- •Конспекты лекций
- •9. Ағаш шебі және балташы жұмыстары
- •9. 1. Ағаш негізді құрылыс материалдары.
- •9.2.Ағаш элементтерін байланыстыру амалдары.
- •Сурет 9.3. Бөренелердің кесілген бұрыштарын жалғау:
- •Сурет 9.4. Ағаш элементтерді ұзарту:
- •9.3. Ағаш құрылымдарды дайындау және құрастыру.
- •Сурет 9.5. Төбені ірілендірілген элементтермен жинақтау:
- •9.3.1. Ағаш үйлердің қабырғасын құрастыру.
- •9.3.2. Ағаш бұйымдардың тас ғимараттарда қолданылуы.
- •Сурет 9.6. Монтаждау жігінің принципиалды сұлбасы:
- •Сурет 9.7. Әртүрлі материалдардан жасалған терезе блоктарын орнатқан кездегі монтаждау саңылауларының өлшемдері
Сурет 9.6. Монтаждау жігінің принципиалды сұлбасы:
I – сыртқы су оқшаулағыш бу өткізу қабаты;
II – орталықтандырылған жылу оқшаулау қабаты;
III – ішкі бу оқшаулау қабаты
Құрылым мен ішкі қабат материалдары орталық қабаттың, бөлме жағынан келетін сулы будың ықпалын сенімді оқшаулағыш материалымен қамтамасыз етілуі керек.
Құрастыру саңылауының ішкі келбетіне қолданылатын бу оқшаулағыш материалдар біркелкі, үзіксіз, жыртылмай , желімсіз болуы тиіс.
Құрастыру тігісінің әртүрлі қабаттарына қолданылатын материалдар, және де қабырға ойықтарына қолданатын материалдар, терезе қораптары мен бекіту құралдары бір-бірімен байланысты болады.
Құрастыру тігісіне қолданылатын материалдардың ұзақмерзімді қызмет ету уақыты 20 жылдық белгіленген уақыттан аз болмау керек.
Құрастыру саңылауының ұсыну өлшемі (жіберілетін ауытқу шегін есептегенде) ГОСТ23166 бойынша, терезе шығырын құрастыру кезі 9.7. суретте көрсетілген.
Терезе шығырының бөлшектелініп жиналған қорабының ауытқуы тігінен және көлденеңінен 1,5мм 1м ұзындыққа, 3мм бұйымның биіктігінен аспауы керек.
Терезе құрылымы мен ойығын құрастыруды дайындаған кезде, келесі талаптарды орындау керек:
Терезенің ішкі және сыртқы жақтауының беті мен жиектері, ойық, сылақтың бір жерге үйілуі, тесілуі сияқты басқа зақымдары биігінен (ойынан) 5мм көп болмауы қажет. Кемшілік жерлері суға берік құрамы бар тығындауышпен (шпаклевка) толтырылуы тиіс. Қабырға ойығының бос жерлері (мысалы: қуыс тігісін қаптау және кірпіш калауының негізгі кабатын, маңдайша мен кірпіш қаланған тігістерін, бос жерлерін, терезе ауыстырған кезде, терезе қорабын алыт тастаған кезде) қатты жылуөкізбейтін үстемелермен толтырып немесе залалсыздандырылған ағш өнімімен тегістелінеді.
Майлы заттармен ласталынған жерлерін, майын кетіру керек. Бос, үгітіліп тұрған жерлерін қалпына келтіріп, байланыстыратын құрылыммен немесе арнай пленкалы материалдармен тегістелінеді.
Құрастыру тігісіне орама материалдарды орнатпас бұрын терезе ойықтары мен құрылымдар шаң мен ластан тазаланады, ал қыс мезгілінде - қардан, мұздан, қыраудан ерітіледі.
1 ағашты терезе шығырының құрастырылуы.
2 алюминиймен ПВХ пішінінен құрастырылған терезе шығыры.
а) жан-жағынан өлшемдері 2000 мм дейінгі алюминий құймаларынан жасалған терезе блоктары
б) жан-жағынан өлшемдері 2000 мм дейінгі ПВХ-дан жасалған, сондай ақ жан-жағынан өлшемдері 2000 мм-ден 3500 мм-ге дейінгі алюминий құймаларынан жасалған терезе блоктары.
Сурет 9.7. Әртүрлі материалдардан жасалған терезе блоктарын орнатқан кездегі монтаждау саңылауларының өлшемдері
Өз-өзін тексеруге арналған сұрақтар.
Ағаш ұстасы жұмысы мен ағаш шеберханасы жұмысының қандай айырмашылығы бар?
Ағаш бөлшектерін құрастыру.
Ағаш ұстасының құралдары.
Ағашты үйдің қабырғасын құрастыру.
Шығырға бекітілген ағаш шатырды құрастыру.
Терезе ойықтары мен есік ойықтарының монтажды көбікті пайдаланып, толтыруын айтып беріңіз.
