- •051301 – «Жалпы медицина» мамандығының 5-курс студенттеріне «Жалпы практикалық дәрігер жұмысындағы (іа, акушерлік іс және гинекология, балалар аурулары, хирургия)» пәнінен емтиханға тест тапсырмалары
- •1.Бүйрек туберкулезі
- •1.Пневмония
- •3.Өкпе туберкулезі
- •5.Өкпе гангренасы
- •1.Өкпе туберкулезі
- •1.Цитостатиктер
- •5.Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
- •5.Бүйрек амилоидозы
- •2.Жедел пиелонефрит
- •2.Кардиогенді шок
- •3.Қайталамалы миокард инфарктісі
- •2.Созылмалы бронхит
- •1.Геморрагиялық васкулит
- •4.Пневмония
- •3.Созылмалы бронхит
- •2.Жедел пиелонефрит
- •3.Жедел гломерулонефрит
- •3.Жедел гломерулонефрит
- •3.Тромбоцитопатия
- •4.Геморрагиялық васкулит
- •1.Муковисцидоз
- •5.Муковисцидоз
- •Өкпе эмфиземасы
2.Жедел пиелонефрит
3.Бүйрек веналарының тромбозы
4.созылмалы пиелонефрит
5.+созылмалы гломерулонефрит
103. Науқас А., 69 жаста ауыр бөліктік пневмониямен науқаста жоғары дене қызуының жылдам төмендеуінде күрт әлсіздік, бас айналу, құлақта шуыл, жүрек айну, лоқсу дамыды. Обьективті: науқас бозғылт, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер байқалды, ЖСС - 100 рет минутына, жіп тәрізді пульс, жүрек тондарының тұйықталуы, АҚҚ 75/40 мм.с.б.б. Науқастың жалпы жағдайының күрт төмендеуіне себеп не:
1.сепсис
2.Кардиогенді шок
3.өкпе артериясының тромбоэмболиясы
4.+инфекционды-токсикалық шок
5.жедел респираторлы дистресс-синдромы
104. Науқас А., 52 жаста трансмуральды миокард инфарктісіне байланысты ем қабылдауда. Аурудың үшінші күні науқастың жалпы жағдайы нашарлады, сол жақ төстің ІІІ-ші қабырға аралығында қатаң систолалық шу пайда болды, және оң жақ қарынша жетіспеушілігінің көріністеріде үдей түсті.Осы асқынудың дамуына байланысты қандай тексеру әдісін тағайындайсыз?
1.ЭКГ
2.ЧПЭС
3.+ЭхоКГ
4.селективті коронароангиография
5.кеуде клеткасының рентгенографиясы
105. Науқас 50 жаста ауруханаға төс артындағы қарқынды ауырсынуға, ауырсынудың сол қолға берілетін, ұзақтығы бір сағаттан асатын ауырсынуға шағымданумен түсті. Анамнезінде: гипертониялық ауру- 5 жыл, 20 жасынан шылым шегеді. Жағдайы ауыр, суық тер, жүрек тондары тұйықталған. ЖСС- 91 рет/ мин., АҚ=110/70 мм.с.б. б. Өкпесінде- везикулярлы тыныс. Жедел көмек көрсетуге бұл науқасқа тағайындалады:
1.+промедол
2.стрептодеказа
3.гепарин
4.строфантин
5.перлинганит
106. Дәрігерге 28 жастағы науқас физикалық жүктеме кезінде ентігу сезімдеріне, жүрек аймағында ауырсыну сезімдеріне жүрек қызметінің бұзылуына шағым түсіріп келді. Анамнезінен: бала кезінен жүрек ауруымен ауыратындығы анықталды. Ауыскультацияда 1 тон жүрек ұшында әлсіреген, өкпе бағанының тұсында 2 тон акценті байқалады, жүрек ұшында систололық шу, 1 тонның иррадициясы қолтық асты аймағына беріледі. АҚҚ – 130/80 мм с.б.б. ЖСЖ – 76 рет/минутына. Жүрек ақауын анықтаңыз?
