Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2015-2016_UMKD_KAZ_OM.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.6 Mб
Скачать

2.Мақсаты:

микроорганизмдердің морфологиясы мен физиологиясы бойынша алған білімін бақылау

3. Оқытудың міндеттері:

-микроорганизмдердің морфологиясы бойынша материалды меңгеру дәрежесін анықтау;

- микроорганизмдердің физиологиясы бойынша материалды меңгеру дәрежесін анықтау;

- микроб-аэробтардың таза дақыл бөліп алудың негізгі кезеңдері бойынша материалды меңгеру дәрежесін анықтау;

- микроб-анаэробтарды дақылдандыру әдістері мен негізгі ВЧК бойынша материалды меңгеру дәрежесін анықтау;

- микробтың бөлінген таза дақылын идентификациялау принципі бойынша материалды меңгеру дәрежесін анықтау.

Өту ағымы: тестілеу.

Бақылау сұрақтар, тесттер, есептер):

Тәжірибелік сабақ сұрақтары № 3 және 4 СОӨЖ № 4

Қосымша сұрақтар:

  1. Бактерия метаболизмі туралы түсінік

  2. Энергия көзі мен қоректік затына байланысты микробтардың қоректену типі бойынша жіктелуі

  3. Микробтардың тыныс алу типі. Аэробтар, анаэробтар

  4. Қоректік орталарға қойылатын негізгі талаптар, олардың жіктелуі

  5. Қарапайым қоректік орталар, дайындалуы, қолданылуы

  6. Күрделі қоректік орталар, мысалы, дайындалуы.

  7. Элективті және дифференциалды-диагностикалық қоректік орталар, дайындалу принципі, мысалдар, қолданылуы

  8. Синтетикалық қоректік орталар, қолданылуы. Мысалы.

  9. Бактерия жасушасының химиялық құрамы

  10. Бактерия физиологиясы нені зерттейді?

  11. Бактерияның таза дақылы қандай мақсатпен бөлініп алынады?

  12. Аэробты және анаэробты микробтардың таза дақылын бөліп алуды қалай жүргізеді?

  13. Бактерияның өсуі және көбеюі. Бактерия жасушасының бөліну үрдісі. Сұйық қоректік ортада микроб популяциясының өсу фазалары

  14. Бактерия пигменттері, олардың бактерия тіршілігіндегі рөлі.

  15. Аэробтардың таза дақылын бөліп алудың әдістері, негізгі кезеңдері

  16. Колония алудың әдістері

  17. Анаэробтарды дақылдандырудың негізгі әдістері, қолданылатын орталар, аппаратура

  18. Облигатты анаэробтарды бөліп алудың әдістері

  19. Бактерияның қоректену механизмі.

  20. Бактерия тыныс алуының механизмі және типтері.

  1. Бактерия идентификациясының әдістері

  2. Қоректік орталар, талаптары

  1. Бактерия қоректенуінің типтері

  1. Қандай дақыл таза деп есептелінеді?

  2. Бактерияның тыныс алуы

  3. Гисс ортасының «шұбар қатары» дегеніміз не?

  4. Нәруызды ферменттеу қабілеті қалай анықталады?

  5. Индол және күкіртсутектің түзілуі қалай анықталады?

  6. Эндо, Левин, Плоскирев дифференциалды-диагностикалық орталарының әсер ету механизмі.

  7. Аэробты тыныс алу механизміне қандай ферменттер қатысады?

  8. Микроб таза дақылының идентификациясы қандай белгілері бойынша жүргізіледі?

  9. Бактерия метаболизмі, ферменттері. Микроорганизмдердің биохимиялық белсенділігін тәжірибеде қолдану.

  10. Микробтардың таза дақылы дегеніміз не?

  11. Анаэробтар колониясын алу және оны сипаттау.

  12. Қандай мақсатпен микробтардың таза дақылы бөлініп алынады?

  13. Қандай микробтар анаэроб, аэроб, микроаэрофил, факультативті анаэроб деп аталады?

  14. Микроорганизмдердің тыныс алуына қандай ферменттер қатысады?

  15. Анаэробтарды өсіру үшін оттексіз ортаны қалай жасауға болады?

  16. Анаэробтардың таза дақылын бөліп алу үшін қандай қоректік орталар қолданылады?

Тесттер:

Тест тапсырмалары № 3 және 4 СОӨЖ № 4

Тақырып 5. Аяқталмаған фагоцитозды жағындыны микроскопиялау. Опсонды – фагоцитарлы индексті анықтау. Комплемен байланыстыру реакциясы, агглютинация реакциясы, преципитация реакциясы, бейтараптау реакциясы. Иммундыфлюоресцентті реакция. Радиоиммунды, иммуноферментті талдау реакциялары. Бактерияларды иммобилизациялау реакциясы. Полимеразды тізбекті реакция.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]