- •Тауартану теориялық негіздері
- •1.Тауартану:түсінігі,пәні,мақсаттары.
- •Тағамдардың химиялық құрамы:
- •2.Азық-түлік емес тауарлардың тұтыну қасиеттері.
- •Тауар сапасы түсінігі.
- •Тауарларға қойылатын талаптар.
- •Тауардың сапасын қалыптастыру факторлары.
- •Азық-түлік тауарларды сақтау және тасымалдау ерекшеліктері.
- •Азық-түлік тауарларды сақтау негізі
- •1).Сақтау кезінде өтетін процесстер сақталу кезінде физикалық, биологиялық,микробиологиялық процесстер өтеді,солардың әсерінен химиялық құрамы мен сақталу мүмкіндігі өзгереді.
- •Тағам өнімдерін консервлеу.
- •Ыдыстар мен орау тауарлардың сапасын сақтауфакторлары.
- •Өнімдердің сапсын анықтау тәсілдері.
- •Тауарларды стандарттау.
- •Тауарларды сертификаттаукуәлік беру.
- •Тауарларды сараптау.
- •Тауардың бәсекеге шыдамдылығы.
- •Тауарлардың ассортименті.
- •2).Ассотиментті құру.
- •Тауарларды ақпараттық қамту.
2.Азық-түлік емес тауарлардың тұтыну қасиеттері.
Бұларға жатады:әлеуметтік,функциялық,эргономикалық,эстетикалық,
тұтыну сенімділігі,экологиялық,қауіпсіздік қасиеттері.
Әлеуметтік көрсеткіштерге жатады:әлеуметтік адрес және тұтыну классы,тауарлардың үйлесімді ассортименті,моральдік ескіру қасиет-тері.Әлеуметтік адресс және тұтыну классы көрсеткіштерін белгілеуге
халықтың берілген тауарлармен жабдықталуы,тауардың сұранымы,та-
уарларды тұтынушылардың крегіне жарауы,тауардың техникалық жа-
рақтануы және бөлшек сауда бағасы қолданылады.
Функциялық қасиеттер-тауарлардың негізгі және көмекші функция-
ларын орындау,мүмкіншілігі. Мұнда мынадай көмекші функциялар қосылады.Тауардың құрамы техникалық жетімділігі.
Эргономикалық қасиеттер-тауардың адамдардың кейбір қасиетте-
ріне және қоршаған ортаға бейімділігі.
Эстетикалық қасиеттер-жетілген және тиімді түрі,өнеркәсіптік жетілген орындалу қасиеттері.
Тұтыну сенімділігі-беріктігі,қолдану ұзақтығы,жөндеуге бейімділігі
сақталуы:
a) Беріктігі-тауарды белгілі мерзімде өзінің қасиеттерін сақтауы;
б) Қолдану ұзақтығы-заттың өзінің жұмыс атқару мүмкіндігін сақтау қасиеті.Бұл көрсеткіш жұмыс істеу ұзақтығы,орташа мүмкіндік және
орта,күрделі жөндеуге дейінгі жұмыс уақыты арқылы белгіленеді;
в) Жөндеуге бейімділігі-ақауды табу және оның себептерін анықтау,
және осы ақауларды жою жөндеу жұмыстарын атқару мүмкіншілігі.
г) Сақталу қасиеті-тауарлардың жұмысқа кіріскенше және жұмыс кезінде,сақталу кезінде,тасымалдау кезінде белгілі жағдайларда өзінің қасиеттерін белгілі уақытқа дейін жоймау қасиеті(сақталу уақыты жарамдылық уақыты).
Қауіпсіздік қасиеті-тұтыну және шығару кезінде адамдарға қауіпсіз
болуы.Сертификация кезінде белгіленеді.
Технологиялық қасиет-шығару тұтыну кезінде технолгиялық-конструктивтік шешімдердің тиімділігі.Тауарларды дайындау,шығар-
ру,тұтыну кезіндегі тиімділігі.
Тасымалдауға бейімділік-тауардың қолданылмай тасымалдауға
бейімділігін көрсетеді.
Тауар сапасы түсінігі.
. Тауарлардың сапасы-дүниежүзілік МСО стандарты бойынша,ол тауардың қасиеттерінің белгілі қажеттіліктерді өтеуге арналған жиынтығы.Тауардың қасиеттеріоны пайдалану немесе тұтыну кезінде көрінеді.
Тауарларды пайдалану-пайдалану кезінде тауарлардың ресурстарын
жоғалту процессі.
Тұтыну-бұл тауарларды толық пайдалану.Кез келген тауарларды оны сапасы,сапалық көрсеткіштері бойынша анықтауға болады.Тауар-
дың қасиеттері оны белгілі қажеттіліктерді өзінің тағайындалған орны
бойынша өтеу.
Тауардың қасиеттері-жай және күрделі қасиеттер болып бөлінеді.
Тауардың сапасы-қоғамның әлеуметтік қажеттілігін өтеуі және өндірістік тиімділігі бойынша анықталады.
Тауардың пайдалы қасиеттері болуы,бірақ сапасы жоғары болмауы мүмкін,егер қажеттілікті өтеу қасиеті төмен болса.
Мөлшерлік формада тауардың сапасы сапа көрсеткіштері арқылы белгіленеді.
