Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тауартану теориялық негіздері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69.17 Кб
Скачать

Тауартану теориялық негіздері

1.Тауартану:түсінігі,пәні,мақсаттары.

Тауартану ,тауарлардың тұтыну қасиеттерін зерттейді:

-класстарға бөлінуі және кодтау ;

-тауардың сапасын бақылау және бағалау факторлары ;

-тауардың жиынтығын құрудың заңдылықтары;

-тауарларды тасымалдау,тұтытыну және пайдалану кезінде сапасын сақтау шарттары;

К.Маркс тауартануға нақты анықтама берді:Тауарлардың тұтыну бағасын зерттеу тауартану пәніне жатады.Тауар-дегеніміз сыртқы бұйым,зат өзінің қасиеттері арқылы адамның қажеттіліктерін қанағаттандырады.Тауартану тауарлардың пайдалы қасиеттерін,оның тұтыну бағасын қарастырады.Тауартану ,сондықтан тауарларды тұтыну бағасын зерттейтін техникалық пән болып табылады.Ол щығарылған заттардың сапа,тұтыну қасиеттері жөнінде тұтынушыларға керекті екенін анықтауға көмектеседі.

Тауартану көптеген химия,биоллогия,физика,экономикамен,ұйымдастырумен,техникамен, технологиямен байланысты.

Тауар саудалық жұмыстар объектісі.

Тауартану өздерінің керекті қасиеттері болу арқылы адамдарға пайдалы болады.Заттың пайдалы болуы бағасымен белгілі болады,тұтыну бағасы тек қана тауардың пайдалы қасиеттері арқылы белгіленеді.Тауардың тұтыну бағасы,оның өзінің қасиеттері арқылы қаншалықты адамдардың қажеттігін өтеуіне жарайтынын көрсетеді.

Өзінің табиғаты жағынан тұтыну қасиеттері :физикалық, химиялық,биологиялық т.б болып бөлінеді.Тұтыну қасиеттерін негізгі үш классқа бөлуге болады:

1).Материалдық қажеттілікті өтейтін қасиеттер;

2).Материалдық емес қажеттіліктерді өтейтін қасиеттер;

3)Қажеттілікті өтеудің уақытқа байланысты қасиеттері;

Тауардың тұтыну қасиеттері оны пайдалану кезінде физикалық,қоғамдық,материалдық,материалдық емес қажетттіліктерді өтеу кезінде анықталады.Тауарды үш түрге бөлуге болады:нақты тауар,кеңейтілген,жалпылама.

Нақты тауар,ол негізгі физикалық мән,дәлдікпен берілген анықтама немесе шартты белгіме берілген.

Кеңейтілген тауарға оның мәні ғана емес,оны пайдалану тәртіптері кіреді.

Жалпылама тауар-бұл тауарды тұтыну қасиеттері қоғамға берген әлеуметтік экономикалық әсері бойынша көрінеді.

Барлық тауарлар екі үлкен топқа бөлінеді:

1).Халық тұтыну тауарлары(тұтыну тауарлары).

2).Өндірістік бағыттағы тауарлар(өндірістік құралдар).

Тұтыну тауарлары үшке бөлінеді:

1).Ұзақ пайдалану тауарлары.

2).Қысқа мерзімді пайдалану тауарлары.

3).Қызмет көрсету.

Тұтыну тауарлары тағыда негізгі категорияларға бөлінеді:

1).Негізгі жабдықтар.

2).Көмекші жабдықтар.

3).Бөліктер мен агрегаттар.

4).Негізгі материалдар.

5).Көмекші материалдар мен шикізаттар.

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың тұтыну қасиеттері.

1).Азық-түлік тауарларының тұтыну қасиеттері.

2).Азық-түлік емес тауарлардың тұтыну қасиеттері.

Азық-түлік тауарларының негізгі тұтыну қасиеттері оның керектігін анықтайды:

-тамақтық бағалығы

-биологиялық

-қуаттылық

-физиологиялық

Тамақтық бағалығы барлық пайдалы қасиеттерін көрсетеді,мысалы,тазалығы,зиянзыздығы,жұғымдылығы,тамақтық және биологиялық активті заттардың мөлшері.

Биологиялық бағалығы-биологиялық активті заттардың мөлшеріне байланысты болады,олар:витаминдер,макро,микро элементтер аминқышқылдары,толықпаған май қышқылдары,бұл заттар организмде өндірілмейді басқа заттармен ауыстырылмайды.

Физиологиялық бағалығы-адамның жүйке,жүрек тамыр,ас қорту жүйелеріне әсері бойынша анықталады(шәй,кофе,арақ-шарап).

Қуаттылығы-майлар,белоктар,углеводтардың мөлшерімен және жұғымдылығымен анықталады.

Теориялық және нақты қуаттылық болып бөлінеді.

Теориялық қуаттылығы химиялық құрамы бойынша анықталады.Белоктың қуаттылығы4,1ккал,майдыкі9,3ккал(килокалрия).Бірақ біздің организм барлық заттарды түгел қорыта алмайды.

Қорыту (жұғымдылық)пайызы-организмнің керекті заттарды пайдалану мөлшерін көрсетеді.Ол жұғымдылық коэфицентімен анықталады,заттардың қандай бөлігі адам организміне пайдаланылғанын көрсетеді.Жұғымды тауарлардың объективтік қасиеттеріне(түрі,дәмі,иісі,тығыздық қасиеттері т,б)және адам организмінің жағдайларына(тамақтанужағдайына,әдеттері,талғамы т,б).Орташа жұғымдылықтар мынадай:

-белоктар 84,5%

-майлар 94%

-углеводтар(көміртегілер)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]