1.Аорталық стеноз
2.Аорталық жеткіліксіздік
3.Митральды стеноз
4.+Митральді жеткіліксіздік
5.Үшжармалы клапан стенозы
107.Науқас 42 жаста эпигастральді аймағының ауырсынуына, құсуына шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозарған, суық жабысқақ тер бөлінеді. АҚҚ – 100/50 мм с.б.б. Щеткин – Блюмберг симптомы оң. Болжам диагнозыңыз:
1.Қан кету
2.+Перфорация
3.Стеноз
4.Пенетрация
5.Малигнизация
108.27 жастағы әйел адам, ішінің қатты ауруына шағымданады, ауырсыну сезімі дефекация және газ шыққанан кейін басылады, тамақ ішкеннен кейін бірден іші өтеді. Колоноскопия бойынша: гиперемия, шырыш қабатының ісінуі және қанталауы. Бактериологиялық зерттеу: эшерихийяның патологиялық штаммы, бифидобактериялардың азайғандығы байқалды. Емдеу тактикасы:
1.Суммамед
2.Микомакс
3.+Интетрикс
4.Левомицетин
5.Эритромицин
109.Бірінші типті қант диабетімен ауратын науқаста Куссмауль тынысы нені білдіреді:
1.Глюкоза деңгейінің төмендеуін
2.Алкалозды
3.+Кетоацедемиялық команы
4.Глюкоза деңгейінің жоғарылауын
5.Зәрде ацетоннның пайда болуын
110. 62 жастағы науқаста орташа дәрежелі ауырлықтағы бронх демікпесінің өршу фонында инфаркттан кейінгі кардиосклероз, қарыншалық экстрасистолия. Науқасқа мүмкіндігінше қандай базисті ем қолданасыз?
1.теотард + симвастатин
2.атровент+ атенолол
3.сальметерол+ тромбоасс
4.+флютиказон+ верапамил
5.преднизолон
111.Науқас Ч., 56 жаста, ол артериальды гипертензиямен, қантты диабетпен, семіздікпен ауырады. Науқастың емдеу жоспарына нақты қосу керек:
1.тенорик (атенолол)
2.+физиотенз (моксонидин)
3.амлодипин
4.гипотиазид
5.фуросемид
112.Науқас Л 35 жаста, бас ауруына, жалпы жағдайының нашарлығына, ауа жетіспеушілігіне шағымданады. Жүрек тұсындағы ауырсыну сезімдері психоэмоционалды жүктеме кезіде күшейеді, іш ауырады, кіші дәретке жиі барады. Бұл жағдайда зерттеудің қандай әдісі керек:
1.Ирригоскапия
2.Ректороманоскопия
3.Іш ағзаларының МРТсы
4.+Шырыш биопсиясы мен колоноскопия
5.Тік ішектің саусақты зерттеу
113.Әйел адам 34 жаста, жүктіліктің 19─20 аптасы, дене салмағы жоғары, қалқанша безі 1-ші дәр, тығыз. Терісі құрғақ, тілі ісіген. Пульс─64 рет минутына,іші қату белгілері де бар. Қандағы ТТГ деңгейі жоғары, Т4 және ТГ антиденелері төмендеген. Қалқанша бездің УДЗ-і бойынша: гипоплазия. Науқаста қандай диагноз?
