- •3.Оқыту міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
- •6. Әдебиеттер:
- •Бақылау:
- •2.Мақсаты:
- •Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Білім берудің және оқытудың әдістері:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау
- •2. Мақсаты:
- •3. Оқыту міндеттері:
- •Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Білім берудің және оқытудың әдістері:
- •6. Әдебиеттер:
- •7.Бақылау
- •1. Энергия алмасуының сатылары (ретпен орналастырыңыз):
- •2. Лимон қышқылының циклі жүреді:
- •5. Қандай қышқыл үкц-де тотығудан декарбоксилденуге ұшырайды?
- •7. Субстраттан фосфорлану реакциясына үкц-де түседі:
- •13. Бт тізбегінде атф-тің түзілуі келесі нүктелерде болады:
- •14.Тотығудан фосфорлану дегеніміз:
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Оқыту әдістері мен құралдары:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау
- •1. Тақырыбы: Липидтер алмасуы.
- •2. Мақсаты:
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау
- •Холестериннен түзіледі:
- •Мембрана липидтерінің құрамындағы холестерин келесі рөл атқарады:
- •Адам ағзасындағы липидтердің құрамына кіретін бмқ-дар:
- •1. Тақырыбы: Жай белоктар алмасуы.
- •2. Мақсаты:
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
- •6. Әдебиеттер:
- •2.Мақсаты:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •3)Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдаяттарды шешу.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
- •1 Кесте – Көмірсулар алмасуына әсер етуші гормондар
- •6.Әдебиеттер:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау.
- •1.Тема: Сілекей биохимиясы
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері
- •6. Әдебиет:
- •Қосымша:
- •7.Бақылау
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
биологиялық химия Кафедрасы |
||
БИОХИМИЯДАН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР «СТОМАТОЛОГИЯ»мамандығы, ІІ КУРС |
||
МАМАНДЫҒЫ: 5В130100- «СТОМАТОЛОГИЯ»
КАФЕДРА: БИОЛОГИЯЛЫҚ ХИМИЯ
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
КУРС: 2
ПӘН: БИОЛОГИЯЛЫҚ ХИМИЯ
ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: Жетпісбай Д.Ш.
Алматы, 2015
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №1 « » тамыз 2015 ж.
Бекітілді
Кафедра меңгерушісі, профессор ____________________________ Шарипов К.О.
№ 1 Сабақ
1.Белоктар. Белоктардың атқаратын қызметтері. Белоктардың жалпы қасиеттері. Зертханалық жұмыстар: белоктарға түсті реакциялар (№1,2,3а,7а), тұнбаға түсіру реакциялары (№10,12,13,14). Қауіпсіздік техникасының ережелері.
2.Мақсаты:
1. Биохимиялық зертханада жұмыс жасау барысында студенттерді қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру.
2.Белоктардың атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері мен әртүрлі белоктардың рөлі туралы білімдерін биохимияның басқа да бөлімдерін меңгеруге, оқу-ғылыми жағдайларды шешуге пайдалана білуге үйрету.
3.Оқыту міндеттері:
Осы сабақ соңында студент білуі керек:
Белоктардың атқаратын қызметтерін және жалпы қасиеттерін білу.
Белоктардың жалпы қасиеттері және олардың функциялары туралы алған білімдерін жай және күрделі белоктардың жеке өкілдерін талдағанда қолдану.
Денатурация механизмдерін түсіну және денатурациялаушы агенттерді медицина мен стоматологияда қолдану үшін белоктардың жалпы қасиеттері және олардың функциялары туралы білімдерді қолдану.
Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдаяттарды шешу.
Биохимиялық зертханада жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасы сұрақтары арқылы құқықтық құзырлылықты қалыптастыру.
Тәжірибелік жұмыстарды орындау барысында операциональды дағдыны меңгеруі.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Қауіпсіздік техникасының ережелері.
Белоктардың атқаратын функциялары (атап шығыңыз).
Белоктардың жалпы қасиеттері.
