- •Кафедра - биологиялық химия
- •3.Дәріс тезистері
- •4.Иллюстрациялы материалдар:
- •5.Әдебиеттер:
- •Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
- •Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
- •Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •Днқ құрылымдары.
- •3.Дәріс тезистері:
- •4.Иллюстрациялы материалдар:
- •5.Әдебиеттер:
- •Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
- •Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
- •Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •3.Дәріс тезистері
- •4 Сатысы – тотығудан фосфорлану (тф ).
- •4.Иллюстрациялы материалдар:
- •5.Әдебиеттер:
- •Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
- •Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
- •Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
- •6.Қорытынды сұрақтар:
- •3.Дәріс тезистері:
- •5.Әдебиеттер:
- •Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
- •Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
- •Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •3.Дәріс тезистері
- •4.Иллюстрациялы материалдар:
- •5.Әдебиеттер:
- •Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
- •Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
- •Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
- •6.Қорытынды сұрақтар:
5.Әдебиеттер:
Негізгі:
Қазақ тілінде:
1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.
2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2012 ж.
3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.
4.Плешкова С.М., Өмірзақова К.К., Абитаева С.А. «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы, 2006.
5.Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж.
6.Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.
Орыс тілінде:
1.Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.
2.Северин Е.С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009
3.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия», М., Медицина, 2004 г.
4.Вавилова Т.П. «Биохимия тканей и жидкостей полости рта», М., «ГЭОТАР-Медиа», 2012 г.
5.Боровский Е.В., Леонтьев В.К. «Биология полости рта», М., «Медицинская книга», 2001 г.
Қосымша әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы
1Бөлім. Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер.
2Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі.
3Бөлім. Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы.– Алматы, 2009 ж.
3.Биохимия пәнінен студенттердің өздігінен дайындалауына арналған тест сұрақтары – Алматы, 2007
4.Сейтембетов Т.С. Биохимия сұрақтары мен жауаптары - Алматы, 2011
Орыс тілінде:
1.Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.
2.Плешкова С.М. и др. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии
Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
3.Клиническая биохимия учеб.пособие под ред Ткачук В.А. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008
4.Кольман А., Рем К.-Г.»Наглядная биохимия»,М., БИНОМ, 2011
6.Бақылау сұрақтары:
1. Заттар алмасуының сатылары.
2.ММЖ жасушаларында гемоглобин қандай қосылысқа дейін ыдырайды?
3.Тікелей билирубин қайда және қалай түзіледі?
4. Өт, нәжіс, зәр пигменттерін атаңыз.
5. Қан сарысуындағы билирубиннің қалыпты мөшері.
6.Сарғыштанудың түрлері.
№ 5 дәріс
1.ТАҚЫРЫБЫ: Гормондар. Гормондардың жіктелуі. Гормондардың әсер ету механизмдері туралы түсінік. Нейроэндокриндік реттелу туралы түсінік.
2.МАҚСАТЫ: Гормондар, жіктелуі. гормондардың әсер ету механизмдері, заттар алмасуының нейроэндокриндік реттелуі туралы түсінік беру.
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:
Гормондар дегеніміз не?
Гормондардың химиялық табиғаты бойынша жіктелуі.
Гормондардың әсер ету механизмдері туралы түсінік.
Нейроэндокриндік реттелу туралы түсінік.
3.Дәріс тезистері
Гормондар- негізінен эндокриндік бездерде түзілетін, қанға, лимфаға, жасушааралық сұйықтыққа бөлінетін, рецепторлар арқылы нысана-жасушаларға әсер етіп, заттар алмасуын реттейтін биологиялық активті заттар.
Гормондардың жіктелуі
Гормондар химиялық табиғаты бойынша 3 топқа бөлінеді.
I. Белокты-пептидті гормондар
1) Жай белокты гормондар (инсулин, өсу гормоны, ЛТГ, паратгормон)
2) Гормондар –күрделі белоктар (ТТГ, ФСГ, ЛГ)
3) Полипептидті гормондар (глюкагон, АКТГ, МСГ, кальцитонин, вазопрессин, окситоцин)
Гормондардың кейбіреулері белсенді емес туындылардан-прогормондардан (мысалы, инсулин және глюкагон) түзіледі.
