- •Тауартану теориялық негіздері
- •1.Тауартану:түсінігі,пәні,мақсаттары.
- •Тағамдардың химиялық құрамы:
- •2.Азық-түлік емес тауарлардың тұтыну қасиеттері.
- •Тауар сапасы түсінігі.
- •Тауарларға қойылатын талаптар.
- •Тауардың сапасын қалыптастыру факторлары.
- •Азық-түлік тауарларды сақтау және тасымалдау ерекшеліктері.
- •Азық-түлік тауарларды сақтау негізі
- •1).Сақтау кезінде өтетін процесстер сақталу кезінде физикалық, биологиялық,микробиологиялық процесстер өтеді,солардың әсерінен химиялық құрамы мен сақталу мүмкіндігі өзгереді.
- •Тағам өнімдерін консервлеу.
- •Ыдыстар мен орау тауарлардың сапасын сақтауфакторлары.
- •Өнімдердің сапсын анықтау тәсілдері.
- •Тауарларды стандарттау.
- •Тауарларды сертификаттаукуәлік беру.
- •Тауарларды сараптау.
- •Тауардың бәсекеге шыдамдылығы.
- •Тауарлардың ассортименті.
- •2).Ассотиментті құру.
- •Тауарларды ақпараттық қамту.
Тауарларға қойылатын талаптар.
Талаптар дегеніміз тауарлардың өзінің орнын пайдалануға сәйкесбо-
лу ерекшеліктерінің өзінің керекті уақытына дейін сақталуы.Талап қою деңгейі әрбір уақыт ішінде біркелкі болмайды,ол халықты материал-
дық және мәдени деңгейіне,халықтың тауар жөнінде хабарлануына байланысты.
Тауарға қойылатын талаптар мен сапасы арасында белгілі айырма-
шылық болады,ол сапаның деңгейінің жоңартуға ынталандырады.Та-
уарға қойылатын талаптар болуы мүмкін:
1).Керекті және алдағы
2).Жалпы және ерекше
Керекті талаптар көптеп шығарылатын тауарларға сатуға қойылғанда белгіленеді.Оларды экономикалық,техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып белгілі бір мезгілге қойылады.Олталаптар стандарттар мен техникалық талаптар арқылы белгіленеді.Олар өзгертіліп отырады.
Алдағы талаптар-олар жалпылама және жоғары талаптар керекті талаптар арқылы белгіленеді.
Жалпы талаптар-бір немесе көпшілік тауарларға қойыладықауіпсіз-
дік талаптары.
Ерекше талаптар-бұл талаптар белгілі тауарға не тауарлар тобына белгіленеді(мысалы:фарфор,фаянс тауарларына).
Керекті,алдағы,жалпы және ерекше талаптар қай тұтыну жағын көр- сетуіне байланысты басқаша бөлінуі мүмкін:
-әлеуметтік
-функциональдық
-технологиялық
-эргономикалық
-гигиеналық
-эстетикалық
-экологиялық
-беріктілігі
-сенімділігі
-тиімділігі
Барлық осы талаптар өздеріне тән тауардың қасиеттерімен белгіленеді.
Тауардың сапасын қалыптастыру факторлары.
1).Тауардың сапасына әсер ету факторлары.
2).Тауардың сапасын көтеретін факторлар.
3).Тауарлардың сапасын сақтауға әсер ететін факторлар.
1).Тауарлардың сапасына әсер ететін факторлар:
a).Жобалау мен модельдеу сапасы.
b).Жасау сапсы кезегінде мыналарға тәуелді нормативті-техникалық документтер сапасы,жабдықтар мен құралдар сапасы,ши-
кізат сапасы,құрамдас заттар сапасы,жұмыс сапасы,техникалық талап- тарды сақтау.
2).Тауарлардың сапсын көтеретін факторлар-экономикалық тиімділік
соның ішінде:
a).Бағасы.
b).Жұмысшылырдың материалдық ынтасы.
c).Сапсы төмен тауар шығаруға қарсы тауарлар.
(a)және (b) факторлар объективтк және субъективтік болып бөлінеді.
Объективтік факторлар-өнімнің конструкциясы,өндірістік техника-
лық негізі,пайдалану негізі.Бұл факторлар аз өзгеретін факторлар.
Субъективтік факторлар-адамдарға байланысты болады,орындаушы адамдардың ынтасы мен орындау мүмкіндігіне байланысты.Бұған жа-
тады шеберлік деңгейі,еңбекке деген ынтасы.Бұл факторлар объектив- тік факторларға қарағанда жеңіл өзгермелі болады.
3).Тауардың сапасын сақтау факторлары.
a).Анық және толық белгілеу.
b).Керектіорау.
c).Тасымал ережелерін орындау.
d).Сақтау ережелерін орындау.
e).Барлық уақытта,пайдалану,тасу,сату кезінде керекті тиісті жасау.
Тауарлардың сапасының тасу,сақтау,пайдалану кезінде кемуіне қо- лайсыз факторлардың әсер етуінен болады.Бұл факторлар былай бөлінеді:
a).физико-химиялық факторлар
b).механикалық факторлар
c).биологиялық факторлар
Механикалық факторлар-деформация,механикалық әсерлер,кенеттен жоғарыдан құлау,сырғанау
Биологиялық факторлар-бұл факторлар организмдердің әсерінен бо-
лады,бактериялар,жәндіктер,зиянкестер тауарлардың сапасын төмендетеді.
Сақтау кезінде тауарлардың сапасын жоғалтпау үшін сақтау ережеле-
рін орындау керек.