Бірлік көрсеткіш-тауарладың қоғамның көрсеткіштерін өтеуге жарамдылығын көрсетеді.Сапалық көрсеткіштер:бірлік және комплекстік болып бөлінеді.
Бірлік көрсеткіш-тауардың бір ғана қасиетін көрсетеді.
Комплекстік көрсеткіш-тауардың сапасын көрсететін бірнеше қасиеттерінің жиынтығы.Комплекстік көрсеткіштің бір түріне интег-
ралдық көрсеткіш жатады.Бұл көрсеткіш тауардың тұтыну бағасының
бағаға ара қатынасы бойынша мына формула есептелінеді:
A=Ko /Z
А-интегралдық сапа көрсеткіші
К0-комплекстік көрсеткіш,тауардың тұтыну қасиеттері бйынша
Z-тауарды шығару және тұтыну шығындары
Интегралдық көрсеткішті басқа формула бойынша табуға болады.
Ип-Э/З
Э-пайдаланудың жиынтық пайдалы әсері
З-тауарды өндіру және пайдаланудың жиынтық шығыны
Тауарлардың сапалық көрсеткіштерін анықтағанда негізгі тауарлардың
көрсеткіштері эталон ретінде қолданылады.Бұл жағдайда негізгі көрсеткіштер ретінде ең жақсы шетелдік тауардың немесе жобадағы
тауарлардың тәжірибелік көрсеткіштері алынады.Бірақ сапаның өзі анықталмайды.Тауардың сапалық деңгейі-дегеніміз тауардың сапалық көрсеткіштерін базалық көрсеткіштермен салыстыру арқылы табылады:
Yk=G/Gв
G және Gв-анықталатын тауардың сапалық көрсеткіштерінің сандық мәндері.Тауарлардың сапалық деңгейін анықтағанда мынандай тәсіл-
дер қолданылады:
1)Диференциалдық
2)Комплекстік
3)Аралас
Диференциалдық тәсіл-тауардың бірлік көрсеткіштерін негізгі эта-
лондық көрсеткіштермен салыстырамыз:
(1) Gi=Pi/Piв
Pi-анықталатын тауардың көрсеткіші
Piв-негізгі тауардың көрсеткіші
G=Pi/Piв
Бірінші формула-дәмдік,иістік көрсеткіштерді анықтауда қолданы-
лады.Бұл көрсеткіш бірге жақын,не одан жоғары болады.
Екінші формула-тағамдардағы ауыр металлдар тұздарының қоспасын
анықтауда қолданылады.Бұл жағдайда тауардың сапалық қасиеттері осы санның кемігеніне байланысты.Көрсеткіштің сандық мәні кем болса,онда тауардың сапасы жоғары болады.
Комплекстік көрсеткіш-бірнеше қасиеттермен кескінделеді.Ол зат-
тың комплекстік көрсеткіштерін негізгі көрсеткіштермен салыстыруға негізделген.Бірақ әртүрлі көрсеткіштердің ара салмағы бірдей болмайды.Сондықтан комплекстік көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі.
К=å MiGi
Mi-i көрсеткішінің салмақтық коэфиценті
Gi-салыстырмалы сапа көрсеткіші(баллмен берілген)
N-көрсеткіштердің саны
Комплекстік көрсеткіш көбіне тамақ өнімдерінің сапасын көрсетуде
қолданылады,мұнда сапа оргоналептикалық тәсілмен анықталады.
Аралас тәсіл тауардың сапасын дифференциалдық және комплекстік
тәсілдердің жиынтығы ретінде анықтайды.Маңызды қасиеттерін диф-
ференциалдық тәсілмен,ал басқа қасиеттері топтарға біріктіліп комп-
лекстік тәсілмен табылады.
Әдетте бұл тәсіл өнімді аттестациялауда қолданылады.
Азық-түлік тауарларының ақаулары.
Тауарларды бағалау процессінде өнімнің әртүрлі талаптарға сәйкестігі тексеріледі.Егер өнім талаптарға сәйкес келмесе ол ақаулы өнім деп аталынады,ал әрбір талапқа сәйкес келмеуі ақау деп аталады.Ақаулар-
дың мынадай түрлері болады:
1)Анық
2)Жасырын
3)Аумалы ақау
4)Едәуір ақау
5)Шамалы
6)Түзетілетін
7)Түзелмейтін
Анық ақау-көзге көрініп тұрған ақаулар.
Жасырын ақау-.бұл көзбен анықталмайды,анықтау тәсілдері құжатта көрсетілмеген.Көбінесе жасырын ақау тауардың жарамсыз болуына себеп болады.
Аумалы ақау-бұл ақау көзбен анықталмайды,анықтау тәсілдері құ-
жаттарда көрсетілмеген,көбінесе жасырын ақау тауардың жарамсыз болуына себеп болады
Едәуір ақау- тауарды қолдануға және сақталуына едәуір кері әсер етеді,бірақ аумалы ақаудан кем болады
Шамалы ақау-бұл ақау өнімді пайдалануға және оның сақталуына көп әсер етпейді(түсі,сыры,ұсақ сызықтар т,б).
Түзелетін ақау-бұл ақау техникалық жағынан түзетуге болатын,ал
экономикалық жағынан тиімді болады.
Түзелмейтін ақау-бұл жарамсыз өнім.Жарамсыз өнімдер қайта түзе-
летін немесе қайта түзелмейтін болып бөлінеді.
