- •3.Оқыту міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
- •6. Әдебиеттер:
- •Бақылау:
- •2.Мақсаты:
- •Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Білім берудің және оқытудың әдістері:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау
- •2. Мақсаты:
- •3. Оқыту міндеттері:
- •Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Білім берудің және оқытудың әдістері:
- •6. Әдебиеттер:
- •7.Бақылау
- •1. Энергия алмасуының сатылары (ретпен орналастырыңыз):
- •2. Лимон қышқылының циклі жүреді:
- •5. Қандай қышқыл үкц-де тотығудан декарбоксилденуге ұшырайды?
- •7. Субстраттан фосфорлану реакциясына үкц-де түседі:
- •13. Бт тізбегінде атф-тің түзілуі келесі нүктелерде болады:
- •14.Тотығудан фосфорлану дегеніміз:
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Оқыту әдістері мен құралдары:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау
- •1. Тақырыбы: Липидтер алмасуы.
- •2. Мақсаты:
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау
- •Холестериннен түзіледі:
- •Мембрана липидтерінің құрамындағы холестерин келесі рөл атқарады:
- •Адам ағзасындағы липидтердің құрамына кіретін бмқ-дар:
- •1. Тақырыбы: Жай белоктар алмасуы.
- •2. Мақсаты:
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
- •6. Әдебиеттер:
- •2.Мақсаты:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •3)Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдаяттарды шешу.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
- •1 Кесте – Көмірсулар алмасуына әсер етуші гормондар
- •6.Әдебиеттер:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау.
- •1.Тема: Сілекей биохимиясы
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері
- •6. Әдебиет:
- •Қосымша:
- •7.Бақылау
5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
1)ауызша сұрау (бір сұрақты топқа байланысты ағылшын, қазақ немесе орыс тілдерінің бірінде талдау), жазбаша сұрау,шағын топта жұмыс жасау ЖИГСО әдісі.
Шағын топтарда жұмыс (үш тілде терминдерді жазу, квантталған мәтінді жасау),
дискуссияны өткізу, қан сары суының белоктар фракцияларының пайыздық мөлшерін есептеу және алынған нәтижелерін талдау, оқу-ғылыми жағдаяттарды жасау, НОЛ .
ЖИГСО әдісі бойынша шағын топтарда жұмыс (үш тілде терминдерді жазу, квантталған мәтінге тесттік тапсырмаларды жасау немесе кестені толтыру), немесе бейнефильм және кейін ол бойынша дискуссияны өткізу, немесе жұптағы жұмыс - қан сары суының белоктар фракцияларының пайыздық мөлшерін есептеу және алынған нәтижелерін интерпретациялау.
№1 кесте. Қан плазмасының белоктары, маңызы, диагностикалық мағынасы
Белоктар, өкілдері |
Қалыпты жағдайдағы мөлшері |
Патологиядағы өзгерістер |
Альбуминдер
|
35-45 г/л (55-60%)
|
Қан ұюы барысында жоғарылайды; бауыр, бүйрек ауруларында, күйікте, қан кеткеннен кейін төмендейді. |
Глобулиндер |
20-30 г/л |
|
Альфа1-глобулиндер |
0-5% |
Өткір қабынулар кезінде жоғарылайды. |
Альфа-2глобулиндер |
5-10% |
Өткір қабынулар кезінде жоғарылайды. |
Бета-глобулиндер |
10-15% |
Созылмалы қабынулар кезінде жоғарылайды. |
Гамма-глобулиндер
|
15-20%
|
Инфекциялық үрдістен кейін, созылмалы қабынулар кезінде жоғарылайды. |
