С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДАҒЫ ЗАҢНАМА НЕГІЗДЕРІ МОДУЛІ |
||
СИЛЛАБУС |
||
СИЛЛАБУС
Пәні (электив): «Медициналық құқық»
Мамандық: 051301 Жалпы медицина
Курс 5
Семестр – 9,10
Тәжірбиелік (семинарлық) сабақ 15 сағат
Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ) 15 сағат
Студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысы (СӨЖ) 15 сағат
Оқу сағаттарының көлемі (кридит) -45 сағат (1 кредит)
Бақылау түрі – емтихан
Алматы 2014 ж.
«Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері» модулінің мәжілісінде талқыланды.« __28__» ______08_______2014ж. № _1___ хаттама
Модул жетекшісі, з.ғ.д., доцент Испаева Г.Б.
1. Жалпы мағлұмат:
1.1 ЖОО аты: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті
1.2 Модуль «Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері»
1.3 Пән: «Медициналық құқық»
1.4 Мамандық: «Жалпы медицина»
1.5 Оқу сағаты – 45 сағат, 1 кредит
1.6 Оқытушылар жөнінде мәлімет:
№ |
Аты-жөні |
Лауазымы |
Дәрежесі |
1 |
Испаева Гулнар Бахытовна |
Оқытушы |
З.ғ.д., доцент |
2 |
Қошқарбаев Ерболат Еркенұлы |
Аға оқытушы |
Магистр |
3 |
Балмуханов Владимир Нуренович |
Оқытушы |
М.ғ.к., доцент |
4 |
Байтекова Қантгүл Жұмабекқызы |
Оқытушы |
Магистр |
5 |
Отарбаева Айна Болатқызы |
Оқытушы |
Магистр |
6 |
Қасымғожин Дастан Тастүлекұлы |
Оқытушы |
Магистр |
7 |
Сүлейменова Гүлім Хафизқызы |
Оқытушы |
Магистр |
8 |
Ильясов Нұрлан Есенгелдіұлы |
Оқытушы |
Магистр |
1.7 Байланыс мәліметі: модулдің орналасқан орны
Мекен-жайы: Сейфуллин 543, Төле би 92, 4 қабат, 402 аудитория
1.8 Пәннің саясаты: Оқу үрдісін жүйелі және мақсатты түрде жүзеге асыру болып табылады. Оқытушылардың студенттерге қоятын талаптары медициналық ЖОО-дағы оқытудың жалпы принциптеріне негізделген.
1. Тәжірибелік сабақтарына, СОӨЖ-ге тұрақты, міндетті қатысу.
2. Әр түрлі нысандағы СӨЖ-дің 1 түрін міндетті түрде орындау.
3. Оқу үрдісіне белсенді қатысу (семинар жұмыстарының конспектісі, теориялық материалдарды дайындау, ситуациялық тапсырмалар мен тестілерді, сөзжұмбақтарды шешу, саяси эссе және рефераттарды өз бетінше орындау); сабақтарға тиісінше және толықтай дайындалмаған жағдайда студентке семинар сабақтары немесе СОӨЖ үшін балл қойылмайды.
4. Семинар сабақтарының тестілердің, ситуациялық тапсырмалардың хаттамаларын тапсыру, тақырыптық жоспар бойынша СӨЖ жұмыстарын белгіленген уақытта қорғау және белгіленген аптадан кешіктірілмеуі керек.
5. Аралық бақылау 4-ші сабақтан кешікпей тапсырылады.
6. Студенттің іс-қызметінің барлық түрлері бойынша жеке күнделігі болуы тиіс.
7. Семинар сабақтарына кешікпеуі керек.
8. Таза, үтіктелген ақ халаты болуы тиіс.
9. Оқытушы профессорлар құрамымен силастық қатынаста болуы тиіс.
10. Студенттік топта жанжал болған жағдайда модуль меңгерушісі немесе оқу ісінің меңгерушісімен бірге талқылануы тиіс.
