- •051301 – «Жалпы медицина» мамандығының 5-курс студенттеріне «Жалпы практикалық дәрігер жұмысындағы (іа, акушерлік іс және гинекология, балалар аурулары, хирургия)» пәнінен емтиханға тест тапсырмалары
- •1.Бүйрек туберкулезі
- •1.Пневмония
- •3.Өкпе туберкулезі
- •5.Өкпе гангренасы
- •1.Өкпе туберкулезі
- •1.Цитостатиктер
- •5.Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
- •5.Бүйрек амилоидозы
- •2.Жедел пиелонефрит
- •2.Кардиогенді шок
- •3.Қайталамалы миокард инфарктісі
- •2.Созылмалы бронхит
- •1.Геморрагиялық васкулит
- •4.Пневмония
- •3.Созылмалы бронхит
- •2.Жедел пиелонефрит
- •3.Жедел гломерулонефрит
- •3.Жедел гломерулонефрит
- •3.Тромбоцитопатия
- •4.Геморрагиялық васкулит
- •1.Муковисцидоз
- •5.Муковисцидоз
- •Өкпе эмфиземасы
1.Муковисцидоз
2.+Гиршпрунг ауруы
3.Ішек ісігі
4.Ішек өтімсіздігі
5.Целиакия
310.2 айлық бала. Жоспарлы екпеге шақырылды. ВИЧ-жұқтырған әйелден туылды. Объективті қарау кезінде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Жасанды қоректенеді. Баланың дене салмағы 48000 гр. Ішкі мүшелері патологиясыз. Үлескелік дәрігер әрекеті:
1.Екпеге жіберу
2.+СПИД орталығының дәрігері қарағаннан соң екпеге жіберу
3.Инфекционист қарауынан соң екпеге жіберу
4.Мед.әкету 6 айға
5.Тұрақты мед.әкету
311.Үш айлық бала 3000гр дене салмағымен, бойы 50 см., Апгар межесі бойынша 8-10 балл бағасымен туылды. Бірден айғайлады, туылғаннан соң алғашқы 30 минутта бірден кеудеге жатқызылды, қазіргі уақытта жасанды тамақтанады. Жүктілік анасында бірінші рет, жасы 17 жаста, жанұясы толық емес, темекі шегетін, білімі 9 сыныптық. Баланың әкесі жоқ. Баланы апасы мен атасы қарайды. Жанұяларының материалды жағдайы жақсы. 1,5 айлығында аралас тамақтандыруға ауыстыру кезінде гнейс, бетінің қызаруы мен сулану, сүттік, тұрақсыз нәжіс пайда болды. 3 айлығында диатездің өршу фонында сәбіз шырынын бергеннен соң, отитпен асқынған ЖРВИ қосылды. Денсаулық тобы II Б. Медициналық қарауларды жүргізу уақыты:
1.6 айға дейін айына 4 рет, ары қарай қолайлы ағымда ай сайын
2.6 айға дейін айына 3 рет, ары қарай қолайлы ағымда ай сайын
3.+6 айға дейін айына 2 рет, ары қарай қолайлы ағымда ай сайын
4.6 айға дейін айына 1 рет, ары қарай қолайлы ағымда ай сайын
5.бір жасқа дейін ай сайын
312.Балада Тританрикс өкпесінен 2 сағат өткен соң 4 сағат бойы шыңғырып жылау пайда болды. Айғайдың пайда болуы байланысты:
1.+Бас ішілік қысымның жоғарлауымен
2.Қан қысымының жоғарлауымен
3.Жұлын-ми қысымының жоғарлауымен
4.Жергілікті реакциямен
5.Дене қызуының жоғарлауымен
313.Қабылдауда 9 жастағы қыз бала әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, соңғы 2 күнде дене қызуының фебрильді санға дейін жоғарлауына, омыртқаның бел аймағындағы ауырсынуға шағымданып келді. Дене қызуының жоғарлауына байланысты парацетамол қабылдаған. Анамнезінен: жиі ЖРВИ, анасында созылмалы пиелонефрит. Қарау кезінде интоксикация симптомдарына байланысты, жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындылары боз, қабағы ісінген, көз астында «көлеңкелер», зәр шығару ауырсынумен Ұрғылау симптомы екі жағынан да оң. Қан талдауында: гемоглобин - 124 г/л, ТК - 0,85, лейкоциттер - 10,8x109/л, таяқшаядролы нейтрофилдер - 2%, сегментядролы нейтрофилдер - 63%, эозинофилдер - 3%, моноцитытер- 5%, лимфоциттер - 27%. Эритроциттердің тұну жылдамдығы - 15 мм/сағ, ЭТЖ- 26 мм/сағ. Зәр талдауында үлес салмағы - 1010, белок - 0,048, лейкоциттер көп(сплошь), эритроциттер - 0, эпителий ++, шырыш ++. Жіктеме бойынша диагноз?