Фибриноген |
3-5 г/л |
Жедел фаза белогі. Сонымен бірге, тромбоздар кезінде жоғарылайды. |
2 кесте. АЦИДОЗДАР мен АЛКАЛОЗДАР
АЦИДОЗ |
АЛКАЛОЗ |
||
Респираторлы |
Метаболиттік |
Респираторлы |
Метаболиттік |
Недостаточность кровообращения, недостаточность внешнего дыхания, избыточное поступление О2. В крови повышение СО2 |
Избыточное образование кислых метаболитов (кетоновых тел, лактата), недостаточное выведение кислот, потеря оснований, избыточное поступление кислот. В крови повышение [H+]. |
Гипервентиляция, гипокапния. В крови понижение СО2. |
Избыточное введение щелочных веществ, рвота (потеря НСI желудочного сока) , повышение секреции или введение ГКС. В крови повышение [ОH-]. |
Электрофореграмма түрлерімен белок фракцияларын есептеу бойынша жұппен жұмыс
Белок фракцияларын есептеу бойынша жұппен жұмыстың ережесі
Студенттер екі адамнан бірігіп, белок фракцияларының мөлшері (%) бойынша есеп жүргізеді, электрофореграмма түрлерін пайдаланып, нормамен салыстырады, диспротеинемия сипаты бойынша қорытынды жасайды. Белок фракцияларын анықтау нәтижелері төмендегі кестеге толтырылады:
-
Фракция
Қалыпты
Электрофореграмма
Экстинкция
%
Экстинкция
%
Альбуминдер
0,174
60 (50-65)
Глобулиндер
0,012
4,1 (3-5)
0,022
7,6 (6-10)
0,030
10,3 (10-15)
0,052
18,0 (15-20)
Жиыны
0,290
100
Альбуминдердің пайыздық құрамын төмендегідей үлгіде есептейді:
0,290 – 100%
0,174 - Х%, Х=0,174х100/0,290=60%
Басқа қалған белоктардың фракцияларының пайыздық құрамын осыған ұқсас есептейді
Электрофореграммалардың түрлері:
1 түрі – жедел қабыну үрдісі: α1- және α2-глобулиндердің мөлшері жоғарылайды. Бұл пневмонияның алғашқы сатысында, жедел полиневриттерде, экссудациялық туберкулезде, жедел түрдегі жұқпалы ауруларда, сепсисте, кең аймақты миокард инфарктінде байқалады.
2 түрі – созылмалы қабыну: β- және -глобулиндердің мөлшері артады. Бұл жағдай пневмонияның соңғы сатысында, созылмалы өкпе туберкулезінде, созылмалы эндокардитте, холециститте, пиелитте байқалады.
3 түрі – нефротикалық симптомакомлексі: альбуминдердің мөлшері кенет төмендейді, ал -глобулиндердің мөлшері аздап төмендейді, α2-глобулиндердің мөлшері артады. Мұндай электрофореграмма нефрозда, нефросклерозда, жүкті әйелдердің токсикозында, өкпе туберкулезінің соңғы сатысында, кахексияда байқалады.
4 түрі – қатерлі ісіктерде: альбуминдердің мөлшері төмендейді, барлық глобулиндердің, әсіресе, β-глобулиндердің мөлшері артады. Метастаздар кезінде (метастаза беру – біріншілік ісік ошағынан алыс жатқан түрлі органдар мен тіндерде ісік өсуінің жаңа ошақтарының пайда болуы) байқалады.
5 түрі – гепатиттерде: альбуминдердің мөлшері төмендейді, осыған сәйкес -глобулиндердің мөлшері жоғарылайды, кейбір кезде β-глобулиндердің мөлшерінің артуы да байқалады. Бұл жағдай гепатиттерде бауырдың улы заттармен зақымдануы кезінде, гемолиздік үрдістерде, полиартриттердің, дерматиттердің кейбір түрлерінде, лейкемия және қан жасау органдарының, лимфоаппараттарының қатерлі өспелерінде байқалады.
6 түрі – бауыр циррозында: альбуминдердің мөлшері төмендейді, -глобулиндердің мөлшері жоғарылайды. Әр түрлі бауыр циррозында, коллагенозда кездеседі.
