- •7 Лекция қаныққан көмірсутектер (алкандар) Гомологтық қатар және номенклатурасы
- •Алкандардың гомологтық қатары
- •Алу әдістері
- •Фракциялық айдау әдісімен табиғи газ және мұнайдан алу.
- •Физикалық қасиеттері
- •Қаныққан көмірсутектердің физикалық константтары
- •Химиялық қасиеттері
- •Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар
- •Этилен көмірсутектері (алкендер, олефиндер)
- •Гомологтық қатар және номенклатурасы
- •Изомериясы
- •Құрылымдық изомерия
- •Алу әдістері
- •Физикалық қасиеттері
- •Кейбір этилен көмірсутектерінің физикалық константалары
- •Химиялық қасиеттері
- •Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар
- •Циклопарафин көмірсутектері (циклоалкандар) Номенклатурасы
- •Алу әдістері
- •Химиялық қасиеттері
- •Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар
- •Ароматтық көмірсутектер (арендер)
- •Бірядролы ароматтық көмірсутектер
- •Гомологтық қатар, изомерия және номенклатурасы
- •Алу әдістері
- •Физикалық қасиеттері Ароматтық көмірсутектердің физикалық константтары
- •Химиялық қасиеттері
- •8 Лекция
7 Лекция қаныққан көмірсутектер (алкандар) Гомологтық қатар және номенклатурасы
Молекула құрамындағы көміртек және сутек атомдары бір-бірімен сигма байланыстары арқылы байланысқан көмірсутектерді қаныққан көмірсутектер деп атайды. Қаныққан көмірсутектерді алкандар немесе парафиндер деп те атайды. Бұл көмірсутектердегі барлық көміртек атомдары sp3- гибридті күйде болады.
Алкандардың жалпы формуласы CnH2n+2. Алкандар бір-бірінен бір немесе бірнеше «CH2» атомдар тобына айырмашылығы бар көмірсутектер қатарын түзеді. Бұл көмірсутектер қатарын гомологтық қатар деп атайды. Гомологтық қатардың әрбір мүшесі гомолог деп аталады. «СН2» атомдар тобы гомологтық айырма болады.
Алкандардың гомологтық қатары
п |
Формуласы |
Аталуы |
Изомер-лер саны |
1 |
CH4 |
Метан |
1 |
2 |
CH3-CH3 |
Этан |
1 |
3 |
CH3-CH2-CH3 |
Пропан |
1 |
4 |
CH3-CH2-CH2-CH3 |
Бутан |
2 |
5 |
CH3-CH2-CH2- CH2 -CH3 |
Пентан |
3 |
6 |
CH3-CH2-CH2- CH2 - CH2 -CH3 |
Гексан |
5 |
7 |
CH3-CH2-CH2- CH2 - CH2 - CH2 - CH3 |
Гептан |
9 |
8 |
CH3-CH2-CH2- CH2 - CH2 - CH2 - CH2 - CH3 |
Октан |
18 |
9 |
CH3-CH2-CH2- CH2 - CH2 - CH2 - CH2 - CH2 -CH3 |
Нонан |
35 |
10 |
CH3-CH2-CH2- CH2 - CH2 - CH2 - CH2 - CH2 - CH2 -CH3 |
Декан |
75 |
Бұл жерде п - көміртек атомының саны.
Алкандардың гомологтық қатарындағы алғашқы төрт көмірсутек тривиалды номенклатура бойынша аталады. Қалған көмірсутектер көміртек атомының санына байланысты оларға сәйкес келетін гректің немесе латынның сан есімдеріне «ан» жалғауын қосу арқылы аталады.
Құрылысы қарапайым тармақталған көмірсутектер негізінен рационалды номенклатура бойынша, ал құрылысы күрделі көмірсутектер ИЮПАК номенклатура бойынша аталады. Рационалды номенклатура бойынша алканды атау үшін алканды метанның құрамындағы сутек атомдары радикалдармен орындарын ауыстырғанда пайда болатын туындысы деп қарастырады. Көмірсутекті атау үшін алдымен радикалдарды атайды. Соңынан «метан» деген сөзді қосады. Негізгі тізбекте бірнеше бірдей радикалдар болса, онда олардың санын «ди», «три», «тетра», «пента» т.с.с. тіркемелер арқылы көрсетеді. Молекула құрамында төртіншілік, ол жоқ болса – үшіншілік, ол да жоқ болса – екіншілік көміртек атомын метанның қалдығы деп алады. Мысалы:
СН3 – СН3 СН3 – СН2 –СН3 СН3– СН2– СН2 – СН3
метилметан диметилметан метилэтилметан
СН3 СН3
| |
СН3 – СН – СН3 СН3– СН2– СН – СН3
триметилметан диметилэтилметан
СН3 СН3 СН3
| | |
СН3 – СН2 – С – СН2 – СН2 – СН3 СН3 – СН – СН – СН2 – СН3
|
СН3
диметилэтилпропилметан метилэтилизопропилметан
Тармақталған тізбекті көмірсутектерді ИЮПАК номенклатурасы бойынша атау үшін алдымен ең ұзын көміртек тізбегі таңдап алынып, көміртек атомдары нөмірленеді. Тізбектің бүйірлерінде орналасқан радикалдардың, яғни атомдар немесе атомдар тобының орны санмен көрсетіліп, аттары негізгі ұзын тізбек атының алдына жазылады. Мысалы:
7 6 5 4 3 2 1
СН3 – СН – СН2 – СН2 – СН – СН – СН2
| | |
СН3 СН3 СН3
2,3,6-триметилгептан
9 8 7 6 5 4 3 2 1
СН3 – СН – СН2 – СН2 – СН2 – СН – СН2 – СН – СН3
| | |
СН3 СН2 СН3
|
СН3
2,8-диметил-4-этилнонан