2. Бағдарлама:
2.1 Кіріспе:
Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласындағы азаматтардың құқықтарына барынша көңіл бөлініп жатыр, медициналық көмектің сапасына деген халықтың талабы жоғарылауда, жаңа медициналық технологиялар енгізіліп жатқандықтан, медициналық құқықты білу әрбір дәрігердің қызметіндегі кепілі болып табылады. Медицина саласындағы мамандарды дайындаудағы оқу үрдісінде медициналық – құқықтық сұрақтарды қарастыруды міндетті түрде жүктейді.
Медициналық құқық біздің өмірімізге ғылымның жаңа бағыты болып енуде. Ғылымның бұл саласын қарастырғанда мынандай сұрақтардың тізбесі туындайды, өз міндетіне деген салақтық, медициналық көмек көрсетпеу, пациенттердің құқықтарының бұзылуы, дәрігердің қателігі.Медициналық құқықты оқыту тек қана пән ретінде болашақ дәрігерге денсаулық сақтау саласындағы заңнамаларды білуге көмектесіп қана қоймай, сондай ақ ғылым ретінде, сонымен қатар медициналық құқықты құқықтың қалыптасып келе жатқан бір саласы ретінде оқытады.
Медицина саласындағы халықаралық – құқықтық және ұлттық нормалар, кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін алудағы азаматтардың конституциялық құқықтарын, экологиялық, радияциялық қауіпсіздік және санитарлық – эпидемиялогиялық жағдай, дәрі – дәрмектік көмекпен қамтамасыз ету, медико – генетикалық тексеруге, өз денсаулығы туралы ақпарат алуды оқытудың пәні болу керек.
Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтары, оларды қорғау құралдары мен тәсілдері медициналық көмек көрсету барысында туындайтын, қатынастардың құқықтық сипаттамасы, осы заманғы денсаулық саласындағы құқықтық – ұйымдастырушылық қызметтердің негізі, медициналық құқықтың өзекті мәселелері қамтылуы тиіс.
«Медициналық құқық» пәністуденттерде әлеуметтік – экономикалық және философиялық бағыттағы көптеген клиникалық пәндерді олардың өзара қатынасын байқауды, алдын – ала оқуды және ойлауды, меңгеруді талап етеді. Сондықтан да «Медициналық құқық» пәнін медициналық жоғарғы оқу орындарында жоғарғы курстарда оқытуды ұсынады. Медициналық жоғарғы оқу орындарында қазіргі кезде төменгі курс студенттеріне «Құқық негіздері» пәні оқытылатындықтан, медициналық құқық пәнін оқыту осы пәннен соң оқытылады. Осы пәндерді оқу барысында мүмкіндігінше үлкен үзіліс болмауы керек.
«Медициналық құқық» пәні бойынша оқытушы студенттердің «Құқық негіздері» пәнін оқу барысында жинақтаған жалпы мәліметтерінқұқық теориясының түсінігі, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, сондай ақ құқықтың салалары туралы, біршама негізгі түсініктерді студенттің есіне түсіріп отыруы тиіс.
«Медициналық құқық» курсын енгізу және оның мазмұнын, жекелеген медициналық – құқықтық сұрақтар бойынша электив бағдарламасына мүмкіндіктерін енгізуді назарға алу керек(мысалыға, «Денсаулықты қорғау құқығын халықаралық – құқықтық реттеу», «Биомедициналық қызметтің құқықтық және этикалық мәселелері»).
«Медициналық құқық» пәні, тиісті тақырыпты оқу үшін берік негіз бола білуі керек. Элективтер студенттердің өзекті медициналық құқықтық мәселелерді терең білуін және түсінуін қамтамасыз етуі қажет.
2.2 Пәннің мақсаты:
Медициналық құқық циклының мақсаты мемлекеттік бағдарламаларға денсаулық сақтаудағы негізгі басымдықтарға, негізгі бағыттарға және жүргізілген реформаларға байланысты медициналық қызметтің түрлі аяларындағы құқықтық мәселелерді кешенді түрде зерттеу болып табылады.
