- •Халықаралық стандарттармен байланысы
- •1.2 Нзм оқу бағдарламасымен байланысы
- •1.3 Критериалды бағалаудың біріктірілген моделімен байланысы (кббм)
- •2 Бағалауға шолу
- •2.1 Бағалау міндеттері
- •3 Емтихан парақтарының сипаттамасы
- •3.3 Баллдарды бөлу
- •Бағалау тілі
- •Емтихан өткізу үдерісін басқару
- •Баллдарды қою
- •Бағаларды қою үдерісі
- •6.1 Бағалау дескрипторлары
- •Мысал сұрақтар үлгісі
- •Қазақстандағы демография мен этника
- •Қазақстан мемлекеті
- •7.3 Мысал сұрақтардың балл қою сызбасы
Бағалау тілі
Бағалау тілі қазақ тілі болып табылады.
Емтихан өткізу үдерісін басқару
Бағалау үдерісі материалдардың қауіпсіздік шаралары мен емтихан өткізу тәртібін қатаң түрде сақтап бағалаудың әділдігін көрсете отырып жүргізілу керек. Зияткерлік мектептерде емтихан өткізуге арналған Нұсқаулық жазылып шығарылады. Ол төмендег пунктілерді қамтиды:
емтихан материалдары және олардың қауіпсіздігі;
әкімшіліктің және кезекшілер мен мұғалімдердің міндеттері;
емтихан өткізуге арналған материалдар мен аудиторияларды дайындау;
жазбаша, ауызша және практикалық емтихандарды өткізу үшін сәйкес келетін кабинеттерді дайындау;
курстық жұмыстарды тіркеуге арналған рәсім;
курстық жұмыстарды бақылау және реттеу рәсімі;
емтихан тапсырушыларға бақылау жасау рәсімі;
балл қоюға арналған материалдармен қоса емтихан аяқталғаннан кейінгі рәсімдер.
Берілген Нұсқаулық барлық білім алушылар, оқытушылар, кезекшілер және менеджерлер емтиханның әділ, ұйымшыл өтуіне көз жеткізе алатындай болып, барлық мектептерде емтихандардың бір қалыпта, стандартталған тәртіпте өтуіне кепілдік береді.
Баллдарды қою
Балл қою сызбасы емтихан парағының сұрақтарымен қатар құрастырылады.
Білім алушылардың емтихан парақтарын НЗМ бағалайды. Емтихан қабылдаушы сарапшылар білім алушы аяқтаған емтихан парақтарды оларға электроникалық түрде қолжетімді болғаннан соң бағалайды. Емтихан алушылар білім алушылардың емтихан тапсыру кезіндегі қабілеттеріне сай болу үшін тәжірибеден өтеді. Олардың ішіне пән бойынша білімі және үш жылдық бертінгі білім беру тәжірибесі бар мамандар кіреді. Емтихан алушылар өздерінің міндеттерін атқару үшін арнайы дайындықтан өтеді.
Емтихан алушылар балл қою сызбасын түсініп, оны толтыру мысалдарын біліп, және сызбада берілген қағидаттарды қолдана алады. Егер емтихан барысында бір емтихан алушыдан тағы бір емтихан алушы болса, онда балл қою сызбасы бірдей толтырылғанын қамтамасыз ету үшін ортақ сынама балл қою сызбасының нұсқасы тапсырылады. Емтихан алушылар бағаларды стандарттау үдерісінен өткізпегенше тапсырмауы мүмкін.
Барлық емтихан алушылар стандарттау үдерісінде белгіленген балл қою сызбасының бірдей нұсқасын пайдаланады.
Бағалаудың айқындылығы мен балл қою сызбасының дұрыс қолданылғанын қамтамасыз ету мақсатында емтихан алушының жұмысы жан-жақты және жиі қарастырылып тұрады.
Бағаларды қою үдерісі
Әрбір оқытылған пәннің бағалау қорытындысы баға түрінде ұсынылады. Мынадай бағалар қойылады: A*, A, B, C, D және E, мұндағы A* ең жоғарғы баға, ал Е-ең төменгі оқу жетістігі.
Баға U (‘қанағаттанарлықсыз’) сынақ тапсырылған жоқ дегенді білдіреді.
Білім алушының пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейі әр емтихан парақтары үшін емес, емтихан жұмыстарының санына қарай бөлінген барлық парақтарының (белгіленген спецификацияға сәйкес қойылған) жалпы балынан есептеп шығарылады.
Емтихан парағының сұрақтары дайындалғанда, құрастырушылар өткен жылдардағы сұрақтардың күрделілік деңгейін ескеруі тиіс. Бірақ тәжірибе негізінде сұрақтардың күрделілігін білім алушылар емтихан тапсырмағанша өлшеуге болмайды. Сондықтан өткен жылы білім алушыға қойылған бағалар осы жылмен салыстырғанда ескерілмейді. Емтихан парағына қойылатын талаптар әр түрлі болуы мүмкін; балл қою да қатаң немесе жеңіл бола алады. Осы және тағы да басқа факторлар білім алушының баллдары бағаға көшірілгеннен бұрын ескерілуі тиіс.
Демек, емтихан парақтары тексеріліп балл қойылғаннан соң бағалау үдерісі әр бағалаудың шектерін орнату үшін әр пән бойынша орындалуы тиіс (курстық жұмыс немесе практикалық жұмыстарды қоса). Білім алушы сұраққа жауап беріп баға алу үшін кем дегенде берілген бағаның ең төмен баллын алу қажет. Орнатылған спецификациялар бойынша бағалардың шек көрсеткішін белгілеудің бірінші мақсаты өткен жылғы стандарттарды қамтамасыз ету болып табылады. Ал жаңа спецификациялардағы мақсат болжанған стандартты орнатып, болашақ сессияларда осы стандартты пайдалану болып табылады
Бағалардың шек көрсеткіші екі категорияға бөлінеді: пайымдап қарастырылатын және арифметикалық. Бағалардың пайымдап қарастырылатын шек көрсеткіштері статистикалық дәлелдер мен кәсіби пайымдаудың қосындысы арқылы жүзеге асырылады. Бағалардың арифметикалық шек көрсеткіші арифметикалық ережелерді қолдану арқылы қойылады.
Тест спецификациясында белгіленген негізгі деңгейлер А, С және Е болып табылады, оларға дескриптор қоса беріледі. Бағаларға берілетін дескрипторлардың қолдану себебі білім, түсінушілік және дағдылар осы баға арқылы ерекшеленеді және B мен D бағалары континуумда тұрады. Бұл Кембридж баға жүйесімен сәйкес келеді және Назарбаев зияткерлік мектептерге халықаралық тану мен тусінуге жол береді.
Бағалардың пайымдап қарастырылатын шек көрсеткіштері белгілеу үдерісі күрделі әрі көп жұмысты қажет етеді. Сондықтан өтпелі балды Біліктілік ұйымы анықтайды. Егер бағалардың пайымдап қарастырылатын шек көрсеткіштері бекітілсе, онда арифметикалық шек көрсеткіштері де саналуы мүмкін. В арифметикалық шек көрсеткіші А мен С арасындағы көрсеткішкіл, сондай-ақ D көрсеткіші С мен Е арасындағы арифметикалық шек көрсеткіш болып табылады.
