- •Кафедра - биологиялық химия
- •3.Дәріс тезистері
- •4.Иллюстрациялы материалдар:
- •5.Әдебиеттер:
- •Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
- •Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
- •Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •Днқ құрылымдары.
- •3.Дәріс тезистері:
- •4.Иллюстрациялы материалдар:
- •5.Әдебиеттер:
- •Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
- •Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
- •Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •3.Дәріс тезистері
- •4 Сатысы – тотығудан фосфорлану (тф ).
- •4.Иллюстрациялы материалдар:
- •5.Әдебиеттер:
- •Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
- •Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
- •Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
- •6.Қорытынды сұрақтар:
- •3.Дәріс тезистері:
- •5.Әдебиеттер:
- •Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
- •Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
- •Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •3.Дәріс тезистері
- •4.Иллюстрациялы материалдар:
- •5.Әдебиеттер:
- •Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
- •Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
- •Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
- •6.Қорытынды сұрақтар:
4.Иллюстрациялы материалдар:
Презентация (слайдтар)
5.Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.
2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2012 ж.
3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.
Орыс тілінде:
1.Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.
2.Северин Е.С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009
Қосымша әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы
1Бөлім. Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер.
2Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі.
3Бөлім. Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы.– Алматы, 2009 ж.
3.Биохимия пәнінен студенттердің өздігінен дайындалауына арналған тест сұрақтары – Алматы, 2007
4.Сейтембетов Т.С. Биохимия сұрақтары мен жауаптары - Алматы, 2011
Орыс тілінде:
1.Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.
2.Плешкова С.М. и др. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии
Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
3.Клиническая биохимия учеб.пособие под ред Ткачук В.А. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008
4.Кольман А., Рем К.-Г.»Наглядная биохимия»,М., БИНОМ, 2011
6.Бақылау сұрақтары:
Фермент дегеніміз не?
Ферменттердің жіктелуі.
Ферменттердің номенклатурасы неге негізделген?
Трансферазалардың негізгі топтарын атап шығыңыз.
АЛТ, АСТ, креатинкиназа-МВ изоферменті диагностикалық маңызы
Лиазалар класы ферменттерінің негізгі топтарын айтыңыз.
№3 дәріс
1.ТАҚЫРЫБЫ: Энергия алмасуы. Энергия алмасуының сатыларына қысқаша сипаттама.
2.МАҚСАТЫ: Энергия алмасуы және оның сатыларының өзара байланысы, тыныс алу коэффициенті, тыныс алуды бақылау, биологиялық тотығу мен тотығудан фосфорланудың ажыратқыштары туралы түсінік беру.
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:
Энергия алмасуының сатылары. Энергия алмасуы сатыларының өзара байланысының сызбанұсқасы.
Үшкарбон қышқылдары циклінің (ҮҚЦ) маңызы және мәні. ҮҚЦ-дегі маңызды тотығу- тотықсыздану реакциялары мен субстраттан фосфорлану реакциясы.
3.Дәріс тезистері
Энергия алмасуының сатылары
1 сатысы – органикалық заттардың (көмірсу, липид және амин қышқылдарының) арнайы жолдармен ыдырап,заттар алмасуының ортақ өнімі ацетил-КоА (АСҚ) түзуі.
2 сатысы – үшкарбон қышқылының циклі (ҮҚЦ).
3 сатысы – биологиялық тотығу (БТ).
4 Сатысы – тотығудан фосфорлану (тф ).
Аталған төрт саты бір-бірімен тығыз байланысты. Көмірсулар, липидтер және амин қышқылдарынан АСҚ түзіледі, ол ҮҚЦ-де тотығады. ҮҚЦ-де 3НАДН2 және ФПН2 түзіледі, осы тотықсызданған дегидрогеназалар міндетті түрде биологиялық тотығу тізбегінде (БТТ) тотығуы тиіс. Биологиялық тотығудың негізгі функциясы энергия бөлу мен эндогенді су түзу. БТ ерекшелігі: ол біртіндеп жүреді, көптеген аралық сатылар арқылы және протондар мен электрондардың бір ферменттік жүйеден басқасына бірнеше рет берілуі арқылы іске асады.Бұл кезде әр сатыда аз мөлшерде энергия бөлініп отырады. БТ-ның үш сатысында: НАДН2, ферроЦхb, ферроЦха мен ферроЦха3 тотыққан кезде АТФ түзуге жеткілікті (шамамен 33 кДж) энергия бөлінеді. БТ–дың бұл сатыларын БТ мен ТФ қабысу пункттері деп атайды. БТ кезінде барлық ферменттер басында тотықсызданады, одан кейін тотығуы керек, яғни тіндік тыныс алуға қатысатын оксидоредуктазалар ауыспалы күйде бірде тотыққан бірде тотықсызданған күйде болуы мүмкін және олардың тотығу–тотықсыздану потенциалы (ТТП) бар. Оксидоредуктазалардың БТ тізбегінде орналасуы ТТП өсуіне байланысты орналасады. БТТ ферменттері төрт тыныс алу комплексін түзеді, олар митохондрияның ішкі мембранасымен тығыз байланысқан. I, III, IV комплекстерде БТ–дың тотығудан фосфорланумен қабысуы жүреді. НАДН2 тотыққанда 3 АТФ, ал ФПН2 тотыққанда 2АТФ түзіледі. Тотығудан фосфорлану коэффицинеті немесе Р/О коэффициенті қалыпты жағдайда 3 немесе 2-ге тең. Егер субстрат ПФ пен тотықса оттектің бір молекуласына бейорганикалық фосфаттың 3молекуласы тура келеді. Бұл кезде Р/О=3 тең болады; ал егер субстрат ФАД тәуелді ФП–пен тотықса, оттектің бір молекуласына бейорганикалық фосфаттың 2 молекуласы тура келеді. Бұл кезде Р/О=2 болады. БТ жылдамдығын ТФ бақылайды, мұны тыныс алуды бақылау деп атайды. Егер АДФ аз, ал АТФ көп болса, БТ жылдамдығы төмендейді. АДФ мөлшері көп, АТФ мөлшері аз болса БТ жылдамдығы артады. БТ мен ТФ ажыртақыштары – липофильді заттар (2,4-динитрофенол и тироксин (артық мөлшерде, мысалы, тиреотоксикозда) митохондрияның ішкі мембранасы арқылы матрикске протондарды тасымалдайды. Ішкі мембранада протондық градиент түзілмейді, сондықтан АТФ синтезделмейді. Сонымен, ажыратқыштар әсерінен АТФ түзілмейді, БТ энергиясы жылу түрінде таралады.