2.3 Оқытудың міндеттері:
медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі құқық нормаларын басшылыққа алу дағдыларын қалыптастыру
сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсету мәселелеріндегі қажетті құқықтық құралдарды қолдануға және олар жөнінде білім беруге байланысты дағдыларды қалыптастыру
медициналық мекемелерде басшылық жасау ептілігін дамыту ;
заңды тұлға қызметіндегі құқықтық – ұйымдастырушылық туралы негізгі білімді қалыптастыру;
медициналық мекемедегі шаруашылық сұрақтарын шешу ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру;
денсаулық сақтау саласындағы құжаттармен жұмыс жасау жүйесімен таныстыру;
Қазақстан Республикасындағы бағдарламалар және стандарттар, негізгі нормативтік құқықтық актілерге түсіндіру;
медициналық мекемелердің қызметін реттеу, азаматтық құқық нормаларын түсіндіру;
басқару қызметін реттеу, Әкімшілік құқық нормалары түсіндіру;
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің нормаларын түсіндіру;
жұмыс берушінің және медициналық қызметкерлердің қызметін реттеу, Еңбек құқықғы нормаларын түсіндіру;
халықаралық конвенция нормаларын және жергілікті атқарушы органдардың, мамандандырылған, орталықтандырылған органдардың нормаларын, кәсіпкерлік, бюджеттік, қаржы құқығы нормаларын түсіндіру;
2.4 Оқытудың түпкі нәтижесі: емтихан тапсыру.
Пәнді оқу барысында студент мыналарды қалыптастыруы қажет:
1. Білім: Медициналық құқық туралы білім. Медициналық – құқықтық құжаттарды енгізу, медициналық мекемелерде кәсіпкерлік – сақтандыру қызметін, ауруханалардағы медицина қызметкерлерінің еңбек құқығы және еңбек қатнастары туралы, медициналық мекемелерде азаматтық құқықтық және әкімшілік құқықтық шарт жасасу туралы, медициналық мекемелердің ұйымдастырушылық нысаны туралы білімдерді білу керек.
2. Тәжірибелік дағдылар. Өмірдің кез келген жағдайларында, әлеуметтік қызметте, ары қарайғы білім алу аясында, еңбек қатынастары аясында алған білімдерді тиімді пайдалануға дағдыландыру. Тек қана білім алып қана қоймай алған білімдерін тәжірибеде орынды пайдалана білу қажет. Маман ғана емес ең бастысы адам ретінде алған білімдерін күнделікті еңбек процесінде, білімін ары қарай жетілдіруде, қоғамдағы әлеуметтік қызметте, жалпы күнделікті өмірде қалыптасқан жақсы әдеттер мен дағдылар негізінде әрекет жасауға машықтану керек. Осылайша нормативтік құқықтық актілерді дер кезінде, орынды пайдалана білу қажет.
3. Коммуникативтік дағдылар: яғни білім мен тәжірибелік дағдыны одан ары шыңдау үшін жеке дара ғана әрекет етпей, көпшіл бола білу, қажет кезінде бірігу, ұжымдасып, топтасып қарым қатынас жасау, басқалармен серіктес болып ынтымақтастықта әрекет ету және дәрігер – менеджердің жеке сапасы (тәртіптік, жауапкершілік, тапқырлық, басшылық, стреске тұрақтылық, ептілік, моралдық және психологиялық бейімділік т.б.)
4. Құқықтық құзіреттілік, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі, Қазақстан Республикасының Салық кодексі, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі сондай ақ Қазақстан Республикасының салалық заңдары, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, Денсаулық сақтау министірінің бұйрықтары мен ережелері, медициналық ұйымдардың қызметін реттейтін жанама министірліктердің бұйрықтары мен ережелері, медициналық ұйымдар мен мекемелердің бұйрықтары, шешімдері, халықаралық конвенциялар және т.б. Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық базасын меңгеруін қарастырады.