1.+Біріншілік пиелонефрит, белсенді
2.Біріншілік пиелонефрит, белсенді, обструктивті
3.Екіншілік пиелонефрит, белсенді
4.Екіншілік пиелонефрит, белсенді, обструктивті
5.Созылмалы пиелонефрит, белсенді
314.2 жастағы баланың салмағы 12 кг. Жиі түнгі уақытта тік ішек маңындағы қышу сезіміне шағымданады. Бала тітіркенгіш, мазасыз бола бастаған, есте сақтау қабілеті нашарлаған. Тік ішек маңы қатпарынан алынған қырындыда айырша (острица) құрт анықталған. Пирантелдің тәуліктік мөлшерін есептеңіз.
1.80 мг
2.100 мг
3.+120 мг
4.140 мг
5.160 мг
315.8 айлық бала. Салмағы 9 кг. Діріл синдромына байланысты қаралуға келді. Қарау кезінде: дене қызуы 36,7 С, тері жабындылары боз, тістері жоқ. Басы «төртбұрыш» формалы, қарақұсы маңындағы шаштары түскен, қабырға таспиықтары айқын. Хвостек, Люст симптомдары оң. Шұғыл шаралар:
1.кальций глюконаты 0,5 1 таблеткадан х күніне 3 рет
2.+10%-к кальций глюконат ерітіндісі 1,8 мл мөлшерінде к/к
3.10%-к кальций глюконат ерітіндісі 3,2 мл мөлшерінде к/к
4.10%-к кальций глюконат ерітіндісі 3,8 мл мөлшерінде к/к
5.10%-к кальций глюконат ерітіндісі 0,5 мл per os
316.Пиелонефрит сипатталады:
1.қызбамен, лейкоцитуриямен, гематуриямен
2.+қызбамен, лейкоцитуриямен, бактериуриямен
3.қызбамен, дизуриямен, гематуриямен
4.қызбамен, лейкоцитуриямен, протеинуриямен, гипотензиямен
5.қызбамен, протеинуриямен, микрогематуриямен, гипостенуриямен
317.Созылмалы бронхит диагнозымен 10 жастағы балалар жатады:
1.I денсаулық тобы
2.II денсаулық тобы
3.II А денсаулық тобы
4.II Б денсаулық тобы
5.+III денсаулық тобы
318.Үш айлық бала 3000гр дене салмағымен, бойы 50 см., Апгар межесі бойынша 8-10 балл бағасымен туылды. Бірден айғайлады, туылғаннан соң алғашқы 30 минутта бірден кеудеге жатқызылды, қазіргі уақытта жасанды тамақтанады. 1,5 айлығында аралас тамақтандыруға ауыстыру кезінде гнейс, бетінің қызаруы мен сулану, сүттік, тұрақсыз нәжіс пайда болды. 3 айлығында диатездің өршу фонында сәбіз шырынын бергеннен соң, отитпен асқынған ЖРВИ қосылды. 3 айлығында бала қайсы денсаулық тобына жатады:
1.I денсаулық тобы
2.II А денсаулық тобы
3.+II Б денсаулық тобы
4.III денсаулық тобы
5.III А денсаулық тобы
319.Лимфатико-гипопластикалық диатезбен ауыратын балада, кенеттен селқостық, бозғылттық, қан қысымы төмендеуі, брадикардия, жүрек айну, құсу, жиі көлемді зәр шығару пайда болды. Жоғарыда көрсетілген симптомдардың себебі?
1.анафилактикалық реакция
2.инфекциялық токсикоз
3.+гипоталамикалық синдром
4.тимико-бүйрек үсті жетіспеушілік
5.кетоацидозды жағдай
320.2 жастағы бала, фактикалық дене салмағы - 16 кг. Жиі респираторлы аурулармен ауырады. Селқос, апатиялы, ісінген. Терісі серпімді, жұмсақ тіндердің тургоры төмендеген, бұлшықеті нашар дамыған. Перифериялық лимфа түйіндерінің барлық топтары Ш-IV дәрежеге дейін ұлғайған, өзара бір-бірімен және жақын жатқан тіндермен жабыспаған. Мұрын арқылы дем алу қиындаған, бадамша бездері гипертрофияланған. Кеуде клеткасының рентгенограммасы – тамшы жүрек, тимомегалия. Қан талдауында: Нв-120 г/л, Эр.-4,2х1012/л, Л-6,4х109/л, п-22%, с/я-25%, лимф-62%, мон-10%. Диагноз қойыңыз.