II. Амин қышқылының туындылары болатын гормондар (тироксин, трийодтиронин, адреналин, норадреналин).
IІI. Стероидты гормондар – холестерол туындысы (кортикостероидтар, жыныс гормондары: ерлер, әйелдер).
Гормондардың бұл үш негiзгi тобынан басқа гормоноидтар бар. Оларға эйкозаноидтар (простагландиндер, тромбоксандар, лейкотриендер, липооксигендер), Д витамині, А витамині, гистамин, серотониндер, ас қорыту жолдарының гормондары, т.б. жатады.
Гормондарға арнайылық тән – заттар алмасуының белгілі бір түрін реттеу қабілеті. Көмірсулар алмасуын реттейтін гормондар (инсулин, глюкагон, адреналин и норадреналин, СТГ, ГКС); фосфор-кальций алмасуын (кальцитонин, паратгормон); су алмасуын (натрий-уретикалық фактор, вазопрессин); натрий-калий алмасуын (минералокортикостероидтар) және т.б. реттейтін гормондар.
Гормондардың әсер ету механизмдері туралы түсінік.
Гормондардың әсер ету механизмін үш топқа бөлуге болады.
I. Біріншілік механизм: жасуша ішілік ферменттер мен белоктардың активтілігін фосфорлау, дефосфорлау арқылы өзгертеді.
ІІ.Екіншілік механизм: липофильді гормондар жасуша ядросына түсіп, транскрипцияны күшейтеді, сәйкесінше белоктар немесе ферменттердің синтезін арттырады.
ІІІ. Үшіншілік механизм: плазмалық мембрананың өткізгіштігін өзгерту арқылы субстраттардың жасушаға түсуін арттырады және жасушаішілік ферменттердің активтілігін фосфорлау арқылы өзгертеді.
І-шi механизм бойынша белокты-пептидтік гормондар және катехоламиндер әсер етеді. Олар өз әсерін жасуша iшiлiк «делдалдар» (екіншілік мессенджерлер) арқылы береді. Екіншілік мессенджерлерге цАМФ, цГМФ, Са2+); инозитолтрифосфат және диацилглицерин жатады.
ІІ-ші механизм арқылы стероидты және тиреоидты гормондар әсер етеді.
ІІІ-ші механизм арқылы инсулин әсер етеді..
Нейроэндокриндік реттелу туралы түсінік.
ОЖЖ тітіркендіргіштер әсер еткенде жауап ретінде гипоталамусқа және барлық басқа тіндерге, сонымен бірге эндокриндік бездерге жүйке импульстерін жібереді. Гипоталамус гипофизға әсер ететін нейросекретиндер немесе рилизинг-факторларды бөліп шығарады. Олар екі түрлі болады: либериндер –гипофиздің тропты гормондарының бөлінуін стимулдейтін, және статиндер – тропты гормондарының бөлінуін тежейтін. Гипофиздің тропты гормондары шеткі эндокриндік бездерінің қызметін реттеп отырады. Импульсқа тікелей жүйке жүйесінің әсерінен немесе гипофиз гормондарының әсерінен жауап ретінде шеткі бездерде арнайы гормондардың бөлінуі күшейеді. Көрсетілген реті бойынша заттар алмасуының нейроэндокриндік реттелуінің тура байланысы болады. Сонымен бірге кері байланыстар болады. Мысалы, тропты гормондардың жоғарылауы немесе төмендеуі гипоталамуста сәйкес статиндер мен либериндердің түзілуін реттеуі мүмкін. Гипофиздің функциясына шеткі эндокриндік бездердің гормондарының секрециясының өзгеруі әсер етеді. Сонымен бірге шеткі эндокриндік бездердің гормондарының түзілуіне метаболиттердің мөлшері әсер етеді.
