Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.4-тәжірибелік сабақ Стом каз 2015-16.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
277.65 Кб
Скачать

6.Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2012 ж.

Орыс тілінде:

  1. Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.

  2. Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009

Қосымша әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы. 2 Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі.

Орыс тілінде:

  1. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.

  2. Плешкова С.М. и др. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии. Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.

  3. Клиническая биохимия учеб.пособие под ред Ткачук В.А. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008

7.Бақылау

Тест түріндегі тапсырмалар

1. Кальцитонин синтезделетін без

1.қалқанша безі

2.ұйқы безі

3.қалқанша маңы безі

4.тимус

5.гипофиз

2. Науқаста гиперкальциемия байқалады. Қайсы гормонның синтезінің жетіспеуінен?

1.тироксин

2.альдостерон

3.паратгормон

4.кальцитонин

5.кальцитриол

3. Паратгормон әсерімен сүйек тінінде цитрат жинақталады. Ол сүйектерден кальцидің сыртқа шығуын жүзеге асырады. Бұл жағдайда паратгормон әсерімен қандай үрдіс ингибирленеді?

1.гликолиз

2. Кребс циклі

3.пентозофосфатты цикл

4.глюконеогенез

5.гликогенолиз

4. Науқастың сынған қолы жазылмауда. Сынықтың орнына келуін жылдамдататын қандай гормонды ұсынуға болады?

1.тироксин

2.альдостерон

3.паратгормон

4.кальцитонин

5. Глюкокортикостероидтар тездетеді:

1. тироксиннің трийодтионинге айналуын

2. инсулиннің ингибирленуін

3. бауырдағы соматомединдердің синтезін

4. норадреналиннің адреналинге метилденуін

5. амин қышқылдарының декарбоксилденуін

6. Төмендегі гормондардың қайсысы қабынуға және аллергияға қарсы әсер көрсетеді:

1. катехоламиндер

2. инсулин

3. жыныс гормондары

4. глюкокортикостероидтар

5. минералокортикостероидтар

7.Гипергликемия, аминқышқылдары, БМҚ мөлшерінің артуын қай гормонның әсерімен түсіндіруге болады:

1. инсулиннің

2. кортизолдың

3. альдостеронның

4. тестостеронның

5. вазопрессиннің

8. Адреналин синтезделеді:

1. гипофиздің алдыңғы бөлігінде

2. гипофиздің артқы бөлігінде

3. қалқанша безінде

4. бүйрек үсті безінінің милы қабатында

5. ұйқы безінің Лангерганс аралшығында

9. Норадреналин:

1. қандағы Са 2+ мөлшерін жоғарылатады

2. гипогликемия тудырады

3. қан тамыры ішілік липолизді күшейтеді

4. артериалдық қысымды арттырады

5. ас қорыту жүйесінің ферменттерін секрециялайды

10. Адреналин:

1. қандағы Са2+ мөлшерін төмендетеді

2. қандағы Са2+ мөлшерін жоғарылатады

3. гипогликемияны тудырады

4.гипергликемияны тудырады

5. катаболикалық процестерді тездетеді

2 дұрыс жауапты табыңыз

11. Адреналин әсер етеді:

1. үшінші механизм бойынша

2. екінші механизм бойынша

3. ядролық рецептор арқылы

4. аденилатциклаза арқылы

5. ц-ГМФ арқылы

12. Адреналиннің -рецепторы орналасады:

1. бауырда

2. шеткі тамырлардың тегіс бұлшық еттерінде, ішекте

3. миокардта

4. сүйек тінінде

5. ми тінінде

3 дұрыс жауапты табыңыз

13. Инсулин өзінің негізгі әсерін тигізеді:

1. анаболикалық реакцияларды жоғарылату арқылы

2. май тінінде липолизді стимулдеу арқылы

3. БМҚ бетта-тотығудан күшейту арқылы

4.жасушаларға глюкозаның тасымалдануын

5. жасушаның бөлінуін арттыру арқылы

3 дұрыс жауапты табыңыз

14. Инсулин рецепторлары болмайды:

1. бауырда

2. май тінінде және бүйректе

3. жүректе

4. нерв жасушаларында және хрусталикте

5. эритроциттерде

2 дұрыс жауапты табыңыз

15. Қантты диабет гипергликемиямен сипатталатын, келесі гормонның синтезі жеткіліксіз болуынан дамиды:

1. глюкагон 2. тиротропин 3.инсулин 4. окситоцин 5. тироксин

7 тақырып бойынша глоссарий

Термин на русском языке

Термин на английском языке

Термин на казахском языке

Инсулин – гормон белковой природы, образуется в бета-клетках островков Лангерганса поджелудочной железы, вызывающий понижение уровня глюкозы в крови

Insulin is a hormone of protein nature which is formed in beta-cells of pancreas and causes the decrease of glucose level in the blood

Инсулин-табиғаты белок болып табылатын гормон, ұйқы безінің Лангерганс аралшықтарының бета-жасушаларында түзіліп, қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуіне әкеледі.

Контринсулярные гормоны (глюкагон, соматотропный гормон, глюкокортикоиды, катехоламины) – гормоны, повышающие уровень глюкозы в крови

Contra-insular hormones (glucagon, growth hormone, glucocorticoids, catecholamines) are hormones increasing the level of glucose in blood

Контринсулярлы гормондар (глюкагон, соматотропты гормон, глюкокортикоидтар, катехоламиндер)- қандағы глюкоза деңгейін жоғарылататын гормондар.

Глюкагон – пептидный гормон альфа-клеток островков Лангерганса поджелудочной железы, повышает уровень глюкозы в крови преимущественно за счет усиления глюконеогенеза из глицерина

Glucagon is a peptide hormone of alfa-cells of pancreas, increasing the level of glucose in blood due to the gluconeogenesis from glycerol

Глюкагон- пептидтік гормон, ұйқы безінің Лангерганс аралшықтарының альфа-жасушаларында түзіліп, көбінесе глицериннен глюконеогенез күшеюі есебінен қандағы глюкоза деңгейінің жоғарлауына әкеледі.

Адреналин и норадреналин (катехоламины) – производные тирозина, образуются в мозговом слое надпочечников, повышают уровень глюкозы в крови за счет преимущественно гликогенолиза

Adrenalin and noradrenalin (catecholamines) are tyrosine derivatives which are formed in medullar layer of adrenal glands. They increase the level of glucose in blood due to glycogenolysis

Адреналинменнорадреналин (катехоламиндер)- тирозиннің туындылары, бүйрек үсті безінің милы қабатында түзіледі, көбінесе гликогенолиз есебінен қандағы глюкоза деңгейінің жоғарлауына әкеледі.

Глюкокортикоиды – стероидные гормoны пучковой зоны коры надпочечников, повышают уровень глюкозы в крови преимущественно за счет глюконеогенеза из аминокислот

Glucocorticoids are steroid hormones of zone fasciculatae of adrenal cortex. They increase the level of glucose of blood due to gluconeogenesis from aminoacids

Глюкокортикоидтар – бүйрек үсті безінің қыртыс қабатының шоғырлы аймағының стероидтыгормoндары, көбінесе амин қышқылдарынан глюконеогенез күшеюі есебінен қандағы глюкоза деңгейінің жоғарлауына әкеледі.

Соматотропный гормон – гормон-простой белок, который образуется в передней доле гипофиза, обладает двухфазным действием на уровень глюкозы – кратковременным инсулиноподобным (первые 30 минут) и долговременным диабетогенным (стимулирует образование глюкагона) действием

Growth hormone is a hormone of protein nature which is formed in adenohypophysis. This hormone possesses 2-phase effect on the level of glucose: short time action, 30min (insulin like) and long-time effect (diabetogenic or stimulates the glucagon formation)

Соматотропты гормон- гормон-жай белок, гипофиздің алдыңғы бөлігінде түзіледі, глюкоза деңгейіне екі сатылы әсер етеді- қысқа уақыт инсулинтәрізді (алғашқы 30 минут) және ұзақ уақыт диабетогенді (глюкагонның түзілуін стимулдейді) әсер көрсетеді.

Соматомедины – пептиды, образующиеся под действием соматотропного гормона в печени, обладают инсулиноподобным действием

Somatomedins are peptides forming in the liver under action of growth hormone. They have an insulin like action

Соматомединдер—бауырда соматотропты гормонның әсерінен түзілетін пептидтер, инсулинтәрізді әсер етеді.

