- •Конспекты лекций
- •9. Ағаш шебі және балташы жұмыстары
- •9. 1. Ағаш негізді құрылыс материалдары.
- •9.2.Ағаш элементтерін байланыстыру амалдары.
- •Сурет 9.3. Бөренелердің кесілген бұрыштарын жалғау:
- •Сурет 9.4. Ағаш элементтерді ұзарту:
- •9.3. Ағаш құрылымдарды дайындау және құрастыру.
- •Сурет 9.5. Төбені ірілендірілген элементтермен жинақтау:
- •9.3.1. Ағаш үйлердің қабырғасын құрастыру.
- •9.3.2. Ағаш бұйымдардың тас ғимараттарда қолданылуы.
- •Сурет 9.6. Монтаждау жігінің принципиалды сұлбасы:
- •Сурет 9.7. Әртүрлі материалдардан жасалған терезе блоктарын орнатқан кездегі монтаждау саңылауларының өлшемдері
Конспекты лекций
9. Ағаш шебі және балташы жұмыстары
Ағаш - құрылыс алаңына құрылыс материалы болып жеткенге дейін бірнеше кезеңнен өтеді: ағашты әзірлеу, ағашты кесу, ағашты өңдеуден өткізеді. Ағашты әзірлеу – бұл бірінші оны құлату, бұтақтарын шауып, бөлшектеу. Ағашты кесу - келген дөңгелек ағаштарды арамен әр түрлі өлшемде кесіп және оны кептіруі. Ағашты өңдеу - ағаш материалынан құрылысқа қажетті ағаш өнімдерін әзірлейді.
Ағашты пайдаланатын құрылыстағы барлық жұмыстар ағаш шеберханасы және ағаш ұсталық жұмыстары болып екіге бөлінеді. Ағаш ұсталық жұмыстарына: бөрене, діңгек, ағаштарды өңдеу, шабу арқылы қажетті элементтерін жинау, бұрандама мен шегелер, іргетас элементтерін әзірлеп және оны орнықтыру, ағаш қабырғаларды кесу, жабынды төсеу, арқалық жабындысын орнату; итарқасын орнату, төбе жабу, іргетас шегенін бекіту (опалубкасын), тақтай едендерді,сылақ астында қалатын аралық қалқа, төсеме тақтай, құрылыс ағаштары жатады. Ағаш шебері жұмыстары ұсақ жұмыстармен айналысады. Бұл паркет төсеу, таза аралық қалқа, есік, терезе орналастыру, жиһаз жинау.
9. 1. Ағаш негізді құрылыс материалдары.
Маңызды құрылыс ағаштарына жататындар: жұмыр ағаш материалдары, ағаш өнімдер, үйеңкі өнімдері мен құрылымдары, ағашжоңқалары, ағашты-цементті, ағашталшықты плиталар, арболит, фибролит, ксилолит және т.б.
Жұмыр ағаш материалдары - ағаш қабыршағы мен бұтақтарынан тазаланған, әртүрлі тұқымды және өлшемдегі ағаштың діңгек кесіндісі. Толығымен жұмыр ағаш материалдары құрылыста қабырға тұрғызу жұмыстарында пайдаланады және тіреу ретінде,
электр сымдарын ұстайтын бағана жұмысын, жол, көпір жұмыстарында төсеніш ретінде, құрылыс алаңын қоршауда т.б. қолдады.
Жұмыр ағаштардың арасынан іріктелініп алынған, табиғи құрылымын сақтап қалған ағаштар, ағаш өнімдер, шабылған ағаш материалдары (бөшке шегелеуге арнаған), аршылғн кілтек (шпон) тагы басқалары өңделген материалға жатады.
Кесілген материалдар – бұл бөренені бөлшектегенде алынатын өнім, стандартқа сай сапасы мен өлшемді, тұтас күйінде де, өңделіп әзірлеген күйінде де қолдануға болатын ағаш өнімдері мен бөлшектері.
Кесінді материалдардың ұзыны мен енін жалпақ жағын - қабаты, қыртысы (плат) деп атайды. Ұзын жіңішке жағын – жиегі, ал перпендикуляр жағы – бүйіржағы аталынады. Қыртыс сызығының кесіндісін- қабырғасы деп аталады. Бөрененің жоғарғы бөлшегін, кесілген материалдың қалдығын –обзол деп аталады.
Тұқымына қарай кесілген материалдар басты екі группаға бөлінеді: жапырақты және қылқан жапырақты (хвойные) . Көлденең кесілген көлеміне қарай қырлы бөренлер, қырлы ағаштар, тақтайлар деп атайды.
Қырлы бөренелер – қалыңдығы мен ені 100м дейін одан да үлкен кесілген материал. Кесілген қабаттарының санына қарай екі-, үш-, төрткантты қырлы бөренелерге бөлінеді.
Қырлы ағаш - кесілген ағаштардың көлемі 100м дейін және ені қос қалыңдықтан кем емес ағаш.
Тақтайлар –кесілген материалдың қалыңдығы 100м дейін ені қос қалыңдықтан кем емес.
Кесілген материалдар – кесілген және кесілмеген болуы мумкін. Кесілген ағаштардың қыртысы мен жиектері ұзыны бойына кесілінеді, ал кесілмеген материалдың қыртыс жағы кесіледі де, ал жиек жақтары кесілмейді, кесілмеген бөлшектердің үлкендігі
кесілген ағаштардың өлшеміне қарағанда үлкен бола береді.
Ағаш кесінділерін кескен кезде қосымша ағаш өнімдері шығады оны – кесінді, шет тақтай (обапол) деуге болады. Шет тақтай – бөренені кескен кезде жанында қалатын кесінді, бір жағы кесілген ал екінші жағы кесілмеген немесе алалап кесілінген.
Кесілген ағаштардан құрылысқа қажетті көптеген түрлі бұйымдар мен бөлшектер: шпал, шашка (темір жол, көпір құрылысына қолданады), қабырғатылай әзірленген бұйымдар (тақтайлар, қырлы ағаштар, еденге арналған қырлы ағаштар, тығын ағаштары, еденкемерлер, галтелдер, жақтаулар, желімденген ағаш бөлшектері, ағаш жаңқа плиталары, ағаш талшықты плиталар, жұқа қабатты тақтайлар т.б.)
