Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MEREJ_terapia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
215.85 Кб
Скачать

5.Муковисцидоз

335.11 айлық бала. Жасына сай өсіп, жетілді. ЖРВИ-дан соң оныншы күні жағдайы нашарлады, ентігу пайда болды, селқос болып, бозара бастады. Қарау кезінде пульсі әлсіз, тахикардия. Жүрек шекарасы: оң жақ – оң жақ төс маңы сызығы бойынша, сол жағы ортаңғы бұғана сызығынан 3 см солға қарай. Жүрек тондары тұйықталған, қысқа систолалық шу естіледі, жүрек ұшында шоқырақ ырғағы. Өкпесінде көлемді ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Бауыр қабырға доғасынан 3 см шығып тұр. Болжам диагноз:

1.Жедел пневмония, орташа ауырлықта

2.Бронхиолит, жеңіл дәрежелі ауырлықта

3.Ерте туа біткен кардит

4.+Жедел кардит

5.Жеделдеу кардит

336.5 айлық бала. Бала салмағы 6300 грамм. «Нутрилон» қоспасымен жасанды тамақтанады. Балаға тәулігіне қажет:

1.600 мл. қоспа, 20 мл. шырын, 50 мл. жидек пюресі

2.700 мл. қоспа, 20 мл. шырын, 50 мл. жидек пюресі

3.800 мл. қоспа, 50 мл. шырын, 50 мл. жидек пюресі

4.+900 мл. қоспа, 50 мл. шырын, 50 мл. жидек пюресі

5.1000 мл. қоспа, 50 мл. шырын, 50 мл. жидек пюресі

337.Фолий қышқылының ұрыққа әсер ету механизмі:

1.Жүрек-қан тамыр жүйесі даму ақауларын ескертеді

2.+Жүйке түтігінің ақауының дамуын ескертеді

3.Өкпе жүйесі ақауларының дамуын ескертеді

4.Асқазан-ішек жолдары ақауларының дамуын ескертеді

5.Зәр шығару жүйесі ақауларының дамуын ескертеді

338.Мешелдің 2–ші дәрежесімен ауыратын 6 айлық бала «Д» - 3000 МЕ/тәу дәруменін, кальций глицерофосфатын, цитрат қоспасын қабылдайды, бірақ анасы балаға қажетті мөлшерін сақтамаған. Ем фонында дене қызуы 37,3°С дейін жоғарылап, селқостық дамыған, дене салмағының қосылулар болмаған. Сулкович сынамасы ++++. Сіздің диагнозыңыз:

1.дәрумен-Д- резистентті мешел

2.Спазмофилия

3.дәрумен -Д-тәуелді мешел

4.дәрумен -Д-тапшылық мешел

5.+Гипервитаминоз «Д»

339.2,5 айлық балада тұрақсыз нәжіс, дене салмағының қосылуы жоқ. Жетіліп туылған, дене салмағы – 2600 кг, бойы 49 см, салмақ-бой көрсеткіші - 53. Омыраумен 1,5 айына дейін емізген, содан кейін сиыр сүтімен қоректенген. Объективті: тері жабындылары құрғақ, жұмсақ тіндер тургоры төмендеген, тері асты шел қабаты ішінде және төменгі аяқтарда азған. Қарау кезінде дене салмағы 2880 кг (салмақ тапшылығы 28%). Бауыры қабырға доғасынан +1,5 см шығып тұр. Зәрді аз шығарады. Диагноз қойыңыз:

1.дистрофия гипотрофия түрі бойынша I дәределі., пренаталды, аралас этиологиялы, үдеу кезеңі

2.+дистрофия гипотрофия түрі бойынша II дәрежелі, пренатальды және постнатальды, алиментарлы этиологиялы, үдеу кезеңі

3.дистрофия гипотрофия түрі бойынша II дәрежелі., постнатальды, алиментарлы этиологиялы, стабилизация кезеңі

4.дистрофия гипотрофия түрі бойынша III дәрежелі., постнатальды, алиментарлы этиологиялы, бастапқы кезең

5.дистрофия гипотрофия түрі бойынша III дәрежелі., пренатальды және постнатальды, алиментарлы этиологиялы, стабилизация кезеңі

340.1 жас 2 айлық бала, салмағы 10,5 кг. Дене қызуының 38,5 С дейін жоғарлауы байқалады, тері жабындылары шамалы қызарған, ұстағанда ыстық. Аяқ-қолдары ыстық. Литикалық қоспаны қандай есеппен енгізгу қажет?

1.+50%-к 0,1 мл анальгин ерітіндісі + 1%-к 0,1 мл димедрол б/е

2.50% -к 0,1 мл анальгин ерітіндісі + 1%-к 0,2 мл димедрол б/е

3.50%-к 0,2 мл анальгин ерітіндісі + 1%-к 0,3 мл димедрол б/е

4.50%-к 0,3 мл анальгин ерітіндісі + 1%-к 0,4 мл димедрол б/е

5.50%-к 0,4 мл анальгин ерітіндісі + 1%-к 0,5 мл димедрол б/е

341.2 айлық бала. Омыраудан бас тартады. Қарау кезінде кеуде клеткасының тартылуы байқалады, тыныс алу актісіне қосымша бұлшықеттер қатысады. ИВБДВ сәйкес дәрігердің әрекеті:

1.антибиотиктің бірінші мөлшерін беру, үлескелік дәрігер бақылауында қалдыру

2.+антибиотиктің бірінші мөлшерін беру, шүғыл түрде стационарға бағыттау

3.антибиотиктің бірінші мөлшерін беру, қайта қарау екі күннен соң

4.антибиотиктің бірінші мөлшерін беру, тексеруге жолдама беру

5.антибиотик керек жоқ, үйде бақылау

342.Гингивит – бұл ауыз қуысының шырышты қабатының қабынуы:

1.+Жақтың қызыл иек қыры

2.Қызыл иек емізікшесі

3.Тіл

4.Таңдай

5.Ерін

343.Жиі ауыратын балалар емханалық сатыда тағайындауларды қажет етеді:

1.Антиоксиданттарды, гомеопатиялық препараттарды

2.Дәрумендерді, метаболиттерді

3.Дәрумендерді, протеолиздің лизоцим-ингибиторларын, гормондарды

4.+Дәрумендерді, антиоксиданттарды, пробиотиктерді, иммуномодуляторларды

5.Дәрумендерді, гомеопатиялық препараттарды, протеолиздің лизоцим-ингибиторларын, метаболиттерді, антиоксиданттарды, пробиотиктерді.

344.Қабылдауда 3 айлық бала. V2-АКДС, ОПВ, Hib екпелерін алуға байланысты келді. Алдыңғы жоспарлы екпе ауыр жалпы рекциямен асқынды. № 636 бұйрыққа сәйкес бала иммунизация жасауға жата ма?

1.Жатады, жалпы қабылданған екпе күнтізбесі бойынша

2.Жатады, жеке күнтізбе бойынша

3.Жатады, көкжөтел компетентісіз, жалпы қабылданған екпе күнтізбесі бойынша

4.Жатпайды, дәрігер уақытша мед әкетуді рәсімдейді

5.+Жатпайды, дәрігер тұрақты мед әкетуді рәсімдейді

345.Бір жастағы балада екпеден соң анафилактикалық шок дамыды. 0,1% адреналин ерітіндісінің бір реттік мөлшері, шұғыл көмек көрсету кезінде құрайды:

1.+0,1 мл.

2.0,2 мл.

3.0,3 мл.

4.0,5 мл.

5.1 мл.

346.Профилактикалық қарауда 6 айлық бала. Өмір анамнезінен: бала анемия фонында өткен бірінші жүктіліктен, салмағы 3,350 гр. Апгар межесі бойынша бағалау 8-9 балл. 4 айлығында ЖРВИ-мен ауырған. Қан талдауында 2 айлығында гемоглобин - 116 г/л. Бұл баланың резистенттілігін анықтаңыз:

1.Жоғары

2.+Қалыпты

3.Орташа

4.Төмен

5.Өте төмен

347.15 күндік бала жиі емізгеннен соң бірден немесе біршама уақыт өткен соң лоқсиды, жиі іріген сүт құсады. Белсенді емеді, нәжісі қалыпты консистенциялы, патологиялық қоспаларсыз, диурезі қалыпты. Анамнезінен: тез босану, Апгар межесі бойынша 6-7 балл. Өмірінің бірінші күнініен бастап лоқсиды. Болжам диагноз:

1.+Пилороспазм

2.Пилоростеноз

3.Перинаталды энцефалопатия

4.Ішек дисбактериозы

5.Лактазды жетіспеушілік

348.Қабылдаудағы 2 жастағы бала дене қызуының 37,40С дейін жоғарлауына шағымданады. Қарау кезінде өзгермеген тері фонында дақ тәрізді бөртпе жазғыш беткейде көп орналасқан, мұрын-ерін ұшбұрышы «таза». Пальпация кезінде қарақұс және артқы мойын лимфа түйіндері ұлғайған. Болжам диагноз қойыңыз:

1.+краснуха

2.қызылша (корь)

3.қызамық (скарлатина)

4.энтеровирусты инфекция

5.аллергиялық бөртпе

349.1 айлық бала. Баланың салмағы 3500 грамм. Жасанды тамақтанады. Бала тәулігіне тиісті:

1.500 мл. адаптирленген сүт қоспасы

2.600 мл. адаптирленген сүт қоспасы

3.+700 мл. адаптирленген сүт қоспасы

4.800 мл. адаптирленген сүт қоспасы

5.900 мл. адаптирленген сүт қоспасы

350.4 жастағы баланың білезік-алақан буынының рентгенограммасында ұзын түтік тәрізді сүйектердің метафиздерінің кенеюі, шекара сызығының айқын болмауы, әктелінуі байқалады, остеопороз. Қандағы Са – 2,05 ммоль/л, Р – 0,65 ммоль/л, сілтілік фосфотаза – 2437 Бірлік: Көрсетілген мәліметтерді бағалаңыз:

1.Белсенді мешел, гипофосфатемия, Са және СФ қалыпты,

2.Жеделдеу мешел, гиперфосфатемия, Са және СФ қалыпты,

3.+Белсенді мешел, гипофосфатемия, Са төмендеген, СФ жоғарылаған,

4.Қайталамалы мешел, гипофосфатемия, гипокальциемия, СФ төмендеген,

5.Белсенді мешел, гипофосфатемия, гиперкальциемия, СФ жоғарылаған,

351.Анасы 4 айлық баласының нашар тәбетіне, лоқсуына шағымданады. Бала ерте босанудан, салмағы 3,400 гр. Бір айынан бастап жасанды тамақтануда. Салмағы 4,700 гр. Қарау кезінде жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары боз-сұр, құрғақ, жеңіл қатпарлар жиналады, нашар қалпына келеді. Ауыздың шырышты қабаты ашық қызғылт, құрғақ. Тері асты май қабаты нашар дамыған. Бұлшықеттері дряблые. Іші аздап кепкен. Нәжісі тұрақсыз. Жіктелу бойынша диагноз қойыңыз?

