Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10 Лекция_каз ССиЛсфУ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.65 Кб
Скачать

10 дәріс

Сертификаттау жүйесі. Сертификаттау сұлбасы.

1. Қр сертификаттау жүйесі

2. Қр сертификаттау сұлбалары

3. Еуропа одақ елдерінде сертификаттау сұлбалары

Сертификаттау жүйесі – сәйкестік сертификаттауын жүргізу үшін өзіндік ережелері, процедуралары және басқаруы бар жүйе.

Сертификаттау жөніндегі орталық орган («Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ) ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңымен орнатылған, функцияға сәйкес өз әрекетін жүзеге асырады және осыған сәйкес өз біліктілі шегінде келесі негізгі функцияларын атқарады:

  • әрекеттегі заңға, ҚР сертификаттау жүйесінің талаптарына, КТРМ ережелеріне сәйкес сертификаттау процедураларын орнатады.

  • біртекті өнімдерді сертификаттау жүйесін (ережелерін, ретін) құрастыру және бекітуге дайындауды ұйымдастырады, осы бағыттағы жұмыс координациясын және басшылықты іске асырады,

  • жүйеде сәйкестікке сертификаттау жүргізілетін нормативті құжаттар қорын жаңарту және жетілдіру бойынша жұмыстарға қатысады. Орындаушы биліктер органы ретінде сертификаттау жөнінде жұмыстарды нормативтік қамтамасыз етеді: жабдықтарды қондыру, жасау және пайдалану жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөнінде талаптарды құрастырады және бекітеді, қажетті жағдайда сертификаттау мақсаты үшін жарамдылығын ескеріп, аталған ережелер мен нормаларды қарастырылатын талаптар бірлігін орнатады;

  • стандарт жобаларын және басқару билігінің жабдықтарда жұмысты қауіпсіз жүргізу, қондыру, жасау және пайдалану жөнінде талаптардан тұратын басқа да құжаттарын қарастырады және бекітеді;

  • қауіпсіздік талаптарын орнататын халықаралық ережелер, нормалар мен стандарттарды құрастыру және келісуге қатысады;

  • біртекті өнімдерді сертификаттау жүйесі мен ережелерін мемлекеттік тіркеуге ұсынады;

  • Сертификаттау жөнінде перспективті бағыттарды құрастырады;

  • ҚР міндетті сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтер номенклатурасы жөнінде жұмыстарды дайындайды;

  • сертификаттау жөнiндегi органдар мен сынау зертханаларын аккредитациялауға, олардың әрекетін инспекциялық бақылауға қатысады;

  • сертификаттау жөніндегі органдар және сынау зертханаларының әрекетін басқарады;

  • сертификаттау жөнiндегi органдар мен сынау зертханаларына есеп жүргiзедi;

  • шетел сертификаттары, сәйкестiк белгiсiн және сынау нәтижелерiн тану жөнінде ұсынысын әзiрлейдi;

  • біртекті өнімдер тобының сертификаттау жүйелерінің, сертификаттау жөнінде органдар желісінің, сынау зертханаларының рационалды құрамын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастырады;

  • сертификаттау және сынау зертханаларының органдары бойынша әрекеттерге қатысты ықтимал қауіпті өндірістік өнеркәсіптер, объектілер және жұмыстары саласында сертификаттау жөнінде кеңесті қарастырады.

Ғылыми-әдістемелік орталық сертификаттау жөнінде бір органның базасы ретінде құрылады және келесі функцияларды жүзеге асырады:

  • жүйелік сынау жүргізеді және сертификаттау обьектілері құрылымы мен құрамы бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар жасайды;

  • қадағалау астындағы өнімді сертификаттау бойынша жұмысты нормативтік-техникалық қамтамасыз ету қорын жүргізеді және жақсартады;

  • сертификаттау жөнінде органын, сынау зертханаларын аккредитациялау, эксперттерді аттестаттау бойынша комиссия жұмысына қатысады;

  • ғылыми зерттеулер өткізеді және өнімді сертификаттау бойынша жұмыстарды жетілдіру туралы әдістеме мен тәжірибені, соның ішінде ережелерді жетілдіру ұсыныстарын қарастырады, қажет болса, олардың негізінде басшылыққа алынатын құжаттарды құрастырады.