элементтік құрамының ұқсас болуы
жоғары молекулалық массасының болуы;
белоктардың белгілі бір пішінде болуы және көлемінің үлкен болуы;
ыдырау өнімдерінің ұқсастығы;
белок молекуласындағы байланыс түрлері және олардың белок молекуласын тұрақтандыруға қатысуы;
белоктарға түсті реакциялар: жалпы және жеке амин қышқылдарына арналған реакциялар. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы (№1, 2, 3а, 7а).
белоктардың амфотерлік қасиеті. Орта рН-ының белок зарядына әсері.
8) белоктардың коллоидты қаситтері. Белоктың ерітіндідегі тұрақтылығы, тұрақтылық факторлары.
9)тұнбаға түсу реакциялары және белоктардың тұздалуы (№10, 12, 13,14).
10) осы реакциялардың медицинадағы маңызы.
11) белок молекуласының құрылымдары (структуралары). Денатурация, ренатурация.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
1) Қауіпсіздік техникасымен таныстыру,
2) Блиц- сұрақ (әр студентке бір сұрақтан қойып отыру арқылы)
3) Ауызша талдау, келесі сұрақтар бойынша:
а)Белок молекуласындағы байланыстар түрі және олардың белок молекласыда тұрақтылығын сақтау мақсатындағы қызметі (1 кесте).
б)Белоктарға түсті реакциялар: жалпы және жеке аминқышқылдары үшін. Бұл реакциялардың медицинадағы маңызы.
в)Белоктардың амфотерлік қасиеттері. Белок зарядына орта рН әсері. (төмендегі 1,2,3 жаттығуларды орындау арқылы талдау).
г)Белоктардың коллоидтық қасиеттері. Ерітіндідігі белоктардың тұрақтылығы, тұрақтылық факторлары.
д)Белоктарды тұнбаға түсіру реакциялары мен тұздалуы.
е) Бұл реакциялардың медицинадағы маңызы.
ж) Белок молекулаларының құрылымы (2 кесте). Денатурация, ренатурация.
Белоктардың амфотерлік қасиеттері бойынша жаттығулар:
Белоктың жалпы формуласы
осы белок қандай қасиетке
ие? рН= 4,7; 7,0; 10 шамаларына тең болғанда,
белок заряды қандай болады? Осы белоктың
құрамына кіретін амин қышқылдарын
анықтаңыздар.
Белоктың жалпы формуласы
Осы белок қандай қасиетке
ие? ИЭН-сі қай ортада? Нейтрал ортада
заряды қандай? Осы белоктың құрамына
кіретін амин қышқылдарын анықтаңыздар.
Белоктың жалпы формуласы
Осы белок қандай қасиетке
ие? рН-тың мәні қай шамада бұл бейтарап
болады. Осы белоктың құрамына кіретін
амин қышқылдарын анықтаңыздар.
4) тест тапсырмаларын орындау;
5) зертханалық жқмыстарды орындау: белоктарға түсті реакциялар (№1, 2, 3а, 7а); тұнбаға түсу реакциялары және белоктардың тұздалуы (№10, 12, 13,14).
6)дискуссия.
Кестелерді толтыру:
№1 кесте «Белок молекуласындағы байланыстар түрлері»
Байланыс аты, оған сипаттама |
Қалай байланыс түзіледі? |
Мысал келтіру (формуламен көрсету) |
Пептидтік (ковалентті, берік) |
Бірінші АҚ-ң СООН тобы мен екіншінің NH2 тобы есебінен |
|
Дисульфидтік (ковалентті, берік) |
2 цистеиннің тиотоптары тотығуы есебінен |
|
Сутектік (ковалентті емес, әлсіз) |
Пептидтік байланысқа қатысатын пептидтік топтардың оттек пен сутектегі артық зарядтары есебінен |
|
Иондық (ковалентті емес, әлсіз) |
Диссоцияланған МАДҚ СООН тобы менДАМҚ NH2 тобының арасында |
|
Гидрофобтық (ковалентті емес, әлсіз) |
Заряды жоқ көмірсутектік радикалдарының есебінен |
|
№2 кесте БЕЛОК МОЛЕКУЛАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ (СТРУКТУРАЛАРЫ)
Белок молекуласының құрылымдары |
Осы структураны тұрақтандыратын байланыс түрлері
|
Осы құрылым арқылы анықталатын белоктың негізгі қасиеттері
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
