Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 9 ОСД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.91 Mб
Скачать

9.3.2. Ағаш бұйымдардың тас ғимараттарда қолданылуы.

Ғимарат тұрғызған кезде ағаш бұйымдар контейнермен жиынтықталынып келеді. Бұйымдардың жыйынтығы ғимараттың жоспарымен анықталынады. Контейнерге тиелген жүктің салмағы құрастыру кранының жүк көтеру салмағына сай болуы тиіс. Осы бағытпен есік пен терезе шығырлары, кіріктірме шкафтар, антресольдар, терезе асты тақтайлары да жеткізіледі.

Бір рет боялған бұйымдар жиынтық құралдарымен және жинақталатын материалдар жалпақталынған дайын шығыр түрінде жеткізіледі.

Терезе мен есік шығырлары нұсқада көрсетілгендей қабырғады көтерген уақытта немесе дайын ойықпен (проем) орналастырылады.

Терезе шығырларын орналастырған кезде немесе уақытша бекіткен кезде негізгі тегістеу әдісі, шығырды ортасынан белдіктеу, оның төменгі қабаттардың шығыр белдіктерімен тұспа-тұс келуін, шығырдың қабырғадың сыртқы жағына артық шықпауын тексеру, шығырдың тігінен тегіс болуын, шығырдың қөлденең тегіс жатуын тексеріп орналастыру қажет.

Шығырдың жан-жақты ұзындығын оқшаулайды. Шығырды орналастыру кезінде оны терезе ойығына берік орналастырып, қабырға мен екі ортдағы тесіктерін толтырғышпен толтыру қажет. Шығыр темірқармақпен бекітілінеді, арнайы залалсыздандырылған ағаш тығындар орналастырылады, қабырғасығына монтаж пенасымен толтырылынып немесе гипс растворына оралған талшықпен бітелінеді.Терезе мен есік ойықтарының жұмысы жақтаулардың сылақтанумен немесе пластикалық жақтау орнатумен аяқталынады.

Талапқа сай үйлесімділік ГОСТ 3071-2002 « Қабырға ойықтарының терезе шығыры тігісінің түйінінің жанасуын құрастыру» терезе шығырының құрылымын құрастыру тігісінің түйінін қабырға ойықтарына жанастыру келесі пайдалану сипаттамаларымен топтастырылады:

  • Жылу өтуіне тойтарыс;

  • Күш пайдалану ықпалына берік;

  • Ауа өткізгіш;

  • Су өткізгіш;

  • Дыбыс өткізбеу;

  • Бу өткізгіш.

Құрастыру тігісі негізгі атқарымдық тағайындаудан тұратын үш қабаттан тұруы қажет:

Сыртқы - суөткізгіш , буөткізгіш;

Орталық -жылу өткізгіш;

Ішкі - буөткізгіш.

Құрастыру тігісінің негізгісінен басқа, әрбір қатары, қосымша атқарымдарды орындайды (мысалы, сыртқы қабат елеулі жылуөткізгіш қарсылығы болады), сондықтан құрылым сипаттамасын есептеген кезде ескеру керек. Негізгі жобада құрастыру тігісі 9.6. суретте көрсетілген.

Құрылымның құрастыру тігісі түрлі пайдалану ықпалына нық болуы қажет: атмасфера әсеріне, бөлмеден келетін қысым мен ылғалдылыққа ықпал ету, күштік (қысымдық, отырудан және т. б. ) түр өзгеруінен.

Сырт пішініне байланысты қабырға ойықтарының құрастыру тігісі тіке болып (терезе ойығы ширексіз) немесе бұрышты (терезе ойығы ширекті) келуі ықтимал.

Құрастыру тігісі сыртқы жағынан арнайы бейінді бөлшектермен: жаңбырдан қорғайтын тігіс бітегіш, дыбыс оқшаулағыш қаптама және тағы басқалары.

Құрастыру тігісі сыртқы жағынан сылақ қабатымен немесе терезе жақтауын қаптайтын қаптама бөлшектерімен қаптауы мүмкін.

Құрастыру тігісінің сыртқы қабаты белгіленген есептеу бойынша, жаңбырдың ықпалынан, сыртқы және ішкі бетінің құрастыру тігісі су өткізбейтін болуы қажет.

Сыртқы қабатты орналастырған кезде, терезе ойығы мен терезе шығырының жақтауы бетіне агдезияға ие материалдарды қолдану керек.

Сыртқы қабаттың оқшаулағыш материалдары (қолдану кезінде күн сәулесінің ықпалынан қорғалмаған) ультро фиолеттік сәулеленуіне берік болуы керек.

Сыртқы қабаттың материалдары орталық қабат тігісінен шығатын булы ылғалдың жойылуына жол бермеу керек.

Орталық оқшаулағыш қабаты құрастыру тігісінің жылу өткізуіне қарсы талаппен қамтамасыз етуі қажет.

Құрастыру тігісін жылуоқшаулағыш материалдармен тігіс бойына, бос орын қалдырмай,үзіліссіз, саңылаусыз бірқалыпта толтырылуы керек.

Қабаттардың бөлектенуі, саңылаулар, тесіп өткен саңылау сонымен қатар 10мм кішкене ойықтар болмауы керек.

Қажет болған жағдайда сытқы ойықтан, орталық оқшауланған қабатқа келетін ылғалдың ықпалын жою үшін қабырғадың ішкі беті ойығы мен құрастыру тігісі арасын буоқшаулағыш лентасымен орауға болады.