  • жұмыстарға қатысушылардың мәлiметтерiн жалпылайды және реестр жүргізеді, оның негізінде ҚР Мемлекеттiк реестрі үшiн қажеттi мәлiметтердi дайындайды;

  • сарапшыларды оқыту бағдарламаларын, оларды дайындау және аттестаттауға қатысады.

  • сертификаттау және аттестаттау объекттерi бойынша мәлiметтi талдап жалпылайды, реттейтiн және бағдарлаушы функциялардың қамтамасыз ету бағытталған автоматтандырылған мәліметтер базасын жүргізеді;

  • халықаралық және алдыңғы қатарлы шетел тәжірибесін ескеріп, сертификаттау жөнінде жүргізілетін жұмыстарды технико-экономикалық бағалау және тиімділігін бағалау жөнінде әдістемелік ұсыныстырды құрастырады;

  • Орталық орган үшін жоғарыда аталған бағыттар бойынша тәжірибелік ұсыныстарды дайындайды.

Сертификаттау жөнінде орган (бұл мемлекеттік ұйым немесе жеке меншік фирма болуы мүмкін) – сәйкестікке сертификаттауды жүргізетін орган. Ол заңды тұлға статусы бар және үшінші жақ болып табылатын ұйым негізінде құрылады, яғни өндіруші мен тұтынушыдан тәуелсіз болып табылады. Сертификаттау жөнінде органдар көп болуы мүмкін, олардың әрқайсысы біртипті өнімдерді, мысалы машина жасау, тамақ өнімдері, отын және т.б. сертификаттауғп негізделеді.

Негізгі функциялары:

  • біртекті өнімдерді сертификаттауда қолданылатын нормативті құжаттар қорын қалыптастыру және жаңарту;

  • осы сертификаттау жүйесінде ұйымдастыру-әдістемелік құжаттарды құрастыру және жүргізу;

  • сертификаттауға, сонымен қатар аппеляцияға өтініштерді қабылдау және қарау, олар бойынша шешімдерді дайындау және сертификаттауды жүргізу кезінде өтініш берушімен әрекеттесу;

  • сәйкестік сертификатын рәсімдеу және беру, оны мемлекеттік реестрде тіркеу;

  • шет ел сертификаттарын және басқа сәйкестік куәлігін тану;

  • өнiм сипаттамаларының тұрақтылығын ипспекциялық бақылауды КТРМ аймақтық органдарын қатыстырып ұйымдастыру;

  • берілген сертификаттарды және сәйкестік белгілерінің әрекетін тоқтату немесе жою;

- сертификаттау талаптарын бұзу туралы мәлiмет бойынша жедел шаралар қабылдау, өнiм үшiн түзету шараларын құрастыруға қатысу;

  • сертификатталған өнім ресстрін жүргізу және сертификаттау нәтижелері туралы ақпараттарды жариялау үшін дайындау;

  • ағымды қаржылық қызметтін және іс жүргiзудi жүргiзу;

  • персоналдың біліктілікті жоғарлатуды мен аттестаттауды ұйымдастыру;

  • стандарттар талаптарының өзгеруі кезінде өнімді уақытылы сертификаттау бойынша өндірушімен өзара әрекеттесуі.

Сертификаттау жөнінде орган ретінде жұмыс істеу құқығына үміттенуші ұйым аккредитация процедурасынан өтуі керек. Аккридетация реті мен оған қойылатын талаптар КТРМ нормативті құжаттарында және сертификаттау жүйесінің құжаттарында орнатылады. Аккредитация кезінде ескерілетін критерийлер сертификаттау жөнiндегi органдарда мыналардың болуын қадағалайды:

  • Білікті және арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер;

  • Сертификатталатын өнімдерге және оларды сынау әдістеріне жаңартылған нормативті құжаттар қоры;

  • әкімшілік құрылым, сертификаттауды, соның ішінде сынау және сертификатталған өнімді инспекциялық бақылауды жүргізу үшін заңды және экономикалық мүмкіндіктер;

  • сертификаттау реті мен ережелерін, соның ішінде апелляцияны қарастыру және сертификаттар, сәйкестік белгілерінің әрекетін жоюды қарастыратын ұйымдастыру-әдістемелік құжаттар;

  • сертификатталған өнімдердің реестрі.