1.Дистрофия гипотрофия түрі бойынша I дәрежелі, бастапқы кезең, постнатальды, аралас генезді.

2.Дистрофия гипотрофия түрі бойынша II дәрежелі, стабилизация кезеңі, постнатальды, алиментарлы генезді

3.+Дистрофия гипотрофия түрі бойынша II дәрежелі, үдеу кезеңі, постнатальды, алиментарлы генезді

4.Дистрофия гипотрофия түрі бойынша I дәрежелі, үдеу кезеңі, постнатальды, аралас генезді.

5.Дистрофия гипотрофия түрі бойынша III дәрежелі, өршу кезеңі, постнатальды, аралас генезді.

352. Темір тапшылықты анемияға тән сүйек кемігіндегі өзгеріс:

А) лимфоциттердің көбеюі

В) мегалобластоз

С) мегакариоциттердің азаюы

D) ┼сидеробласттар санының азаюы

Е) миелоидты метаплазия

353. Жедел лейкоздық толық ремисиясының ең негізгі белгісі:

A) гемограмада бласттардың жоғалуы

B) ┼ миелограммада бласттар саны 5% дейін

C) гемоглобин 110г/л төмен емес болуы

D) тромбоциттер 100х109/л төмен емес болуы

E) клиникалық статусының қалыптасуы

354. Ересектерде жиі кездесетін жедел лейкоздың варианты:

А) промиелоцитарлық

В) жіктелмеген

С) ┼миелобласттық

D) лимфобласттық

Е) монобласттық

355. Сарғаю, спленомегалия, өт қапшығындағы тастар, нормохромды анемия, эритроциттердің осмостық резистенттілігінің төмендеуі, мынаған тән:

A) ┼ Минковский-Шоффар ауруына

B) В12-тапшылықты анемияға

C) Маркиафава -Микели ауруына

D) талассемияға

E) аутоиммунды гемолитикалық анемияға

356. Адам ағзасындағы жалпы темір мөлшері:

A) 1-2г

B) ┼ 4-5г

C) 5-6г

D) 2-3г

E) 6-7г

357. Нефротикалық синдромның патогенетикалық емінің жоспарына төменде берілген дәрілік заттардың бәрін қосқан барынша тиімді, мынадан басқасы?

A) цитостатиктерді

B) антикоагулянттарды

C) антиагреганттарды

D) ┼ антибиотиктерді

E) глюкокортикоидтарды

358. Қандай ауруда нефротикалық синдроммен науқастарға глюкокортикостероидтарды тағайындау нәтижелі болады:

А) ┼ гломерулонефритпен

В) дәрілік аурумен

С) туберкулезбен

D) бүйрек ісігімен

Е) қантты диабетпен

359. 45 жастағы науқаста жетекші синдром - зәрлік макрогематурия түрінде. Макрогематурияға тән емес ауруды таңдаңыз:

А) бүйрек инфаркты

В) бүйрек поликистозы

С) ┼ бүйрек амилоидозы

D) жедел нефрит

Е) бүйрек ұстамасы

360. Нефротикалық синдром сипатталады:

A) гипонатриемиямен

B) креатининемиямен

C) гипокалемиямен

D) гиперкалиемиямен

E) ┼ айқын протеинуриямен

361. Амилоидоз ауруының жалпы несеп анализiнде байқалады:

A) микрогематурия

B) макрогематурия

C) гиполипидемия

D) ┼ протеинурия

E) лейкоцитурия

362. Бүйрек амилоидозының нақты диагностикалық зерттеу әдiсi:

A) бүйректiң УДЗ-уi

B) ┼ бүйрек биопсиясы

C) экскреторлы урография

D) компьютерлiк томография

E) несеп анализі

363. Гиперлактоцидемиялық команың көрінісі болып табылмайды:

А) +ауыздың ацетон иісі

В) тері құрғақтылығы

С) Куссмаул тынысы

D) цианоз

Е) сіңір рефлексінің төмендеуі

364. 50 жастағы науқас, 3 дәрежелі семіздікпен және қантты диабетпен ауырады. Eмдәммен (калораж-2000 ккал/сут) монотерапия алады. Дене салмағының төмендеуіне қарамастан тәуліктік гликемия 10-нан 15 ммоль/л аралығында, глюкозурия 3%-ға дейін. Науқасты емдеудің қандай тәсілі тиімді?

A) тәулігіне 1200 ккал емдәмді қолдану

B) сульфаниламидтерді қолдану

C) +бигуанидтерді тағайындау

D) қысқа әсерлі инсулинді тағайындау

E) ұзақ әсерлі инсулинді тағайындау

365. Қай гормонның деңгейі біріншілік гипотиреозды диагностикалауға мүмкіндік береді:

А) бос Т3

В) +ТТГ

С) бос Т4

D) жалпы Т4

Е) СТГ

366. Семіздік пен гипотиреозы бар науқасқа терінің қандай өзгерістері тән емес:

А) шашының түсуі

В) тығыз ісіктер

С) тері жамылғасының бозғылт сарғыш реңді болуы

D) +стриялар, акне

Е) гиперкератоз

367. Тиреотоксикозға тән емес?

