Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 лекция орг.хим.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
200.5 Кб
Скачать

Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар

  1. Қандай көмірсутектерді қаныққан көмірсутектер деп атайды?

  2. Қаныққан көмірсутектердің жалпы формуласын келтіріңіз.

  3. Гомологтық айырма дегеніміз не?

  4. Гомологтық қатарға анықтама беріңіз.

  5. Қандай заттарды изомерлер дейді? Пентанның изомерлерінің формулаларын келтіріп аттарын рационалды және жүйелік номенклатура бойынша атаңыз.

  6. Алкандардың алу әдістерін келтіріңіз. Пентанды Вюрц реакциясының көмегімен алыңыз.

  7. Алкандардың химиялық қасиеттерін бутанды мысалға алып сипаттаңыз.

Этилен көмірсутектері (алкендер, олефиндер)

Молекула құрамындағы көміртек атомдарының арасында бір қос байланысы болатын көмірсутектерді этилен көмірсутектері деп атайды. Этилен көмірсутектерін алкендер деп те атайды. Алкендердің ескіше аты олефиндер. Этилен көмірсутектерінің жалпы формуласы CnH2n.

Гомологтық қатар және номенклатурасы

Алкендерді рациональды және ИЮПАК номенклатуралары бойынша атайды. Алкендер алкандар сияқты гомологтық қатар түзеді. Гомологтық қатардың алғашқы үш мүшесіне тривиальды номенклатура бойынша этилен, пропилен, бутилен деген атаулар берілген.

Кез-келген алкенді рациональды номенклатура бойынша атау үшін оны этиленнің туындысы деп қарастырады. Этиленнің құрамындағы бір немесе бірнеше сутек атомдарының орнын басқан радикалдарды атап «этилен» деген сөзді қосады. Мысалы:

CH2 = CH–CH3 СН3СН2 –С = С(СН3)СН2СН3

метилэтилен α – этил – β – метил – β – этилэтилен

Алкендердің гомологтық қатары мен номенклатурасы

Формуласы

Алкеннің аталуы

Рационалды номенклатура

Халықаралық (ИЮПАК, жүйелік)

1

CH2 = CH2

Этилен

Этен

2

CH2 = CH – CH3

Пропилен

Пропен

3

CH2 = CH – CH2 – CH3

Этилэтилен,бутилен-1

Бутен – 1

4

CH3 – CH = CH2 – CH3

Диметилэтилен, бутилен-2

Бутен – 2

5

CH2 = C(СH3)CH3

Изобутилен

2-метилпропен

6

СН2 = СН(СН2)2СН3

Пропилэтилен

Пентен – 1

7

СН2 = СН(СН2)3СН3

Бутилэтилен

Гексен – 1

Алкендерді халықаралық (ИЮПАК, жүйелік) номенклатура бойынша атау үшін қос байланысы бар ең ұзын көміртек тізбегін тауып алып, қос байланыс тізбектің қай шетіне жақын сол жағынан бастап көміртек атомдарын нөмірлейді. Тізбектің бүйіріндегі радикалдардың орнын санмен көрсетіп, аттарын негізгі тізбектің атының алдына жазады. Мысалы:

1 2 3 4 1 2 3 4 5

CH2 = C – СH2 – CH3 CH3 – C = C – СH – CH3

| | | |

СH3 CH3 CH2 CH3

2 – метил – 1 – бутен |

CH3

2,4– диметил–3– этил –2– пентен

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]