Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2015-2016_UMKD_KAZ_OM.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.6 Mб
Скачать

7. Бақылау( сұрақтар,тесттер, есептержәне басқалар):

Сұрақтар:

  1. Мерез қоздырғышының морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері.

  2. Мерездің даму патогенезі.

  3. Мерездің клиникалық кезеңдері және тиісті зерттеуге алынатын материал.

  4. Мерездің зертханалық диагностикалық зерттеу әдістері.

  5. Микрореакция: негізі, мерездің диагностикасындағы мәні.

  6. Вассерман реакциясы: негізі, мерездің диагностикасындағы мәні.

  7. Мерездің зертханалық диагностикасында қолданылатын серологиялық реакциялар кешені.

  8. Шанкерлік иммунитет дегеніміз не?

  9. Мерез кезінде Вассермана реакциясын қою үшін неге бірнеше антиген қолданылады?

  10. Мерездің алдын алу.

  11. Хламидиялар мен микоплазмалардың алдын алу.

  12. Хламидиялардың тіршілік формалары. Хламидиялардың тіршілік циклдері.

  13. Хламидиялар мен микоплазмалардың адам патологиясындағы орны.

  14. Хламидиялық және микоплазмалық инфекциялардың қазіргі кездегі зерттеу әдістері.

Ситуациялық есептер:

  1. Д. атты науқас денесіндегі және аяқ – қолдарындағы қызғылт - қызыл бөртпелерінің көптеп шыққаны алаңдататынымен дәрігерге қаралды. Жыныс ағзаларында жаңа жазылған жарақаттың орны бар. Шабындағы лимфа бездері аздап ісінген. “Мерез” диагнозымен венерологиялық диспансерге жіберілген. Бұл диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеулер жүргізер едіңіз?

  2. Терілік – венерологиялық диспансерге қайта түске науқастың бүкіл денсінде бөртпе бар және тершеңдікке, әлсіздікке шағымданады. Лабораториялық зерттеуде Вассерман реакциясы (++++) берді, бірақ терісінде қатты шанкр жоқ. Қосымша зерттеулер жүргізуге қандай материал аламыз?

  3. Науқасбіраз күн бұрын жыныстық ағзасына екі жараның шығуымен шағымданды. Ауырар алдында 3 апта бұрын аз танитын әйелмен жақын қатынаста болғанын айтады. Жарадан жасаған жағындыны микроскопиялағанда жылжымалы, иректелген, алдыға иіліп, айналып, т.б қозғалыспен қимылдайтын бактерия анықталған. Иірімдірінің саны 5 – 12 , біркелкі иірімделген. Препараттан қандай микроорганизм табылды? Қортынды неге сүйеніп жасалған? Қандай морфологиялық қасиеттері оны тануға мүмкіндік берген? Микроскопиялаудың қандай әдісі қолданылған?

Тесттер:

1.СПИРОХЕТАНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛIГIНЕ ЖАТПАЙДЫ:

1.Спираль тәрiздi иiлген жiңiшке жiпшелер

2.Осьтiк жiпшесi бар

3.Анилиндi бояуды нашар қабылдайды

4.Бұтаєша тәрiздес клеткалар

5.Грам терiс

2.МЕРЕЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫ ЖАТАТЫН ТУЫСТАСТЫҚ:

1.Borrelia

2.Bordetella

3.Treponema

4.Leptospira

5.Mycobacterium

3.Tr. Pallidum:

1.10-12 оралымы болады

2.Грам оң

3.Оңай бөлiнедi

4.Бояуларды нашар қабылдайды

5.Қалыптасқан ядросы бар

4. ХЛАМИДИОЗ КЕЗIНДЕ ЗЕРТТЕЛЕТIН ЗАТТАР:

1.Жатыр мойынынан алынған қырынды

2.Уретрадан алынған єырынды

3.Қан

4.Аталғандардың барлығы

5.Аталғандардың ешєайсысы

5. CHLAMYDIA TROCHOMATIS:

1.Құрамынды ДНҚ және РНҚ болады

2.Жасуша єабаты болады

3.ЕПА-да өседi

4.Микоплазмоз тудырады

5.Адам ѕшiн патогендi емес

6.МИКОПЛАЗМАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI:

1.Клетка қабаты болмайды

2.Жұқпалылығы (контагиозность) өте жоғары

3.Пiшiнi кокк тәрiздес

4.Лизоцим арқылы бұзылады

5.Тiндердiң даєылдарында ғана өседi

7.MYCOPLASMA ТУЫСТАСТЫҒЫНЫҢ ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫ:

1.Клетка қабаты жоқ

2.Қуырылған жұмыртқа тәрiздi ұсақ колониялар түзедi

3.Жасуша єабатында пептидогликан болады

4.Құрамында өтi бар орталарда өседi

5.Циль-Нильсен әдiсi бойынша боялады

8.УРЕПЛАЗМОЗ КЕЗIНДЕГI ЗЕРТТЕУ ЗАТТАРЫНА ЖАТПАЙДЫ:

1.Қынаптан алынған шырыш

2.Уретрадан алынған єырынды

3.Жұлын сѕйыєтығы

4.Қан

5.Сперма

ТЕЗАУРУС (глоссарий):

Қатты шанкр

Шанкрлық иммунитет

Микрореакция

Мүшеқап

Жыныстық жол

Хламидиялардың тіршілік жолы

Жасуша қабығының болмауы

Шанкерный иммунитет

Микрореакция

Сабақтың болжамды жоспары:

р/н

Сабақтың этабы

Сабақ этабының мазмұны

Оқу әдісі

(оқытушының таңдауы бойынша )

Бақылау әдістері

(оқытушының таңдауы бойынша )

Берілген уақыт, этап / мин

1

Кіріспе

Сәлемдесу, белгілеу, тақырыпты, мақсаты мен міндеттерін айту, компетенцияларға тоқталу, мотивациялық сипаттама

-

-

10 мин.

2

Ақырғы білім деңгейлерін бақылау

Тақырып бойынша ақырғы және ағымды білім деңгейлерін анықтау

-

Тестілеу

Ауызша

5 мин.

25 мин.

3

Серпіндіру

-

Интерактивті

-

5 мин.

4

Үзіліс

-

-

-

5 мин.

5

Негізгі этап

Аяқталмаған фагоцитоз жағындысын микроскопия лау. Алынған нәтиже бойынша бағалау.

Зерттеу материалын Петри табақшасына себу.

Менингококты инфекцияның диагностикалық алгоритмін салу.

Пассивті

(түсіндіру, демонстрация, бақылау).

Белсенді

(Тәжірибелік жұмыстарды орындау және талқылау, хаттамаларды, жұмыс дәптерін толтыру,мультимедиялық мәліметтер базасымен, компьютерлік моделдермен және бағдарламалармен жұмыс жасау.)

Интерактивті

(ситуациялық есептер, кроссвордтар шығару, кішігірім топтарда жұмыс жасау, блиц-сауал, ролдік ойындар, оймен штурм, критикалық ойлау, мини-зерттеулер)

Жұмыс дәптерлерін тексеру

30 мин.

6.

Сабақты қортындылау.

Жеткен жетістіктерді талқылау және қойылған міндеттерді, үйренген компетенцияларды шешу. Бағаларын айту және жорналға қою

Бағалау парағын толтыру

Пассивті

-

5 мин

7.

Үй тапсырмасына комментарии келесі сабақ тақырыбы бойынша

-

Пассивті

-

5 мин

Тақырып - 13. Анаэробты инфекциялар қоздырғыштары. Аурудың патогенезіне байланысты микробиологиялық диагностикасының негіздері. Аурудың алдын алу шаралары.

2.Мақсаты: Анаэробты инфекциялар қоздыратын аурулардың қазіргі кездегі лабораториялық диагностикасы туралы студенттерде білім қалыптастыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]