- •Кафедра - биологиялық химия
- •3.Дәріс тезистері
- •4.Иллюстрациялы материалдар:
- •5.Әдебиеттер:
- •Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
- •Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
- •Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •Днқ құрылымдары.
- •3.Дәріс тезистері:
- •4.Иллюстрациялы материалдар:
- •5.Әдебиеттер:
- •Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
- •Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
- •Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •3.Дәріс тезистері
- •4 Сатысы – тотығудан фосфорлану (тф ).
- •4.Иллюстрациялы материалдар:
- •5.Әдебиеттер:
- •Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
- •Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
- •Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
- •6.Қорытынды сұрақтар:
- •3.Дәріс тезистері:
- •5.Әдебиеттер:
- •Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
- •Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
- •Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •3.Дәріс тезистері
- •4.Иллюстрациялы материалдар:
- •5.Әдебиеттер:
- •Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
- •Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
- •Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
- •6.Қорытынды сұрақтар:
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
биологиялық химия Кафедрасы |
||
СТОМАТОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫ ІІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН БИОХИМИЯДАН ДәРіСтІК КЕШЕН |
||
Мамандығы: 5В130100- «Стоматология»
Кафедра - биологиялық химия
ДӘРІСТІК КЕШЕНІ
КУРС: екінші
ПӘН: БИОЛОГИЯЛЫҚ ХИМИЯ
ҚҰРАСТЫРҒАН: Д.Ш.Жетпісбай
Алматы, 2015 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
«___» ____08______ 2015__ж.
Хаттама №_1__
Кафедра меңгерушісі,
профессор _______________________ К.О.Шарипов
№ 1 дәріс
1.ТАҚЫРЫБЫ: Биохимияға кіріспе. Медицина мен стоматологиядағы биохимияның маңызы. Күрделі белоктар: фосфопротеиндер, нуклеопротеиндер. Құрылысы мен маңызы туралы түсінік. Негізгі өкілдері. ДНҚ құрылымдары. РНҚ түрлері, маңызы.
2.МАҚСАТЫ: Студенттерге биохимия нені зерттейтіні және іргелі ғылымдар ішіндегі биохимияның алатын орны туралы түсінік беру. Күрделі белоктардың құрамы туралы, фосфопротеиндердің, нуклеопротеиндердің және олардың простетикалық тобы – нуклеин қышқылдарының құрылысы, өкілдері және маңызы туралы білім қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
Биохимияға кіріспе
Күрделі белоктар: фосфопротеиндер. Құрылысы мен маңызы туралы түсінік. Негізгі өкілдері.
Нуклеопротеиндер. Құрылысы мен маңызы туралы түсінік. Негізгі өкілдері.
ДНҚ құрылымдары.
РНҚ түрлері, олардың маңызы.
3.Дәріс тезистері
Биохимияға кіріспе
Биохимия – тірі организмнің химиялық құрамы мен ішкі метаболиттер қатысуымен жүретін химиялық үрдістерді оқытатын ғылым. Энзимология, молекулалық генетика, биоэнергетика саласындағы ашылған жаңалықтар биохимияны фундаментальды пәндердің қатарына қосты және биология, медицина, жануарлар мен өсімдіктер саласындағы көптеген мәселелерді шешуде негізгі қажетті сала (пән) жасады.Биохимия дәрігерге ауру және сау ағзадағы өтіп жатқан химиялық үрдістер туралы мәлімет береді, метаболитттер мен ферменттердің көрсеткіштерін диагностика және бақылауда қолдануға мүмкіндік береді. Ол осы үрдістерді басқара отырып рациональды ем қолдануға мүмкіндік береді.
Күрделі белоктар: фосфопротеиндер
Күрделі белоктар жай белок (апобелок) пен простетикалық (белок емес немесе қосылған) топтан тұрады.
Фосфопротеиндер (ФП) құрамында өте көп мөлшерде фосфор қышқылының қалдықтары бар, олар гидроксиамин қышқылдарының – серин, треонин, тирозиннің ОН-топтарына қосылған. Өкілдері- ихтуллин (балық уылдырығының ФП-рі), фосвитин мен вителлин (жұмыртқа сарысының ФП-рі), казеин (сүттің ФП-рі). ФП- фосфор мен алмастырылмайтын амин қышқылдарының көзі.
Нуклеопротеиндер.
Нуклеопротеиндер жай белоктар мен нуклеин қышқылдарынан тұрады. Өкілдері: ДНП және РНП. ДНП-ның простетикалық тобы – ДНҚ, РНП -ның простетикалық тобы – РНҚ. НП генетикалық ақпаратты сақтауға және тасымалдауға қатысады.
ДНҚ-да төрт реттік құрылым бар: біріншілік, екіншілік, үшіншілік, төртіншілік.
РНҚ. РНҚ түрлері - матрицалық, тасымалдаушы, рибосомалық. м-РНҚ белок синтезіне арналған рибосомада матрица түзілуіне қатысады. м-РНҚның генетикалық коды ашылған. т-РНҚ амин қышқылдарын рибосомаға тасымалдайды. т-РНҚда кодонға комплементарлы антикодон болады. р-РНК рибосоманың құрамына кіреді. Рибосома 65% р-РНҚ және 35% жай белоктан тұрады.