5. Өзіндік оқу:сабақ барысында келесідей түрлерде орындау арқылы бағаланады реферат және конспект жазу, презентация жасау, жағдайлық есептер құрастыру және шешу, ролдік ойындар, ауызша сұрау. Бұл студент өмірінің барлық кезеңінде бәсекелестікке бейімделуге, жетістікті қамтамасыз етуге, (студенттің жеке біліміндегі жетістігі) портфолю жасауға бейімдейді, өзіндік білім жолын іске асыруды және өзін өзі жетілдіруге дайындығын арттырады.
2.5 Пререквизит: Қоғамдық денсаулық сақтау
2.6 Постреквизит: Ішкі аурулар., Хирургиялық аурулар.
2.6 «Медициналық құқық» пәністуденттерде әлеуметтік – экономикалық және философиялық бағыттағы көптеген клиникалық пәндерді олардың өзара қатынасын байқауды, алдын – ала оқуды және ойлауды, меңгеруді талап етеді. Сондықтан да «Медициналық құқық» пәнін медициналық жоғарғы оқу орындарында жоғарғы курстарда оқытуды ұсынады. Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтары, оларды қорғау құралдары мен тәсілдері медициналық көмек көрсету барысында туындайтын, қатынастардың құқықтық сипаттамасы, осы заманғы денсаулық саласындағы құқықтық – ұйымдастырушылық қызметтердің негізі, медициналық құқықтың өзекті мәселелері қамтылуы тиіс.
2.7 Тақырыптық жоспар: тақырыптар, өткізу нысаны, академиялық сабақтың ұзақтығы
№ п/п |
Кредит саны |
Оқу сағаттарының көлемі |
Барлығы |
||
Тәжірибелік сабақтар |
СОӨЖ |
СӨЖ |
|||
1
|
1 |
15 |
15 |
15 |
45 |
Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
№ |
Тақырып |
Өткізу нысаны |
Академиялық сағаттың ұзақтығы |
1 |
Медициналық құқық құқық саласы, заңнама және оқу пәні ретінде |
Дискуссия |
4 |
2 |
Медициналық құқық субъектілері |
Рөлдік ойындар, ситуациялық есептерді шешу |
4 |
3 |
Медициналық қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық реттеу |
Рөлдік ойындар, дискуссия, тест сұрақтарын шешу |
4 |
4 |
Медицина қызметкерлерінің жауаптылығы |
Дискуссия, шағын топтармен жұмыс |
3 |
|
Барлығы |
|
15 сағат |
Студенттің оқытушымен жүргізетін өздік жұмысының тақырыптық жоспары (СОӨЖ)
№ |
Тақырып |
Өткізу нысаны |
Академиялық сағаттың ұзақтығы |
1 |
Медициналық құқықтың қайнар көздері және азаматтардың денсаулығын қорғау туралы заңнамалардың |
Тест сұрақтарын шешу |
3 |
2 |
Медициналық қызмет аясындағы мемлекеттік – құқықтық реттеу |
Ситуациялық есептерді шешу |
4 |
3 |
Қазақстан Республикасындағы медициналық көмектің түрлері |
Тест сұрақтарын шешу және ситуациялық есептерді шешу |
4
|
4 |
Медицина қызметкерлерінің қылмыстық – құқықтық, әкімшілік – құқықтық, азаматтық - құқықтық жаупкершілігі |
Тест сұрақтарын шешу және ситуациялық есептерді шешу |
4 |
|
Барлығы |
15 сағат |
|
Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптық жоспары (СӨЖ)
№ |
Тақырып |
Орындау нысаны |
Академиялық сағаттың ұзақтығы |
1 |
Медициналық қызметтің түрлері мен мазмұны |
Тақырып бойынша презентация және реферат қорғау |
3 |
2 |
Азаматтар мен пациенттердің құқықтық мәртебесі |
Тақырып бойынша презентация және реферат қорғау |
3 |
3 |
Трансплантация және донорлық |
Тақырып бойынша презентация және реферат қорғау |
3 |
4 |
Дәрігерлік құпия және дәрігерлік қателік |
Тақырып бойынша презентация және реферат қорғау |
3 |
5 |
Халықаралық медициналық құқық |
Тақырып бойынша презентация және реферат қорғау |
3 |
|
Барлығы |
|
15 сағат |
2.8 СӨЖ тапсырмалары
