Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстық жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
53.21 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе ..........................................................................................................................3

I-тарау

1.1. Құқықтық тәртіптің түсінігі.............................................................................5

1.2. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің ара-қатынасы.....................................5

II –тарау

2.1. Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері..........................5

2.2. Занды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері.........................................22

Қорытынды...............................................................................................................31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................32

Кіріспе

Қоғам тәртіпке, заңдылыққа негізделіп, соған арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейтін қағидалардың, есерімен орнатылады. Қоғамдағы барлық қарым-қатынасты құқықтық реттеу өте күрделі; ол көп салалы, көп жүйелі процесс, Құқықтық басқарудың екі күрделі бағыты: құқықтың қоғамдағы қатынастарға тигізетін әсері, ықпалы және құқықтық реттеудің, басқарудың рөлі. Бұл екі процесті қосып айтқанда - қатынасты құқықтық реттеудің, басқарудың механизмі дейді. Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеу механизмі құрылымының элементтері: құқықтық норма, құқықгық қатынас және заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы акті.

1). Құқықтық норма - арқылы қоғамдағы заңдылықтың, тәртіптің талабы, мазмұны, шеңбері, мүдде-мақсаты анықталады; олардың орындалу бағыттары, жолдары, тәсілдері көрсетіледі. Егер дұрыс орындалмаса, жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі.

2). Құқықтық қатынас арқылы субъектілердің арабайланысын мүдде-мақсатын, құқық пен міндеттерін анықтап, біліп отырады. Ол мүдде-мақсаттарды қандай нормативтік актілер арқылы іске асырады; қатынастың басталуы мен аяқталуы көрсетіледі.

3). Заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы актіде қатынастың толық орындалып, аяқталуы; мүдде-мақсаттың екі жақты іске асуы; дұрыс орындалмаса себептері көрсетіледі, оны түзеу, орындау жолдары анықталады. Осы үш элементтерге сәйкес қатынасты реттеу механизмі үш кезеңге бөлінеді: қатынастың басталуы, ол қатынасты реттеу үшін жаңа норманың өмірге келуі, субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің орындалуы. Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу механизмінің жақсы сапалы жұмыс атқару үшін субъектілердің рухани сана-сезімі, құқықтық білімі, мамандық тәжірибесі жоғары дәрежеде болуы керек. Мемлекет осы мәселелерге зор көңіл бөледі.

Себебі бұл механизмнің алдында тұрған мақсат қоғамдағы ең күрделі, аса жауапты мүдде-мақсат - ол нормативтік актілердің дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз ету. Сол арқылы халықтың бостандығын, теңдігін дұрыс дамыту, қоғамда әділеттікті, демократияны орнату, құқықтық мемлекетті қалыптастыру.

    1. Құқықтық тәртіптің түсінігі.

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. 

Құқықтық тәртіп - бұл субьектілердің құқықтық мінез-құлығымен сипатталатын қоғамдық қатынастар жүйесі; бұл әлеуметтік байланыстардың реттелу жағдайы, заңдылықтың шынайы қоғамдық қатынастарға айналуының нәтижесі.

Құқықтық тәртіптің ерекшелеіктері:

а) ол құқық нормаларында жоспарланған;

ә) осы нормаларды жүзеге асырудың нәтижесінде туындайды;

б) мемлекетпен қамтамасыз етіледі;

в) қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылуына жағдай жасайды;

г) заңдылықтың нәтижесі болып табылады.