- •Тауартану теориялық негіздері
- •1.Тауартану:түсінігі,пәні,мақсаттары.
- •Тағамдардың химиялық құрамы:
- •2.Азық-түлік емес тауарлардың тұтыну қасиеттері.
- •Тауар сапасы түсінігі.
- •Тауарларға қойылатын талаптар.
- •Тауардың сапасын қалыптастыру факторлары.
- •Азық-түлік тауарларды сақтау және тасымалдау ерекшеліктері.
- •Азық-түлік тауарларды сақтау негізі
- •1).Сақтау кезінде өтетін процесстер сақталу кезінде физикалық, биологиялық,микробиологиялық процесстер өтеді,солардың әсерінен химиялық құрамы мен сақталу мүмкіндігі өзгереді.
- •Тағам өнімдерін консервлеу.
- •Ыдыстар мен орау тауарлардың сапасын сақтауфакторлары.
- •Өнімдердің сапсын анықтау тәсілдері.
- •Тауарларды стандарттау.
- •Тауарларды сертификаттаукуәлік беру.
- •Тауарларды сараптау.
- •Тауардың бәсекеге шыдамдылығы.
- •Тауарлардың ассортименті.
- •2).Ассотиментті құру.
- •Тауарларды ақпараттық қамту.
Өнімдердің сапсын анықтау тәсілдері.
Өнімнің сапасын тексеру-ол сандық және сапалық көрсеткіштерінің қойылған талаптарға сәйкес болуын тексеру. Саудада тауардың сапa- сын бағалау оның қасиеттерінің нормалық құжаттардың талаптарына сәйкес болуын тексереді. Саудада тауар- дың сапасын қабылдап алу, сақтау, сату процесінде тексеріледі. Тексерудің бірнеше түрлері болады: өнеркәсіптік, қабылдау, инспек- циялық,жалпылама,ішінара.
Жалпылама тексеруде барлық өнім тексеріледі.Бірақ бұл әдіс қымбат және қиын.
Ішінара тексеру-өнім партиясының бір немесе бірнеше данасын тексереді.
Сұрыптау-ол белгіленген тәртіп,стандарт бойынша өнім партиясы- нан тексеруге алу.
Мынадай сапа белгілеу өдістері болады:
1).Өлшеу әдісі-әдейілеп арнаулы жабдықтар арқылы өлшеніп,нақты мөлшермен белгіленеді.
2).Тіркеме әдіс-бақылау мен сынау арқылы атқарылады,мысалы,бір топтағы ақаулар саны.
3).Есептік әдәс-әдетте өнімді жобалау кезінде қолданылады теория- лық және эмпиритикалық заңдылықтар бойынша есептеп шығара- ды.Мысалы,өнімнің қышқылдығы,майлылығына байланыс- ты болады.
4).Оргонолептикалық әдіс-бұл сапалық көрсеткіштерді анализ өткізу немесе сезу органдары арқылы анықтау.Бұл әдістің дәлдігі жеткізуші жұмысшылардың шеберлігіне және қолайлы жағдайларға байланысты.
5).Эксперттік әдіс-эксперттік комиссия шешімі бойынша белгіленеді.
6).Әлеуметтік әдіс-бұл әдіс бойынша сапалық көрсеткіштер көптеген тұтынушылардың пікірлері бойынша анықталады.Пікірлерді көрме- лер, сауда,дәм алу,тұтынушылар жиындарын өткізу,анкета тарату арқылы жинайды.Алынған мәліметтерді математикалық әдістермен өңдейді.
Тауарлардың сапасын әртүрлі әдістермен алынған мәліметтерді тұты- нушылар талабымен және нормалармен салыстырып анықтайды.
Тауарларды стандарттау.
1).Стандарттаудың мәні,мақсаты,талабы.