Презентация дайындау және реферат дайындау
2.9 Ұсынылатын әдебиеттер мен нормативтік актілер тізімі:
Негізгі:
Сергеев Ю.Д. Медицинское право.- М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009
Нормативтік-құқықтық актілер:
Конституция РК (с изменениями и дополнениями, внесенными законом РК от2011гг.)//adilet.zan.kz//
Кодекс РК «О здоровье народа и системе здравоохранения» (с изменениями и дополнениями от 2011г.)//adilet.zan.kz//
Кодекс РК «Об административных правонарушениях» (с изменениями и дополнениями от 2013г.)//adilet.zan.kz//
Гражданский кодекс РК (с изменениями и дополнениями от 2013г.)//adilet.zan.kz//
Трудовой кодекс РК(с изменениями и дополнениями от 23.04.2014г.)//adilet.zan.kz//
Уголовный кодекс РК (с изменениями и дополнениями от 2014г.)//adilet.zan.kz//
Қосымша:
Оспанов Қ. Основы права Алматы: Жетіжарғы, 2010
2.10 Сабақ беру және оқу әдістері: тәжірибелік сабақ, СОӨЖ, СӨЖ өткізу нысаны.
Тәжірибелік сабақты оқыту әдістері
Тапсырмаларды тақырыптар бойынша орындау, дискуссия, шағын топпен жұмыс, ролдік ойындар, ситуациялық есептерді шешу, тест сұрақтарын шешу.
СОӨЖ ұйымдастыру нысаны
тест сұрақтарын шешу, ситуациялық есептерді талқылау және шешу.
СӨЖ ұйымдастыру нысаны
өзіндік жұмыста көрсетілген сұрақтарға қатысты әдебиеттермен жұмыс, оқу әдебиеттерімен, интернетпен, оқу және ғылыми материялдардың электрондық нұсқаларымен жұмыс, презентация және тақырыптық рефераттар дайындаужәне оларды қорғау.
2.11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:
- ауызша сұрау (студент тақырып бойынша сабаққа дайындалып келуі керек) СӨЖ және басқада барлық тапсырманы тапсыру кезінде студент 60%, ал емтиханнан – 40% жинауы тиіс.
Ағымдағы бақылау: Студенттер білімін ағымдағы бақылау тәжірибе сабақтарын орындау, аралық бақылау өткізу, өзіндік жұмыстарды (реферат, глоссарий, презезентациялар және т.б.) орындау барысында жүзеге асады. Сабақта қандай құзіреттер болатындығына байланысты студенттер білімі әрбір құзірет бойынша бағаланады (құзіреттердің қамтылуы).
Тәжірибелік сабақ бойынша біліктілікті бағалау компетенциясы
№ |
Тақырып |
Біліктілікті бағалау компетенциясы |
||||
Білім |
Тәжірибелік дағды |
Коммуника-тивтік дағды |
Құқықтық білім |
Өзіндік оқу |
||
1 |
Медициналық құқық құқық саласы, заңнама және оқу пәні ретінде |
+
|
-
|
+
|
+
|
+
|
2 |
Медициналық құқық субъектілері |
+ |
- |
- |
+ |
+ |
3 |
Медициналық қызметтің жекеле-ген түрлерін құқықтық реттеу |
+
|
+
|
- |
+
|
+
|
4 |
Медицина қызметкерлерінің жауаптылығы |
+
|
+ |
+
|
+
|
+
|
|
Барлығы 15 |
4 |
2 |
2 |
4 |
4 |
Ағымдық бақылау құзыреттің қалыптасу деңгейін t - бағалау
t = (Z+N+K+P+S)/n
мұнда n – барлық құзытер бойынша тапсырма саны
Z: z1+z2+…+zn - білімін бағалау
N: n1+n2+…+nn - дағдыны бағалау
K: k1+k2+…+kn - коммуникативті дағдыны бағалау
P: p1+p2+…+pn - құқықтық дағдыны бағалау
S: s1+ s2+…+sn - СӨЖ бағалау
Рубеждікбақылау: тест/ауызша сұрақ және есептерді шешу түрінде коллоквиум. Жіберу рейтингі – студенттің қорытынды бағасының 60 % кем емес, келесі формуламен анықталады
Rд= (t+r1+r2)/ *0.6
мұнда , t – ағымдық бақылау
r1 - біріншірейтинг,
r2– екінші рейтинг
Қорытынды бақылау: интеграцияланған емтихан, екі этаптан тұрады:
1) тестілеу,
2) ауызша жауап(билеттер бойынша, тәжірибелік дағдыны тексеру және т.б.)