A) +брадикардия

B) экзофтальм

C) ашуланшақтық

D) қолдардың треморы

E) тершеңдік

368. Подаграда жиі кездесетін буындық емес асқынулар:

A) жүректің зақымдануы

B) бауырдың зақымдануы

C) бұлшық еттің зақымдануы

D) өкпенің зақымдануы

E) +бүйректің зақымдануы

369. Иценко-Кушинг ауруының диагностикалық алгоритміне жатпайды:

А) бүйрек үсті бездерінің ультрадыбыстық зерттеу

В) кортизол және АКТГ деңгейін анықтау

С) +электроэнцефалография

D) дексаметазонмен сынама

Е) гипофиз аймағының магнитті резонансты томографиясы

370. Диабеттің жедел декомпенсациясының қандай жағдайларында натрий хлоридінің гипотоникалық ертіндісін стартты ем ретінде қолданады?

А) гипогликемиялық комада

В) диабеттік кетоацидозды комада

С) диабеттік сүтті қышқылдық комада

D) +диабеттік гиперосмолярлы комада

Е) диабеті бар науқастағы милық комада

371. 56 жастағы әйел тамақ қабылдағаннан кейін кеуде артындағы ауырсыну мен қыжылдауға шағымданады; ауырсыну қатты еңкейгенде және қатты қысатын белдік таққанда пайда болады. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

A) +гастроэзофагеалды рефлюкс ауруының

B) өңеш дискинезиясының

C) өңештің пептикалық жарасының

D) кардия ахалазиясының

E) көкеттің өңештік тесігінің жарығының

372. 66 жастағы әйел, майлы тағам жегеннен кейін пайда болып, жүрек аймағына берілетін оң жақ қабырға астындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Ауырғанына 3 жыл болған. Обьективті: дене қызуы 38,2º С, сипағанда өт қабы тұсында ауырсыну, Ортнер симптомы оң. Қанда лейкоциттер - 9,8 мың. ЭТЖ - 18 мм/сағ. Өтті зерттеуде: барлық порцияларда шырыш және лейкоциттер. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

A) жедел холециститтің

B) +созылмалы өт-тасты емес холециститтің өршуі

C) созылмалы дуодениттің өршуі

D) жедел аппендициттің

E) 12-елі ішектің ойық жара ауруының өршуі

373. Созылмалы гастрит диагнозын қоюда ең маңызды:

A) ретгендік зерттеу

B) клиникалық көрінісі

C) асқазан сөлін зерттеу

D) +фиброгастродуоденоскопия биопсиямен

Е) рН метрия

374. Ұйқы безінің секрециясын басу үшін қолданылмайды:

  1. +антикоагулянттар

  2. аштық

  3. эпигастрий ацмағына салқын басу

  4. Н2- гистаминорецепторлардың блокаторлары

  5. антиферменттік препараттар

375. Созылмалы панкреатитпен сырқат науқастарда метеоризм дамуы байланысты:

  1. +ұйқы безінің ферменттік жетіспеушілігімен

  2. ісінген ұйқы безі басының 12-елі ішекті басуы

  3. тоқтаусыз жиі құсумен

  4. панкреаздық гормондар тапшығымен

  5. ұйқы безінің инкреторлық қызметінің төмендеуімен

376. Шунт синдромының индикаторлары:

  1. +аммиак, фенол, амин қышқылдарының жоғарылауы

  2. АлАТ, АсАТ, альдолаза, ГлДГ, ЛДГ, 4,5-орнитинкарбамилтрансфера-заның жоғарылауы

  3. сілтілі фосфатаза, 5-нуклеотидаза, ГГТП, билирубин, өт қышқылдары, холестерин, -липопротеидтер, фосфолипидтердің жоғарылауы

  4. альбуминдер, холинестераза, протромбин, проконвертин, проакцел-лериннің төмендеуі, бромсульфалеин бөлінуінің азаюы

  5. -глобулин, IgA, IgM, IgG артуы, нуклеолаға, митохондрийге, тегіс салалы бұлшық еттерге қарсы антиденелердің, бауыр-бүйректің микросомаларының антигендеріне антиденелердің жоғарылауы, тимол сынамасының жоғарылауы, ал сулема сынамасының төмендеуі

377. Бауыр циррозының созылмалы гепатиттен айырмашылығы:

  1. +портокавальді және кава-кавальді анастомоздардың болуы

  2. холестаз синдромы

  3. цитолиздік синдромы

  4. холемия синдромы

  5. паренхималық сарғаю

378. Бауырдың біріншілік билиарлы циррозының ерте белгісіне жатады:

А) спленомегалия

В) диспепсиялық өзгерістер

С) +терінің қышуы

D) оң қабырға астындағы ауыру сезімі

Е) геморрагиялық синдром

379. Бауыр циррозы бар 40 жастағы науқаста асқазан – ішек жолдарынан қан кету эпизоды дамыды. Медикаментозды гемостатикалық терапия жүргізіле бастады. Осы жағдайда келесі дәрігердің жүргізу тактикасы:

А) назогастральды аспирация

В)+ шұғыл эндоскопия

С) седация

D) ультрасонографиия

Е) асқазанның рентгенографиясы

380. Пневмокониоз асқынуларының алдын алуға қандай топтың препараттарын тағайындау тиімді:

А) диуретиктерді

В) + муколитиктерді

С) бета- блокаторларды

Д) антибиотиктерді

Е) ұзартылған әсерлі нитраттарды

381. Пневмония деп атайды:

A) +этиологиясы және патогенезі әртүрлі өкпенің түрлі құрылымында міндетті түрде респираторлық бөлігін зақымдаған инфекциялық қабыну процесі

B) өкпедегі қабыну процесі

C) өкпедегі инфекциялық қабыну процесі

D) этиологиясы және патогенезі әртүрлі өкпенің инфекциялық – қабыну процесі

E) этиологиясы және патогенезі әртүрлі, майда бронхтардың және өкпе интерстицийінің инфекциялық – қабыну процесі

382. Көптеген ошақты, өкпе тканінің деструкциясы бар екі жақты стафилококтық пневмония кезінде антибиотиктермен патогенездік емді қосарлап тағайындағанда қолданылмайды:

A) гепарин енгізу

B) жаңа тоңазытылған сарысуды трансфузиялау

C) иммуноглобулин препараттарын вена ішіне енгізу

D) +глюкокортикоидтарды парентеральді енгізу

E) плазмаферез

383. Бронхоэктаз ауруы көбінесе келесі аурулармен қосарланып жүреді:

A) асқазан және онекі елішек жара ауруы

B) қантты диабет

C) +созылмалы синусит (гайморит), аденоид

D) созылмалы тонзиллит

Е) созылмалы гепатит

384. Бронхоэктаз ауруының асқынуына жатпайды:

A) өкпе-жүрек шамасыздығы

B) +кіші қанайналым шеңбері тамырларының атеросклерозы

C) қан қақыру және өкпеден қан кету

D) ішкі органдардың амилоидозы

E) метастаздық абсцесс және сепсис

385. Тыныс жетіспеушілігінің айқындылығын анықтау үшін мәліметті әдіс:

А) науқастың шағымдары мен анамнезі

В) рентгенологиялық зерттеу

С) спирографиялық зерттеу

D)+ артериалық қанның газдық құрамын зерттеу

Е) науқасты физикалық тексеру

386. 50 жастағы әйел бала кезінде өкпе туберкулезімен ауырған: әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Сол жауырынаралық аймағында перкуссиялық дыбыстың қысқаруы, тыныстың әлсізденуі байқалады: жөтелгеннен кейін бірең-сараң ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгендік зерттеуде – сол бұғана астында 2х3 см домалақ пішінді интенсивтілігі орташа, контуры айқын емес, арасында ақшылданған бұрыс пішінді дағы және түбірге жалғасқан «жолы» бар көлеңке. Айналасында интенсивтілігі әртүрлі балалаған ошақтар анықталады. Бұл рентгенологиялық-клиникалық көріністер өкпе туберкулезінің келесі түріне сәйкес келеді:

A) +өкпенің инфильтрациялық туберкулезі

B) біріншілік туберкулездік комплекс

C) ателектазбен асқынған кеуде іші лимфатүйіндерінің туберкулезі

D) өкпе туберкулезі

E) туберкулездік плеврит

387. Осыдан 3 күн бұрын 27 жастағы науқаста қалтырау, құрғақ жөтел, оң бүйірінің ауырсынуы, 38,90С қызба кенет пайда болды. Тыныс алғанда кеуденің оң жартысы қалыңқы. Перкуссияда: алдыңғы бетте 3-ші қабырғадан, артқы бетте жауырын аралықтың ортасынан бастап төмен қарай-тұйық дыбыс, бұл аймақта тыныс естілмейді. Жүрек шала тұйықтығының сол жақ шегі бұғана ортасы сызығынан 1,5 см сыртқа ығысқан. Сіздің юолжам диагнозыңыз:

A) созылмалы бронхиттің өршуі

B) оң өкпе төменгі бөлігінің ошақты пневмониясы

C) оң жақты бөліктік пневмония

D) +оң жақты экссудатты плеврит

E) оң жақты гидроторакс

388. Өкпенің барлық бетінде құрғақ ысқырықты сырылдардың естілуі тән патологиялық процесс:

A) плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы

B) өкпе ауалылығының артуы

C) +бронхтар өтімділігінің бұзылысы

D) өкпе тінінің тығыздалуы

E) өкпедегі қуыс

389. Дерматомиозитпен ауыратын науқасқа қандай препаратты тағайындау дұрыс емес:

  1. делагилді

  2. азатиопринді

  3. преднизолонды

  4. +триамцинолонды

  5. метилпреднизолонды

390. 56 жастағы науқас көзіне құм түскен сезімге және аузының құрғауына шағымданады. Объективті: тістерінде көптеген кариестер, көз және ауыздың шырышты қабаты айқын құрғақ, оң жақ құлақмаңы және сілекей бездері ұлғайған. Ширмер және бенгальды алқызылмен сынамалар оң. Гематокрит - 35%, лейкоциттер - 3,2 мың, ЭТЖ - 47 мм/сағ. IgG және IgM концентрациялары жоғарылаған. РФ - 1:640 және пішіндері әртүрлі антинуклеарлы антиденелер титрі 1:250. Берілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін:

  1. Рейно синдромының

  2. Такаясу ауруының

  3. +Шегрен ауруының

  4. жүйелі склеродермияның

  5. жүйелі қызыл жегінің

391. Вегенер гранулематозымен ауыратын науқасқа бірінші кезекті таңдау дәрісіне қайсысы жатады:

  1. кризанол

  2. метотрексат

  3. +циклофосфан

  4. сульфасалазин

  5. метилпреднизолон

392. 24 жастағы науқас сол жақ тізе буынындағы ауырсыну, ісіну, дене қызуының 38оС дейін көтерілуіне шағымданады. 3 апта бұрын зәр шығарғандағы ауру мен ашу сезімі және көздерінің қызаруы мазалаған. Қарап тексергенде: қатты таңдайдың шырышты қабатында кішірек ауру сезімсіз жара, жыныс мүшесінің басында, зәр шығаратын өзекшенің саңлауы аймағында беткей жаралар анықталды, сипағанда шап лимфа түйіндері байқалады. Сол жақ тізе буынының көлемі ұлғайған және ұстағанда ыстық, тұрақты 30оС. Өкшесінің терісінде папулезді бөртпелер. Реактивті артрит диагнозы қойылды. Берілген аурулардың қайсысымен бірінші кезекте ажырату диагностикасын жүргізу маңызды:

  1. +Бехчет ауруымен

  2. Бехтерев ауруымен

  3. Вегенер гранулематозымен

  4. псориаздық артритпен

  5. Стивен-Джонсон синдромымен

393. Дерматомиозит (полимиозит) кезіндегі бұлшық ет синдромы кезінде қандай симптом болмайды:

А) +аяқ-қолдарының дистальды бөлімдерінің бұлшық еттерінің зақымдалуында

В) бұлшық еттерінің симметриялы зақымдалуында

С) дисфагияның дамуында

D) бұлшық еттерінің атрофиясында

Е) дисфонияның дамуында

394. 52 жастағы әйел адам, дене ыстығының 390 қызбаға, ми қан айналымының бұзылуы шағымдарымен ауруханаға түскен. Соңғы 2 ай бойы қалтыраумен жүретін, дене ыстығының 390 дейін жоғарлағаның анықтаған. Тісінің экстракциясымен байланыстырады. Қарағанда: терісі, шырышты қабаттары сарғыш түсті аяқтарында нүктелі геморрагиялық бөртпелер. Тахикардия, экстрасистолия. ЭхоКС-та – қолқа қақпақшасында вегетациялар. Мүмкін болатын диагноз:

А) жедел лейкоз

В) жүйелі қызыл жегі

С) лимфогранулематоз

D) созылмалы лимфолейкоз

Е) +инфекциялық эндокардит

395. 28 жастағы әйел адам, босанғаннан кейін бетінде эритематозды дақтардың пайда болуын, дене ыстығының 39 градусқа дейін жоғарлауын, арықтағаның, интенсивті полиартралгияның, аяқтарының ісінулеріне және АҚ жоғарлауын байқаған. Зерттегеде: Нв – 90 г/л, ЭТЖ – 50 мм/сағ, фибриноген – 6 г/л, альбуминдер – 30%, LE- жасушалар 5:1000 лейкоциттерде. Мүмкін болатын диагноз:

А) жүйелі склеродермия

В) +жүйелі қызыл жегі

С) дерматомиозит

D) диффузды эозинофильды фасциит

Е) ревматикалық полимиалгия

396. 32 жастағы әйел профилактикалық қаралуға келген. Анамнезінде - 14 жасында буындардың зақымдалуымен және эндокардитпен жүрген, алғашқы ревматикалық шабуыл. Әлсіздікке, тез шарашаңдыққа, физикалық күш түскендегі еңтігуге, кешке қарай табанының сыртқы беткейінде ісінулерге шағымдалады. Жүрек тондары бәсендеген, дөрекі пансистололық шу естіледі. Сіздің тактикаңыз:

А) динамикада қарау

В) ревматологқа консультацияға жіберу

С) кардиохирургқа консультацияға жіберу

D) антибиотиктермен және фуросемид тағайындау

Е) +допплерографиямен жүректің УДЗ жүргізу

397. 45 жастағы ер адам оң жақ табанының қатты ауырсынуыына шағымдалады. Ауырсыну кенеттен, түнгі сағат 6-да басталған және оң жақ табанының I-II-ші табан-фалангалық буындарда орналасқан. Үлкен бақайының терісі қызарған, ұстағанда ыстық, ісінулер көршілес жұмсақ тіндерге жайылған, пальпация кезінде қатты ауырады. Дене ыстығы 37,6 0С. Мұндай жағдай өмірінде алғашқы рет болып отыр. Диагнозды нақтылау үшін, қандай диагностикалық зерттеу әдісін жүргізу керек?

А) буынның пункциясы

В) қанның клиникалық анализі

С) қандағы зәр қышқылының анализін

D) табанның рентгенограммасы

Е)+ қандағы және зәрдегі зәр қышқылының анализін

398. Ревматоидты артритке тән:

А) +латекс-тестті және Ваалер – Роуз реакциясы оң

В) Le жасушаларының жоғары титрі

С) антистрептолизин – О титрі жоғары

D) моноклональды ақуыздың болуы

Е) қандағы зәр қышқылының жоғары деңгейі

399. Ұзақ ағымды остік қаңқаның ірі буындарының рецидивті моноартритімен науқастағы сегізкөз-жамбас буын аймағындағы аурсыну нені көрсетеді:

А) +Бехтерев ауруын

В) бел-сегізкөз остеохондрозын

С) ревматоидты артритті

D) Лайма ауруын

Е) псориазды артритті

400. Коронар артериясы атеросклерозының диагностикасында қолданылатын ең тиімді әдіс:

А) ЭКГ

В) эхокардиография

С) стресс - эхокардиография

D) +ангиография

Е) велоэргометрия

401. Атеросклероз кезіндегі липидті алмасуды қалпына келтіруге арналған, ең нәтижелі гиполипидемиялық препараты көрсетіңіз:

A) никотин қышқылы және оның туындылары

B) +статиндер

C) өт қышқылының секвестранттары

D) фибраттар

E) антиоксиданттар

402. 27 жастағы науқас кардиология бөлімшесіне: жүрек соғу ұстамасы, кеуде тұсындағы қысып ауру сезіміне және есінің тануына шағымданып түсті. Объективті: дене бітімі астениялық типті. Жүрек үндері әлсіз, тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ – 88 рет мин. АҚ – 90/60 мм с.б.б. ЭКГ- V2-V3 кеуде тіркемелерінде ST сегментінің элевациясы. Тропонин Т өзгермеген. Бірінші кезекте қандай зерттеуді жүргізген тиімді:

А) эхокардиография

В) вентрикулография

С) коронароангиография

D) + ЭКГ тәуліктік мониторлау

Е) электроэнцефалография

403. III – ФК стенокардияға қай белгіні негіз етіп аламыз?

А) Гис будасының сол аяқшасының блокадасы

В) ұстамалардың көбіне тыныштықта пайда болуы

С) велоэргометриялық сынамада ST сегментінің депрессиясы

D) +орташа жылдамдықта тегіс жермен 100-500 метр жаяу жүргенде, баспалдақпен бір қабатқа көтерілгенде ұстаманың болуы

Е) ауырсыну ұстамаларының 30 минуттун артық болуы

404. Тұрақсыз стенокардияның ұстамасында қолдануға болмайды:

А) β-блокаторларды

В) нитраттарды

С) +нифедипинді

D) верапамилді

Е) дилтиаземді

405. Сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының трансмуральды миокард инфаркты бар науқастың, 3 аптасында ЭКГ-да V1-V4 кеуде тіркемелерінде ST сегментінің элевациясы, жүрек тропонин деңгейінің жоғарлауы сақталған. Осы жағдайды қалай дұрыс бағалау қажет?

А) қайтадан миокард инфарктысы

В) миокардтың қалыпты тыртықтану үрдісі

С) эпистенокардиялық перикардит

D) Дресслер синдром

Е) +жүрек аневризмасы

406. Трансмуральды миокард инфарктына мына белгілердің қайсысы тән:

А) төмен вольтты ЭКГ

В) жоғары ассиметриялы Т тісшесі

С) Т тішесінің теріс болуы

D) qR және ST сегментінің депрессиясы

Е) +QS және ST сегментінің элевациясының жоғарлануы

407. Миокард инфарктымен сырқаттанған науқастарға ұзақ уақыт аспирин беріледі, өйткені ол:

А) протромбин индексін төмендетеді

В) +тромбоциттер агрегациясына кедергі жасайды

С) түзілген тромбтарды лизистейді

D) қан ұюының ішкі механизмін тежейді

Е) аспириннің оң әсерінің механизмі белгісіз

408. Орта жастағы ер кісінің эпигастрий аймағы мен төс артында жедел ұстамалы ауырсыну болғанда тексеруді мынадан бастаған жөн:

А) асқазан-ішек жолдарының рентгеноскопиясынан

В) асқазанды зондтаудан

С) +ЭКГ-дан

D) гастродуоденоскопиядан

Е) уропепсинге несепті тексеруден

409. Ангинозды ұстаманың ұзақтығы қанша болғанда дәрігер миокард инфаркты жайлы ойлауы керек?

А) 10 минуттан ұзақ болғанда

В) +30 минуттан ұзақ болғанда

С) 1 сағатқа дейін болғанда

D) 1 күнге созылғанда

Е) 10 минутқа дейін болғанда

410. Қан қысымының жоғарлауына тікелей себебін тигізетін биологиялық фактор:

A) ангиотензиноген

B) альдостерон

C) ангиотензин I

D) ренин

E) +ангиотензин II

411. 18 жастағы ер бала, созылмалы гломерулонефритпен «Д» есепте тұрады, лоқсуға, жүрек қағуына, әлсіздікке шағымданады. АҚ - 180/100 мм с.б.б., ЖСЖ - 96 рет минутына. Қандағы креатинин - 0,22 ммоль/л, зәрдегі ақуыз - 0,33 г/л.

Төмендегі келтірілген препараттардың қайсысын, емдеу жоспарына енгізген тиімді?

A) ксантиндерді

B) антибиотиктерді

C) β-блокаторларды

D) цитостатиктерді

E) +ААФ ингибиторларын

410. Спонтанды пневмоторакста көкiрек қуысының ауырсынуында ең бiрiншi қолданылады:

A) азот қышқылын қолданатын наркоз

B) ауасын шығаратын плевралды пункция

C) +нейролептаналгетиктер

D) оттегiмен емдеу

E) өкпе резекциясы және торакотомия

411. Атеросклероздық түймедақтың дамуының III cатысы:

A) фиброздық сатысы

B) бастапқы сатысы

C) дәнекерлік тіннің өсіп өну сатысы

D) +күрделі және асқынғаннан түймедақтардың пайда болу сатысы

E) липидтер алмасуының бұзылысы

412. Мына дәрі липопротеидтеидтердің тығыздығы жоғары түрінің концентрациясын жоғарылатады:

А) +никотин қышқылы

В) фибраттар

С) статиндер

D) өт қышқылы

Е) β-блокаторлар

413. 67 - жастағы ер адам, төс артындағы басып, күйдіріп ауыру сезіміне шағымданады. ЖИА мен ауырғанына 10 жыл болған. Миокард инфаркты болған. Төмендегі тәсілдердің қайсысы тиімді?