Стандарттау-бұл белгілі бағыттағы жұмыс барлық жұмыстарды бір тәртіпке келтіру,барлығына бірдей қолдануға жататын ережелер шыға- ру және қолдану арқылы жүргізіледі,істеліп жатқан немесе алдағы жұмыстарды қолданылады.
Стандарттаудың мақсаттары:
1).Тұтынушылар мен мемлекеттің сапа және номенклатура жөніндегі талаптарын қорғау.Адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіпсіз бол- уын қамтамасыз ету,қоршаған ортаға зиянсыз болуын қамтамсыз ету.
2).Өнімнің сапсын ғылым мен техниканың дамуына,халықтың талап- тарының өсуіне сәйкес жоғарлату.
3).Өнімдердің бір-біріне сәйкес келуі және алмастыру мүмкіндігі.
4).Материалдық,адамдық ресурстарды үнемдеу,экономикалық тиімділігін арттыру.
5).Әлеуметтік-экономикалықжоспарлардыңнегіздерін салу.
6).Өндіру және саудадағы техникалық кедергілерді жою,отандық өнімдерін ,дүниежүзілік нарықта өтімділігін арттыру.
7).Өндірістік объектілердің табиғи,технологиялық апараттарға қауіп- сіздігін арттыру.
8).Елдің қорғану және жұмылу қабілетінің жоғары болуына көмектесу.
2).Нормалық актілерді класификациялау.Стандарттау әр жағынан қаралады;
1).Практикалық жұмыс
2).Басқару жұмыстары
3).Ғылым
Стандарттау ғылым ретінде мына жұмыстарды атқарды:зертейді және қортады,стандарттау заңдылықтарын жалпы түрде немесе белгілі уақытта.Мысалы:системалау,класстау,кодтау,техникалық информа- циялау.
Практикалық стандарттау-бұл нормалық документтерде керекті ере- желерді,нормаларды белгілеу.Қайталанатын жұмыстармен өндірістерде оптимальді бағыт ұстауға көмектеседі.Өмірде және өн- дірістерде қолданылады.Практикалық жұмыстың нәтижесі нормалық құжаттар шығару.
Нормалық құжат-бұл құжатта ережелер,нормалар белгілі бір жұмыс бағытында қолданылады. Мысалы: стандарттар, эталондар, техникалық көрсеткіштер.
Стандарт-бұл нормалық документ ынталы жаұқтардың жалпы келісім бойынша жасалады және белгіленген орган арқылы бекітіл- ген барлық жерде әрқашанда орындалуға тиісті әртүрлі жұмыстар- мен өнімдерге,көрсеткіштермен талаптар,нормалар белгіленеді. Стандарт-бір ыңғай оптималды тәртіп орнатуға бағытталған.
Стандарттау басқару жүйесі ретінде-мемлекеттік стандарттау жүйе-сі комплектің нормалық құжаттарға негізделген.Олар өзара байла- нысты талаптар қояды ұйымдастыру шараларын белгілейді.
Стандарттау құжаттары әртүрлі деңгейде болады:
a).Мемлекеттік заттар.
b).Мемлекетаралық заңдар.
c).Жүйелік стандарттар.
d).Өндірістік орындардарының стандарттарымен техникалық талаптары.
Эталон-үлгі,бұл дайын өнім басқа өнімдермен салыстыру үшін бекітілген өнім.Эталон-үлгі өнімінде құжат бекітулі болады,онда өндірушінің анықтамалары,адресі,мөрі,қолдары болады.Әдетте екі үлгі жасалады.Бұл даулы жағдайлар болмас үшін істелген.
Техникалық баяндау-бұл дайын өнімнің ерекшеліктері,жасау ерек-
шеліктері(технология,шикізаттар)көлемі,тасымалдау,сақтау ереже- лері, жасаушының кепілдіктері жазылған құжат.Кейбір жағдайда суреті салынады.
Стандарттау объектісіне мыналар жатады: өнімдер, қызметтер, технологиялар,басқару,қабылдау,сақтау, тексеру,пайдалану,жөндеу және басқалалар
