- •Тауартану теориялық негіздері
- •1.Тауартану:түсінігі,пәні,мақсаттары.
- •Тағамдардың химиялық құрамы:
- •2.Азық-түлік емес тауарлардың тұтыну қасиеттері.
- •Тауар сапасы түсінігі.
- •Тауарларға қойылатын талаптар.
- •Тауардың сапасын қалыптастыру факторлары.
- •Азық-түлік тауарларды сақтау және тасымалдау ерекшеліктері.
- •Азық-түлік тауарларды сақтау негізі
- •1).Сақтау кезінде өтетін процесстер сақталу кезінде физикалық, биологиялық,микробиологиялық процесстер өтеді,солардың әсерінен химиялық құрамы мен сақталу мүмкіндігі өзгереді.
- •Тағам өнімдерін консервлеу.
- •Ыдыстар мен орау тауарлардың сапасын сақтауфакторлары.
- •Өнімдердің сапсын анықтау тәсілдері.
- •Тауарларды стандарттау.
- •Тауарларды сертификаттаукуәлік беру.
- •Тауарларды сараптау.
- •Тауардың бәсекеге шыдамдылығы.
- •Тауарлардың ассортименті.
- •2).Ассотиментті құру.
- •Тауарларды ақпараттық қамту.
Тауардың бәсекеге шыдамдылығы.
Бұл тауардың экономикалық,техникалық пайдалану көрсеткіштері дәрежесінің нарыққа түскенде,басқа осындай тауарлармен бәсекеге түскенде,жеңетіндей болуы.
Тауардың бәсекеге шыдамдылығы-бұл тауардың салыстырмалы мінездемесі оны комплекті бағалау барлық жағынан: өнеркәсіптік, саудалық,экономикалық көрсеткіштерін басқа тауарлармен немесе нарық талаптарымен салыстырылады.Ол тауардың және бәсекеге түскен тауарлардың жалпылама тұтыну қасиеттерін көрсетеді, қоғамның қажеттілігіне жарауы,шығын мен бағаның арақатынасы, жеткізу және пайдалану жағдайы.
Тауардың бәсекеге шыдамдылық көрсеткішітері:
1).Техникалық көрсеткіштер.
2).Саудалық жағдайлар:
-баға көрсеткіштері
-жеткізу және жеткізілген тауардың көлемі
-нарықтағы салық және кедендік жағдайлардың көрсеткіші
-сатушылардың жауапкершілігінің көрсеткіштері
3).Ұйымдастыру жағдайлары.Тауарлады сатуды ұйымдастыру жағдайларына мыналар жатады:
-сатышулар мен сатып алушылардың арақашықтығы жақын болу
-тауарларды тек ірі партия ғана емес ұсақ партиялармен де қоймалар арқылы жеткізу
-сатудан кейінгі қызметті кеңейту,тұтынушыларға кепілдік және кейінгі қызметтерді көрсету
-рекламаны жоғары техникалық-ұйымдастырушылық,сапалық деңгейде жүргізу
4).Тұтынудың экономикалық шарттары.Бұл шарттар көптеген көр- сеткіштерді біріктіреді,негізгілері:
-шығарылған бір дана өнімге немесе жұмсалған энергия, қаржы, шикізат
-шикізат пен материалдардың пайдалану бағасы
-қолданылған технологиялардың сенімділігі
-жөндеу жұмыстарының бағасы мен сенімділігі
-артық бөлшектер бағасы
-қызмет етушілердің саны мен шеберлігі
Бәсекеге шыдамдылықтың жалпы эмпирлік формуласы: КСП=качество+цена+обслуживание
СБҚ=сапа+баға+қызмет
Тауардың бәсекеге шыдамдылығын комплексті бағалау маңызды жұмыс.Ол бағалаудың негізгі факторлары:
1.Экономиканың қуаты мен өсу қарқыны.
2.Ғылым мен техниканың даму дәрежесі.
3.Халықарлық жұмыс бөлуге қатысуы.
4.Ішкі нарықтың көлемі мен даму жылдамдығы.
5.Әлеуметті-экономикалық және ішкі саяси жағдай.
6.Қаржы системасының икемділігі.
7.Экономиканы мемлекеттік реттеу.
8.Жұмысшы және материалдың ресурстар байлығы және жұмысшы ресурстарының кәсіби шеберлігі.
Бәсекеге шыдамдылық көрсеткішін мына параметрлік индекс бойынша көрсетеді:
n-анализ жасалатын параметр саны
Ai-i-кезекті параметрдің индекстің салмағы
Ii-i-кезекті параметрлік индекс
Экономикалық бәсекеге шыдамдылығының индексі мына формула бойынша анықталады:
n-анализ жасалатын экономикалық параметрлердің саны
Ai-i-керекті параметрлерінің индексінің салмағы
Ji-i-кезекті параметрдің индексі
Бәсекеге шыдамдылықтың жиынтық индекстерінің тұтыну және экономикалық параметрлері бойынша интегралдық көрсеткіш шығарады,үлілік өніммен салыстыра:
K=Jп/Jэ
к-бәсекеге шыдамдылық көрсеткіші
Егер к>1 болса зерттелген өнім үлгіден бәсекелік қасиеті бойынша ар-
тық болады,к<1 болса кем болады,к=1 болса тең түседі.Өндірістің негізгі мақсаты к>1 алу.
Тауардың бәсеке арттыру жолдары:
1.Өз тауарының бәсекелестердің тауарынан тұтынушылар көзімен қарағанда ерекшелігі болуына қол жеткізу керек.
2.Шығаруға белгіленген тауарлардың ішінен тұтынушыларға ұнаған тауарлармен нарыққа шығып жеңу.
3.Шығарып жатқан тауарларға жаңа пайдалану бағытын табу.
4.Экономикалық тиімсіз тауарларды уақытында жоспардан алып тастау.
5.Жңа нарыққа шығу,ескіні жаңа тауарлармен.
6.Шығарып жатқан тауарларға тұтынушылардың талғамы бойынша өзгерістер енгізу.
7.Сервистік қызметті жүйелі түрде дамыту және тауарларды өткізуді ынталандыру системасын дамыту.
