- •Бизнес-жоспар Күміс Электрқозғалтқышты көлік машина жасау зауыты
- •Жобаның тұжырымдамасы
- •2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
- •3. Өндірістер бағдарламасы
- •4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы
- •4.2 Маркетинг стратегиясы
- •5. Ұйымдастыру, басқару және құрам
- •7. Жобаны іске асыру
- •7.1 Іске асыру жоспары
Бизнес-жоспар Күміс Электрқозғалтқышты көлік машина жасау зауыты
2015 жыл
Резюме
Жобаның тұжырымдамасы ОҚО Ленгір қаласында машина жасау зауытын ашуды қарастырады.
Зауыт шығаратын негізгі өнім түрлері Электрлі автокөліктер, көлік әйнектері және Электрқозғалтқыштары болады.
Кейіннен өндірілетін өнімнің түр-түріне көлік қосалқы бөлшектері қосылуы мүмкін.
Жоспарланған цехтың нысаналы тобы өз өндірісінде шығарылатын өнімді пайдаланатын құрылыс ұйымдары болады.
Тұтынушылардың екінші тобына жеке үй шаруашылықтарын жатқызуға болады.
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды::
Шығыстар, АҚШ доллары |
|
Негізгі капиталға инвестициялар |
47 000 000 |
Айналым капиталы |
73 000 000 |
Барлығы |
120 000 000 |
Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.
Шығыстар |
Сомасы |
Кезеңі |
Үлесі |
Негізгі капиталға инвестициялар |
47 000 000 |
09.2016 |
39,2% |
Айналым капиталы |
73 000 000 |
09-12.2016 |
60,8% |
Барлығы |
120 000 000 |
|
100% |
Кәсіпорын қызметінің жобаның 5 жылына арналған тиімділік көрсеткіштері.
Жылдық пайда (5 жыл), АҚШ доллары |
28 000 000 |
Активтердің рентабельділігі |
23,3% |
Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
- Оңтүстік Қазақстан облысында 483 жаңа жұмыс орнын құруға;
- ОҚО бюджетіне қосымша кірістердің түсуіне.
Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады:
- Әлем тұтынушыларының электрсыйымдылығы жоғары аккумуляторлы, тартысы жақсы электркөліктерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Кіріспе
Барлығы білетіндей, қазіргі таңда әлем адамдары тарту күші жақсы, аккумулятор қуаты ұзаққа жететін, қоршаған ортаға залалы минималды электркөліктеріне зәру. Менің және менің командамның зерттеуі бойынша, бұл мұқтаждықты қанағаттандыруға 2015ж ақпан айынан бері мүмкіндіктер ашылып отыр. Яғни Испанияда `Grapheneno` компаниясы биыл 8 минутта энергиясын толтырып, ол энергия 1000 км жолжүріске жарайды. Бұл аккумуляторды жасау процессі қоршаған ортаға еш зиянын тигізбейді, ал көзін жою кезінде бірнеше проблемалар бар, бірақ, оның көзін жоймай, шексіз түрде қайта өңдеуге ұшырай алады. Күміс сыммен оратылған электрқозғалтқыштың күші дәл сондай өлшемдегі мыс сыммен оратылған электрқозғалтқышынан 18 есе күшті екенін зерттедік.
Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасы Электрлі автокөлік өндірісін алға қоюды көздейді. Автоиндустрия әлемдегі ең қиын сала болғанына қарамастан, Тұтынушылар біздің тауарды сатып алуына серпіліс беретін бірнеше факторды атап өтейік:
Бір зарядталған энергиямен 1000 км қашықтықты еңсеруге болады
Қозғалтқыш күмістен болғандықтан, оның үдеуі мен жылдамдығы өз классындағы көліктердің барлығынан жоғары болады
Екі пункт бойынша әлемдік рекорд (атап айтқанда ең жылдам электркөлік және ең үдемелі электркөлік) орнатудан кейін бүкіләлемдік БАҚ құралдыры біз жайлы хабарлайтын болады
Маркетинг бойынша стратегиалар ең жоғары деңгейде болмақ