Сахарный диабет – хроническое эндокринное заболевание, характеризующееся повышением уровня глюкозы в крови, жаждой, полиурией и полифагией

Diabetes mellitus is a chronic endocrine disease, characterizing by hyperglycemia, polyuria, polyphagia

Қантты диабет—созылмалы эндокриндік ауру, қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауымен, шөлдеу, полиурия және полифагиямен сипатталады.

Инсулинзависимый сахарный диабет – сахарный диабет, связанный с недостаточностью инсулина

Insulin-dependent diabetes mellitus is associated with insufficiency of insulin

Инсулинтәуелді қантты диабет- инсулин жетіспеушілігімен байланысты қантты диабет.

Инсулиннезависимый сахарный диабет – сахарный диабет, связанный с нарушением рецепторов к инсулину (инсулинорезистентностью)

Insulin-independent diabetes mellitus is associated with insulin-resistance

Инсулингетәуелсіз қантты диабет- инсулиннің рецепторларының бұзылуымен (инсулинрезистенттілікпен) байланысты қантты диабет .

8 Сабақ.

  1. Тақырыбы: Қан биохимиясы. Қан плазмасының химиялық құрамы. Қан плазмасындағы органикалық және бейорганикалық заттардың қалыпты мөлшері. Қалыпты жағдайдан ауытқу себептері.

  2. Мақсаты:

Студенттерде қан плазмасының негізгі органикалық және бейорганикалық компоненттері туралы және биологиялық сұйықтықтардан олардың мөлшерін анықтаудың диагностикалық маңызы туралы білім қалыптастыру.

  1. Оқыту міндеттері:

Студенттер осы сабақтан кейін тиіс:

  1. Қанның негізгі қызметтері мен құрамын, қан плазмасының химиялық құрамын және оның қан сары суынан айырмашылығын; органикалық және бейорганикалық құрам бөліктерінің қалыпты мөлшерін, олардың патология кезінде ауытқуын білу.

  2. Постреквизиттер мен биохимияның басқа тақырыптарын оқу барысында аталған тақырыптан білімдерін қолдана білуі.

  3. Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдаяттарды шешу.

  4. Ағылшын және екінші тілде кәсіби коммуникацияға кіруге қабілеттеніп, тақырыптың негізгі терминдерінде пайдалану

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қан плазмасының химиялық құрамы, оның қан сарысуынан айырмашылығы;

  2. Қан плазмасының белоктары, маңызы, өкілдері, қасиеттері, қалыпты мөлшері және патология кезінде өзгерістері. (1 кесте)

  3. Электрофорез әдісі арқылы белок фракцияларын алу. Электрофорез әдісінің принципі. Электрофореграмманың түрлері (жедел қабыну, созылмалы қабыну, гепатиттер, нефриттер).

  4. Гипер-, гипо-, дис- және парапротеинемия туралы түсініктер және олардың пайда болу себептері, түрлері.

  5. Қанның қалдық азоты (мочевина, несеп қышқылы, креатин, креатинин,билирубин), қалыпты жағдайдағы мөлшері, химиялық табиғаты, оларды анықтаудың диагностикалық маңызы.

  6. Гиперазотемияның түрлері және оның пайда болу себептері.

  7. Қан плазмасының азотсыз органикалық құрамдас бөліктері, өкілдері, олардың химиялық табиғаты, қалыпты мөлшері, патология кезіндегі өзгеруі.

  8. Қан плазмасының бейорганикалық заттарының рөлі.

  9. Қанның буферлік жүйесі. Ацидоз, алкалоз жағдайындағы бикарбонатты буфер жұмысы.

  10. Ацидоз, алкалоз, түрлері, пайда болу себептері (2 кесте).

  11. Натрий, калий, хлор – қалыпты жағдайдағы мөлшері, рөлі, қоры, қалыптан ауытқу себептері. Қандағы натрий мен калий мөлшерін реттейтін гормондар.

  12. Кальций мен фосфор – қалыпты жағдайдағы мөлшері, рөлі, қоры, көзі, қалыптан ауытқу себептері. Қандағы кальций мен фосфор мөлшерін реттейтін гормондар.