1.Бірінші дәрежелі диффузды токсикалық зоб
2.Аутоиммунды тиреоидит,гипертрофикалық түрі
3.+Біріншілік гипотиреоз
4.Эндемиалық зоб1 дәреже
5.Аутоиммунды тиреоидит,хаси─токсикоз
114.Тиреотоксикозы бар науқасқа тироестатиктерді қандай мақсатта тағайындайды:
1.тиреоидты гормондардың қандағы мөлшерін арттыру үшін
2.+тиреоидты гормондардың қандағы мөлшерін төмендету үшін
3.Қанда тиреопероксидазаға анти денелерді төмендету үшін
4.Қанда тиреоглобулинге анти денелерді төмендету үшін
5.Қанда белок пен байланысқан йодтың деңгейін арттыру үшін
115.Қабылдауда 45 жастағы науқас кіндік маңындағы ауырсынуға, ішінің кебуіне, іш қату кейде оның іш қтумен аралас болуына, сұйық нәжістің күніне 4-5 ретке дейін болуына, әлсіздік, бас айналуға шағымданып келді. Соңғы 1,5 жылда 9кг-ға арыған. АҚҚ 100/60 мм.с.б.б., ЖСЖ 60 рет минутына. Пальпация кезінде іші жұмсақ, кіндік маңында ауырсыну. Нәжісі көп, көпіршікті. Диагноз қойыңыз:
1.Арнайы емес жаралы колит, созылмалы қайталамалы түрі
2.Крон ауруы, ащы ішектің зақымдануымен
3.+Созылмалы энтероколит, ащы ішектің зақымдануымен
4.Созылмалы энтероколит, тоқ ішектің зақымдануымен
5.Тоқ ішектің қатерлі ісігі
116.Қабылдауда 47 жастағы науқас жалпы әлсіздікке және жүрек соғуының жиілеуіне шағымданады.Созылмалы маскүнемділікпен наркодиспансерде Д-есепте тұрады. Қараған кезде тәбеті төмендеген, қол басының дірілі байқалады. АҚҚ 145/95 мм.с.б.б. ЖСЖ 96 рет минутына. ЖҚА: Нв- 72 г/л, эритроциттер 2,1∙1012/л, ТК-1,2, лейкоциттер - 3,2∙109/л, тромбоциттер- 138∙109/л. Анемияның даму себебін анықтаңыз:
1.Темір жетіспеушілігі
2.глютена жетіспеушілігі
3.эритропоэтин жетіспеушілігі
4.+фоли қышқылының жетіспеушілігі
5.гастромукопротеин жетіспеушілігі
117.Метаболикалық синдромы бар науқастарда неліктен гипертриглицеридемия дамиды?
1.себебі, онда гипонатриемия орын алады
2.себебі, онда гипогонадизм орын алады
3.себебі, онда гипертиреоидизм орын алады
4.+себебі, онда гиперинсулинемия орын алады
5.себебі, онда гиперпролактиемия орын алады
118.Жедел миокард инфарктісімен науқастарда жүрек ырғағының қарыншалық бұзылыстарын басу үшін таңдау препаратын көрсетіңіз:
1.амиодарон
2.+лидокаин
3.хинидин
4.верапамил
5.дилтиазем
119.Жедел сол жақ қарынша жеткіліксіздігі кезінде қандай диуретикке жоғары баға бересіз:
1.диакарб
2.+маннитол
3.фуросемид
4.верошпирон
5.гигротон
120.57 жасар науқас жыл бойы айына 1-2 рет таңертең кеуде арты қысылумен сипатталатын ауырсыну болады, сол жақ жауырынға берілетін ауырсыну болады, нитроглециринді қабылдаған соң жарты сағатта қайтады, ұстама кезінде холтерлік мониторирлеуде SТ бөліктерінің келесі күні 8 мм v2-v5 жоғарлауы. Науқаста қандай патология?
1.4-ші функционалды класстың тұрақты стенокардиясы
2.миокард инфарктісі
3.миокардтың ишемиялық дистрофиясы
4.+нұсқалы стенокардия
5.прогресшіл стенокардия
121.Егер науқаста жіті миокард инфарктісінің 4-ші аптасында кеуде артында интенсивті қысып ауырсыну, ЭКН болымсыз динамикасы және тағыда АСТ, АЛТ, КФК-МВ активтілігі пайда болса аурудың нашарлауын қалай квалификациялау қажет:
1.ӨАТЭ
2.+миокард инфарктісінің қайталануы
