- •Конспекты лекций
- •9. Ағаш шебі және балташы жұмыстары
- •9. 1. Ағаш негізді құрылыс материалдары.
- •9.2.Ағаш элементтерін байланыстыру амалдары.
- •Сурет 9.3. Бөренелердің кесілген бұрыштарын жалғау:
- •Сурет 9.4. Ағаш элементтерді ұзарту:
- •9.3. Ағаш құрылымдарды дайындау және құрастыру.
- •Сурет 9.5. Төбені ірілендірілген элементтермен жинақтау:
- •9.3.1. Ағаш үйлердің қабырғасын құрастыру.
- •9.3.2. Ағаш бұйымдардың тас ғимараттарда қолданылуы.
- •Сурет 9.6. Монтаждау жігінің принципиалды сұлбасы:
- •Сурет 9.7. Әртүрлі материалдардан жасалған терезе блоктарын орнатқан кездегі монтаждау саңылауларының өлшемдері
Сурет 9.5. Төбені ірілендірілген элементтермен жинақтау:
1 – тіректі қалқандар, 2– тор подкостар, 3 – уақытша бекітулер, 4 – мауэрлат,
5 – итарқа қалқандары, 6 – үшбұрышты ферма,
7 – тор қалқандары, 8 – шардақ бойынша жүруге арналған төсем
Зауыттан шығарылған ағаш үйлерді құрастыру толассыз әдісімен жетілдіріленеді.
Көлденең қаттылығы жеткіліксіз ағаш құрылымдар, алдын ала уақытша белдемемен күшйтіледі, қаптамамен, тіреуішпен күшейтіледі. Белдемемен күшейтілінген жері майысып кетуден қорғайды.
9.3.1. Ағаш үйлердің қабырғасын құрастыру.
Ағаш бөренелі үйлерді, дайындалған және салыстыра тексерілген іргетастың үстіне жинайды. Іргетастың үстіне құрастымас бұрын көлденеңінен гидрооқшаулық 2-3 қабат қарақағазды мастикамен желімделінеді немесе басқа орамалы гидрооқшаушы материалды қолданады. Іргетастың үстіне антисептик сіңдірілген 50мм құрғақ ағаш төселінеді.Кесуге арналған бөренелерді мүмкіндік бойынша жас болмаған жөн.Бөренелер бір қатар салынып, келесі қатар түйінделіп жан-жағына салынады. Бөрене бір-бірімен көлденеңінен нагелиямен бекітеді. Әрбір қатар салынған бөренелердің тігі мен көлденең тегіс болуын,бұрыштар мен қабырғадың тегіс болуын үнемі қадағалап отыру керек. Әрбір қатардың арасын нығыздағышпен толтырады - мүк, қалдық-талшық ,зығыр мақта. Кесіндінің биіктігін көтергенде, оның 3% отыратынын ескеру керек. Ағаш өнімдерін орнықтырып, еден арқалықтарын құрып ал төбе жабындысын отырғаннан кейін құрастыру керек.
Есік, терезе ойықтарының да биіктігін орнықтырғанда оның да отыратынын естен шығармау қажет. Бөренелер толық отырғаннан кейін, оның араларын тығындау жұмыстарын, ағаш қалақшалардың көмегіне жүргіземіз.
Қырлы ағаштан тұрғызылатын үйдің қабырғасын құрастыру.
Қырлы ағаштан салынатын қабырғадың қырлы ағаштары іргетастың үстіне 2-3 қабат қарақағазды мастикамен желімдеп орнатады. Қырлы ағаштың төменгі қатарларын антисептикпен залалсыздандыру керек. Қырлы ағаштарды қисайтпай,міндетті түрде тегістеп, көлденеңінен салу керек. Қырлы ағаштардың арасына салқыннан қорғау үшін жылытқыш қабатын салады. Қырлы ағашың жоғарғы жағын нагелиямен біріктіреді. Қырлы ағаштан қабырға жинаған кезде тік болуын тексеріп, қадағалауды естен шығармау керек.
Ағаш қаңқалы үйдің қабырғасының құрастырылуы. Қаңқалы үйдің қабырғасы жақтаулардан тұрады, 50х80 және 50х100мм қырлы кесінділерден жиналып, шегеленеді. Іргетастың үстіне тегістелініп көлденеңіне гидроизоляция салынады. Оның үстіне алдын-ала залалсыздандырып, жертөленің төменгі бекіткішін бекітеді. Қабырғады дәйекті (последовательно) түрде жиналынады. Алдымен ұзына бойлы жақтауды орналастырамыз. Берік болуы үшін, тақтайлармен бекітеміз, сонсоң бүйіржақ қабырғадың жақтауын орналастырамыз.
Жақтауларды мұқият өлшеуіштермен тегістегеннен соң, тігінен өлшейтін өлшеуішпен өлшеп жертөленің бекіткішіне шегелейміз. Сосын қаңқаның сыртқы жағына қатты қалың қағазбен не болмаса қатты ағашталшықты плитамен қапталынады да, не болмаса сиректелінген қаптама шегелеп тегістей сылақталынады. Ішкі жағынан сиректелінген қаптамамен қаптап, оған кептірілген гипсті сылағын бекітеді. Ішкі және сыртқы қаптамалардың арасын орнату кезінде минералдымақтамен толықтырылып отырады.
Қалқанды үйдің қабырғасын құрастыру. Қалқанды үйлердің қабырғасын жылы қалыпқа келген қалқаннан жинайды. Қалқанның сыртқы жағын сүргіленген қаптамамен, ал ішін қатты ағашталшықты плитамен немесе құрғақ гипсты сылақпен қаптайды.
Іргетастың үстіне гидроизоляция орналастырған соң, минералды үзік(войлок) қабатын төсеп, оның үстіне- 50х80мм қырлы ағашпен жертөле бекіткішіне бекітіп, шегеленіледі. Қабырғады дайын қалқандармен құрастырады. Алдымен бұрыштарына екі қалқанды тік бұрыштап орналастырып, тігінен тегістігін тексеріп, уақытша қиғаштап қойылған тірекпен тіреп қояды. Қелесі бұрышқа жеткенге дейін келесі қалқанды орналастырады т.с. Қалқандар толығымен жиналғанда, алдын-ала сызып алған кескінге сай орнығуы тиіс. Қалқанды құрастырған кезде олардың аралары тығыз болуын қадағалаған жөн.