7 түрі – механикалық сарғыштануда: альбумин мөлшері төмендейді, α1- глобулиннен басқа глобулиндердің барлық түрлерінің мөлшері артады. Обтурациялық сарғыштану кезінде байқалады.
ФУНКЦИОНАЛЬНОЕ И ДИАГНОСТИЧЕСКОЕ ЗНАЧЕНИЕ ОТДЕЛЬНЫХ ФРАКЦИЙ БЕЛКОВ
Фракциялар |
Функционалдық маңызы |
Диагностикалық маңызы |
Альбуминдер |
1) Ронк, 2) БМҚ, билирубинді, дәрілерді, гормондарды, иондарды тасымалдау. |
↓ бауыр ауруларында (↓синтез), бүйрек ауруларында. (↑шығарылу)=>ісіну, улану құбылыстары |
Альфа-глобулиндер |
Мыс пен липидтерді тасымалдау, протеаз Ing (ингибиторы). |
↑жедел қабынуда |
Бета-глобулиндер |
Темір мен липидтерді тасымалдау |
↑созылмалы қабынуда |
Гамма-глобулиндер |
Гуморальды иммунитет |
↑ аутоиммунды үдерістерде, инфекцияда, созылмалы қабынуда. ↓ иммундық тапшылықта |
Гиперлипопротеинемиялардың түрлері
(D. Fredrickson және басқалары) бойынша
Дислипопротеинемияның түрі және аталуы |
Генетикалық дефект |
Липидтер алмасуының өзгерістері |
І түрі - гиперхиломикронемия |
Липопротеинлипазаның, С ІІ апобелоктың құрылыстарының бұзылуы |
Қанда ХМ мен ТӨТЛП жоғарлаған, ТАГ мөлшері күрт жоғарлаған.Бұл жағдайдың клиникалық көрінісі: ксантоматоз. |
ІІ түрі- гипер-β-липопротеинемия
|
ТТЛП рецепторларының дефекті немесе апобелок В-100 генінің мутациясы.
|
ІІа-түрінде: қанда ТТЛП, холестерин мөлшері жоғарлаған.
ІІб-түрінде:қанда ТТЛП мен ТӨТЛП, холестерин мен ТАГ мөлшері жоғарылаған. Клиникалық көріністері: атеросклероз, жиі жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) дамиды. |
ІІІ түрі-дис- β-липопротеинемия
|
ТӨТЛП-нің ТТЛП-ге айналуының бұзылуы. |
Қан сары суында құрамында холестериннің мөлшері күрт жоғарылаған липопротеиндердің пайда болуы. Клиникалық көріністері: атеросклероз, ЖИА және аяқтың қан тамырларының зақымдануы. |
IV түрі- гипер-преβ-липопротеинемия
|
Генетикалық гетерогенді аурулар тобы. Гиперинсулинемия себебінен ТӨТЛП көп түзілуі. |
Қанда ТӨТЛП, ТАГ мөлшерлерінің көбеюі, аздаған гиперхолестеринемия. ХМ болмайды. Клиникалық көріністері: қантты диабет, семіру, ЖИА. |
V түрі- гипер-преβ-липопротеинемия мен гиперхиломикронемия
|
Генетикалық гетерогенді аурулар тобы. Гиперинсулинемия себебінен ТӨТЛП көп түзілуі. |
Қанда ТӨТЛП, ТАГ мөлшерлерінің көбеюі, аздаған гиперхолестеринемия. ХМ болады. Клиникалық көріністері: ксантоматоз, жасырынды (скрытый) қантты диабет. |
С ІІ апобелок – липопротеинлипазаның активаторы, қанда ТЖЛП-дан ХМ-дар мен ТӨТЛП-ге тасымалданады.
Апобелок В-100 – ТТЛП мен ТӨТЛП-дің негізгі белогы, жасушалардағы ТТЛП-нің рецепторларымен байланысады