Eд= (E1+E2)/ 2*0.4
мұндаЕ1 -емтиханның I этабындағы балл,
Е2–емтиханның II этабындағы балл
Кеңес беру уақыты – сабақ кестесі бойынша
Қорытынды бақылау уақыты – семестр соңында ОҮЖжББ кестесі бойынша
Студенттің оқу жетістіктерін бағалаудың емтихандағы төрт баллдық жүйе бойынша сандық эквивалентіне сәйкес келетін әріптік жүйесі
Студенттің білімін бағалау жүйесі
Бақылаудың әрбір этабындағы максималды балл саны (ағымды, рубеждік, СӨЖ және емтихан) - 100 балл.
Максималды балл:
- тәжірибелік сабаққа = 100 балл (ауызша сұрақ -100б.+ тест – 100 б.+ өзіндік жұмыс – 100 б./3);
- рубеждік бақылауға= 100 балл (ауызша сұрақ -100 б.+ тест – 100 б.+ өзіндік жұмыс – 100 б./3);
- СӨЖ = 100 балл (СӨЖ барлығы 5 тақырып, СӨЖ барлық тақырыптары қорытынды бақылау сұрақтарына кіреді, студент пәнді оқу барысында тапсыру керек 1 СӨЖ = 100 балл, барлығы 1 х 100 = 100 балл);
I = Rx 0,6 + Ex 0,4,
мұнда I - қорытынды баға
R– жіберу рейтингі бағасы
E– қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан)
Рейтинг I-ң 60% құрайды,
Емтихан – I-ң 40% құрайды
R = (t+r)/2,
мұнда t – ағымдық бақылау
r – рубеждік бақылау
Білім берудің сызықтық жүйесінде:
t = Торт + СӨЖ орт
Торт – тәжірибелік сабақтарға қойылатын орташа баға (зертханалық, семинар)
СӨЖорт – СӨЖ орташа баға
Rжіберу = (R1 + R2)/2
мұнда R1 және R2 – бірінші және екінші рейтинг.
Егер Rжіберу 50 үлкен немесе тең болса студент емтиханға жіберіледі.
Ағымдық бақылау
Когнитивті дағдылар бағасы (білім)
№ |
Бағалау критерилері |
Деңгейі |
|||
Өте жақсы |
Жақсы |
Түзетуді қажет етеді |
Қолайлы емес |
||
1. |
Тақырыпқа жоспар, құрылымдық мазмұн және дайындық деңгейі |
20 |
15 |
10 |
0 |
2. |
Заң тұрғысында логикалық ойлау қабілеті |
20 |
15 |
10 |
0 |
3. |
Айтылатын материалдың қойылған сұраққа сәйкестігі |
20 |
15 |
10 |
0 |
4. |
Берілген стуациялар және заң процесстеріне нақты жауабтың болуы |
20 |
15 |
10 |
0 |
5. |
ҚР – дағы ситуациялар, мемлекеттік – құқықтық процесстер, сондай – ақ халықаралық тәжірибелерді құқықтық доктрина ретінде қолдану |
20 |
15 |
10 |
0 |
|
Қорытындысы |
100 |
75 |
50 |
0 |