Барлық өтініш берушілердің сертификаттау жөнінде органдар ақпараттарына кедергісіз алу мүмкіндігі болуы керек. Аталған орган өз әрекетін жүргізетін процедурынан тұратыналар дискриминациялық сипатта болмау керек. Сертификаттау жөнінде орган коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз ету керек.

Сынау зертханасы нақты өнімдердің немесе сынаудың нақты түрлеріне сынауды жүзеге асырады және сертификаттау мақсаттары үшін хаттамалар береді. Қызмет көрсету және сапа жүйесінің сертификаттау сынау зертханасының сертификаттау процесіне қатыспайтынын атап кеткен жөн.Онда барлық сәйкестікті растау жөнінде тәжірибелік әрекеттерді сертификаттау жөнінде орган жүзеге асырады. Сынау зертханалары сертификаттау органдарына бағынады. Сертификаттау жөнінде бір органда әртүрлі сынау түрлерімен айналысатын бірнеше сынау зертханалар болуы мүмкін. Сертификаттау жөнінде орган және оның зертханалары әдетте бір заңдық тұлға, яғни фирма немесе мекеме болуы мүмкін.

Негізгі талаптар: тәуелсіздік, әділдік, дербес құқықтық және техникалық құзіреттілік.

Тәуелсіздік үшінші жақ статусымен анықталады. Әділеттілік сынау жүргізу, олардың нәтижелері бойынша шешім қабылдау және сынау хаттамаларын рәсімдеу кезінде әрекеттерде көрінеді. Дербес құқықтық сынау зертханаларының және олардың персоналдары шешімдерге және бағалауға әсер ететіндей коммерциялық, қаржылық, әкімшілік немесе басқадай қысымдарға ұшырамаунан тұрады. Техникалық құзіреттілік білікті персонал, сынау үшін құралдар мен бөлменің, сынау әдістеріне және процедураларына нормативтік құжаттардың, соның ішінде, сапаны қамтамасыз ету жүйесінің құжаттарының бар болуын ұйым және басқарудың сәйкес құрылымымен расталады. Талаптарға сәйкес келуі сынау зертханаларын аккредитациялау кезінде тексеріледі. Сертификаттау жүйесі тек аккредитацияланған сынау зертханаларында өнімдерді сынауға рұқсат беруді қарастырады.

Сертификаттауға өтініш берушілер (өндірушілер, орындаушылар, сатушылар):

  • сертификаттауды жүргізу үшін өтініш береді, жүйе ережелеріне сәйкес сертификаттауды жүргізу үшін қажетті өнімдерді, нормативті, техникалық және басқада құжаттарды ұсынады;

  • өткізілетін сертификатталған өнімдердің нормативті құжаттар талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді;

  • сертификатталған өнімдерді сертификаттау жүйесінде орнатылған ережеге сәйкессәйкестік белгісімен маркілейді;

  • ілестірмбелі техникалық құжатта оның сәйкес келуі қажет нормативті құжаттар мен сертификаттау туралы мәліметтерді көрсетеді, бұл ақпараттың тұтынушыға дейін жетуін қамтамасыз етеді;

  • қабылданған ережелерді басшылыққа ала отырып,сертификат пен сәйкестік белгісін қолданады;

  • өнiмнiң сертификаттау жөнiндегi органдарының лауазымды тұлғаларының және сертификатталған өнімде бақылауды жүзеге асыратын уазымды тұлғалардың өз құзіреттілігін мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етеді;

  • егер өнім нормативтiк құжаттар талаптарына жауап бермесе, сертификаттың әрекет ету мерзімі аяқталса, сертификаттау жэөнінде органның шешімімен оның әрекеті тоқтатылса немесе жойылса, өнімдерді (мiндеттi сертификаттауға жататын) өткізу уақытша немесе мүлдем тоқтатылады.

  • егер бұл өзгерiстер сертификаттау кезінде тексерілетін сипаттамаларға әсер етсе, сертификаттау жөнінде орган сертификатталған өнімдердің нормативті құжаттарына, өндіру технологиясына енгізген өзгерістері туралы хабарлайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]