- •Тауартану теориялық негіздері
- •1.Тауартану:түсінігі,пәні,мақсаттары.
- •Тағамдардың химиялық құрамы:
- •2.Азық-түлік емес тауарлардың тұтыну қасиеттері.
- •Тауар сапасы түсінігі.
- •Тауарларға қойылатын талаптар.
- •Тауардың сапасын қалыптастыру факторлары.
- •Азық-түлік тауарларды сақтау және тасымалдау ерекшеліктері.
- •Азық-түлік тауарларды сақтау негізі
- •1).Сақтау кезінде өтетін процесстер сақталу кезінде физикалық, биологиялық,микробиологиялық процесстер өтеді,солардың әсерінен химиялық құрамы мен сақталу мүмкіндігі өзгереді.
- •Тағам өнімдерін консервлеу.
- •Ыдыстар мен орау тауарлардың сапасын сақтауфакторлары.
- •Өнімдердің сапсын анықтау тәсілдері.
- •Тауарларды стандарттау.
- •Тауарларды сертификаттаукуәлік беру.
- •Тауарларды сараптау.
- •Тауардың бәсекеге шыдамдылығы.
- •Тауарлардың ассортименті.
- •2).Ассотиментті құру.
- •Тауарларды ақпараттық қамту.
Азық-түлік тауарларды сақтау және тасымалдау ерекшеліктері.
Сақтау жағдайлары тауарлардың аман сақталуына әсер етеді және олардың ерекшеліктері мен қасиеттеріне байланысты.Сақтау кезінде мыналарды қадағалайды:ауaның құрамы,оның ылғалдылығы,темпера- турасы,сақтау орнының жарықтануы,тауарлардың орналасу реті т,б.
Ауаның құрамы металлдардың тоттануын тездетеді,тоттықтану про- цесстеріне т,б қоймаларда оптималды ауа ортасын құру керек,ол үшін ауа алмастыру желдеткіштері қолданылады.
Ауаның ылғалдылығы ондағы су буларының мөлшері бойынша анық- талады.Тауарларды сақтау кезінде ауаның салыстырмалы ылғалдылы-
ғы есепке алынады,ол %пен көрсетіледі,параметрлермен өлшенеді. Көптеген азық-түлік емес тауарлар ауаның салыстырмалы ылғалдылы- ғы 50-70%,температурасы 10-20° С да сақталады.Қоймаларды жарық- тандыру тауарлардың қасиеттеріне байланысты.
Тауарларды дұрыс орналастыру оларды аман сақтаудың маңызды шарты.Олар қабырғадан 20см,электр шамдардан 50см,жылу приборла- рынан 1метрден жақын орналастырылмауы керек.Тауарларды орналас- тырғанда олардың өзара әсері-иістарауы,ылғал тарауы ескерілуі керек.
Тауарларды ую тауарлардың формасының сақталуына және оларды көруге ыңғайлы болуы керек.
Тасымалдау жағдайы тауарлардың қасиеттерін сақтау мүмкіндігін жа
сау керек.Тұтыну тауарлары барлық транспорт түрлерімен тасымалда- нады.Транспорт түрі тауарлардың қасиеттері,орамы және тасу қашық- тығы бойынша анықталады.Көптеген тауарларды контейнермен тасыған қолайлы,өйткені олар жақсы сақталады.
Сақтаудың қалыпты жағдайларында тауардың табиғи кемуі болуы мүмкін,олар,кебу,шаңдау,үгілу т,б.
Табиғи кемудің көлемі тауардың түріне,транспорт түріне,тасу уақы-
тына,сақталу мерзімі мен жағдайларына байланысты.Табиғи кемуге тез
сынатын тауарлардың тасымал кезінде сынуы жатады(сынықтар).Тауар ыдыстарға(тара)салады,олар былай бөліне-: ді қолданбағыты,материалы,мықтылығы,конструкциясы,айналым са-
ны, көлемдері.
Қолдану бағыты бойынша ыдыстар бөлінеді:өнекәсіптік, тұтынушы- лық,транспорттық
Өнеркәсіптік ыдыстар-(жәшіктер,түптер т,б)өнім шығарушы мекеме-лерде шикізат,жартылай өнім,дайын өнімдер тасуға қолданылады.
Тұтынушы ыдыстары-(пакет,қорап,шынылар,банкалар т,б)тауардың бағасына кіреді және сатылғанда тұтынушы меншігіне көшеді.
Транспорттық ыдыстар-(жәшік,қорап,бөшкелер,қаптар т,б)тауарды шығарушыда тұтынушыға жеткізгенше қолданылады.
Материалы бойынша ыдыстар болуы мүмкін:ағаш,металл, пластмас- са, қағаз,пластикті.
Механикалық әсерлерге төзімділігі бойынша ыдыстар бөлінеді:қатты (бөшкелер,шынылар,флакондар,жәшіктер),орташа қатты(картон, жә- шіктер),жұмсақ(қаптар).
Конструкциясы бойынша:бұзылмайтын,бұзылатын,жиналатын,
бұзылып-жиналатын.
Айналымы бойынша ыдыстар бөлінеді:бір айналымды,қайтарымды,
көп айналымды.
Ыдыстардың мөлшері-көлемі немесе гобариттікөлшемдері бойынша (ұзындығы,ені,биіктігі)беріледі.
Орамдар өнімдерді сыртқы ортаның әсерінен,ақаулардан, жоғалудан, яғни тауардың сапасын сақтауға керек.Ол жарнама құралы ретінде қолданылады және қолдануға ыңғайлы,сатып алушыларға мәдениетті қызмет көрсетуге арналған.
Ыдыстың түрі,орамдық материалдар ыдысқа қойылатын талаптар,
стандарттар мен технологиялық талаптарда әрбір тауарға көрсетіледі,
тауарды қабылдағанда бақыланады.