A) үйдегі аурухана

B) күндізгі аурухана

C) жоспармен ауруханаға жатқызу

D) +шұғыл ауруханаға жатқызу

E) емханалық жағдайда тексеру

414. Қабыну реакциясы, «механикалық шаршау», «асқынған атеросклероздық табақшалар» аймағындағы түйілу және ішіне қан құйылу, қандай стенокардияға тән?

A) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК I

B) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК II

C) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК III

D) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК IV

E) +ЖИА. Үдемелі стенокардияға

415. «Ишемиялық» Т тісшесіне тән емес белгі:

A) биік, үшкір

B) симметриялы

C) изосызықта немесе изосызықтан төмен ығысқан

D) көбіне сол жақ кеуде тіркемелерінде, III және avF тіркемесінде байқалады

E) +төменнен иілген изосызықтан жоғары

416. Қанда тропонин I деңгейі жоғарлайды:

А) +жедел миокард инфарктында

В) жедел пневмонияда

С) жедел холециститте

D) созылмалы бүйрек үсті жеткіліксіздігінде

Е) жедел лейкозда

417. Миокард инфарктының қай сатысында лейкоциттердің төмендеуі, ЭТЖ-ның жоғарлауы байқалады:

А) жедел сатының екінші тәулігінде

В) +аурудың бірінші аптасының соңында

С) жеделасты сатысының соңында

D) аурудың жеделасты сатысының басында

Е) миокард инфарктының жедел сатысында

418. 47 - жастағы ер адам ірі ошақты артқы диафрагмалық миокард инфарктысымен түсті. Науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, ЖСЖ - 110 рет мин. АҚ-150/100 мм с.б.б. Эхокардиографияда гипокинезия аймағы анықталған.

Тромболитиктерді қандай мерзімде тағайындаған тиімді:

A) +алғашқы 6 сағатта

B) алғашқы 24 сағатта

C) екінші тәулікте

D) тыртықтану кезеңінде

E) жедел кезеңде

419. Науқасқа миокард инфаркт кезінде ацетилсалицил қышқылының әсері жеткіліксіз болса, қандай антиагрегантты тағайындаймыз:

А) дипиридамол (курантил)

В) +клопидогрель (плавикс)

С) тромбо АСС

D) абсиксимаб

Е) аминофиллин

420. Гиперкалиемияның ЭКГ-лық белгісі:

А) +тахикардия, үшкір биік Т тісшесі

В) ST сегментінің депрессиясы

С) Т тісшесінің инверсиясы

D) Q тісшесінің болуы

Е) Q-Т аралығының ұзаруы

421. Сол қарынша гипертрофиясын анықтайтын ең тиімді әдіс:

А) перкуссия

В) ЭКГ

С) +эхокардиография

D) рентген зерттеулері

Е) пальпация

422. Созылмалы өкпелік жүректің негізгі морфологиялық субстраты болуы мүмкін:

  1. сол қарыншаның дилятациясы

  2. оң қарыншаның дилятациясы

  3. сол қарыншаның гипертрофиясы

  4. + оң қарыншаның гипертрофиясы

  5. оң жүрекшенңғ гипертрофиясы мен дилятациясы

423. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен ауыратын науқаста өкпелік жүрек дамуының негізгі себебі:

  1. тыныс жолдарының обструкциясы

  2. бронхиальді ағаштың деформациясы

  3. жүректің минуттық көлемінің азаюы

  4. + өкпе артериясының гипоксиясы мен ұзақ спазмы

  5. бронхиолалар мен альвеолаларда қысымның төмендеуі

424. Аяқтың терең веналарының тромбофлебитімен ауыратын науқаста кенеттен ентігу, қан жолақтары аралас жөтел, жүрек қағуы, айқын әлсіздік дамыды. Дамыған жағдайдың себебі:

  1. спонтанды пневмоторакс

  2. бронх демікпесінің ұстамасы

  3. тыныс жолдарындағы бөгде зат

  4. өкпе артериясының ауалы эмболиясы

  5. + өкпе артериясы бұтақтарының тромбоэмболиясы

425. Таңертеңгі уақытта иісі жағымсыз шырышты- іріңді қақырықтың көп бөлінуі (ауыз толтыра төмендегі аурулардың қайсысына тән:

  1. тотальды пневмонияға

  2. кавернозды туберкулезге

  3. + бронхоэктаздық ауруға

  4. өкпе рагының қуысты түріне

  5. созылмалы іріңді бронхитке

426. Бронхоэктаздық аурумен ауыратын науқаста күшті жөтелден кейін кенеттен оң жақ кеуде торшасында ауру сезімі мен ентігу пайда болды. Қарап тексергенде: тыныс алғанда кеуде торшасы сол жақ бөлігінің қалыңқырауы мен қабырғааралық ісінуі, перкуторлы – тимпанит анықталды. Науқаста қандай асқынудың дамуы мүмкін:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]