собой за связь с ферментом

3 Сабақ

1. Тақырыбы: Энергия алмасуы. Катаболизмнің арнайы жолдары, үшкарбон қышқылдарының циклі (ҮҚЦ реакцияларының реті). Биологиялық тотығу және осы үрдіске қатысатын ферменттер. Тыныс алу комплексі. Тотығудан фосфорлану.