1.Атопиялық дерматит
2.Нервті-артритикалық диатез
3.Аллергиялық дерматит
4.+Лимфатико-гипопластикалық диатез
5.Созылмалы тонзиллит
321.12 жастағы қыз бала. Ауырғанына бірнеше сағат болған, белдемелі сипаты бар және омыртқаға берілетін ауырсыну көбінесе эпигастрий аймағында пайда болды. Жеңілдік әкелмейтін екі рет құсу болды. Объективті: боз, тілі ақ жабынмен жабылған, дене қызуы 37,8 C, іші кепкен, эпигастрий аймағы біршама қатайған. Ортнер симптомы күмәнді. Мейо-Робсон нүктесінде ауырсыну. Лейкоцитоз-12,8х109/л. Тазалау клизмасынан кейін нәжісі болған, нәжіс массалары тығыз, майлы. Болжам диагноз:
1.Жедел холецистит
2.Жедел гастродуоденит
3.Жедел гастрит
4.Жедел дуоденит
5.+Жедел панкреатит
322.ЖРА бір апта өткен соң баланың бүкіл денесінде симметриялы емес полиморфты, полихромды бөртпелер, ауыз қуысының шырышты қабатында қан құйылулар, мұрынннан қан кету байқалды. Объективті: жүрек жағынан шамалы тахикардия, тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Болжам диагноз.
1.Гланцман тромбастения
2.Мея-Хеглин аномалиясы
3.+Верльгоф ауруы
4.Виллебрант ауруы
5.Вискотта-Олдрич синдромы
323.4 айлық бала. Бала салмағы 5400 грамм. Туған кездегі дене салмағы 2800 грамм. Жасанды тамақтанады. Балаға тәулігіне қажет:
1.600 мл. адаптирленген сүт қоспасы, 20 мл. шырын
2.700 мл. адаптирленген сүт қоспасы, 20 мл. шырын
3.800 мл. адаптирленген сүт қоспасы, 20 мл. шырын
4.+900 мл. адаптирленген сүт қоспасы, 30 мл. шырын
5.1000 мл. адаптирленген сүт қоспасы, 30 мл. шырын
324.Жүктілік анасында бірінші рет, 17 жаста, жанұясы толық емес, темекі шегеді, білімі 9 сыныптық. Баланың әкесі жоқ. Үлескелік мейірбике босануға дейінгі патронажда барлық тұрғындар арасында темекі шегу жиілігін, оның ішінде жүкті әйелдердің темекі шегу жиілігін төмендетуге бағыттталған қоғамдық стратегияны қолдауы тиіс, өйткені бұл әкеледі:
1.Эклампсияға
2.Фетоплацентарлы жетіспеушілікке
3.Ұрық ақауына
4.Ұрықтың құрсақ ішілік инфекциясына
5.+Нәрестенің дене салмағының төмендеуіне
325.10-жастағы бала бронх демікпесіне байланысты амбулаторлы ем қабылдайды. Анасына 10 күнге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілді. Бірақ бала әлі толық жазылған жоқ. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағына байланысты үлескелік дәрігер әрекеті:
1.+Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын жабу
2.Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын 3 күнге созу
3.Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын 6 күнге созу
4.Жаңа уақытша еңбекке жарамсыздық парағын 3 күнге ашу
5.Жаңа уақытша еңбекке жарамсыздық парағын 6 күнге ашу
326.1 жастағы бала, салмағы 10 кг. Дене қызуының 39,5 С дейін жоғарлауы байқалады, терісі боз, тырнақтары мен еріні көгілдір реңді, «ақ дақ» симптомы оң. Аяқ-қолдары суық. Шұғыл шаралар:
1.парацетомол 100 мг
2.+парацетомол 100 мг+ тамырды кеңейткіш препараттар
3.парацетомол 120 мг + спиртті-арақ ерітіндісімен ысқылау
4.парацетомол 150 мг + ірі тамырлар аймағына мұз басу
5.парацетомол 200 мг+ ампициллин 250 мг
327.6 айлық бала. ЖРВИ ауырған науқаспен қатынас болған. Жедел ауырған. Қарау кезінде: жағдайы орташа ауырлықта, есі анық. Бала мазасыз. Мазасыздану кезінде кезеңді түрде инспираторлы ентігу 60-қа дейін байқалады, ұстама тәрізді үріп жөтелу мазалайды. Тыныштықта тынысы біркелкі, кеуде клеткасында басылу аймақтарының тартылуы жоқ. Дауысы қарлыққан. Жіктеме бойынша диагноз:
1.ЖРВИ, ларинготрахеит стеноз I дәрежелі
2.ЖРВИ, ларинготрахеит стеноз II дәрежелі
3.ЖРВИ, ларинготрахеит стеноз III дәрежелі
4.ЖРВИ, ларинготрахеит стеноз IV дәрежелі
5.ЖРВИ, ларинготрахеит стеноз V дәрежелі
328.11 жастағы бала дене салмағының төмендеуіне (салмақ тапшылығы 7кг), оң жақ қабырға астындағы, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, жүрек айнуына, бас ауыруына, тітіркенгіштікке, жоғары тершеңдікке, қызбаға шағымданады. Объективтіо: физикалық дамуда артта қалу бар. Тері жабындылары субиктериялық. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астындағы, өт қабы нүктесінде ауырсыну байқалады. ЖҚА Нв 90г/л, Эр 3,0 х1012/л, лейк 10,5 х109/л, п/я 2%, сегментядролы 55%, э-8%, лимф -25%, м 10%, ЭТЖ 17мм/сағ. Нәжісті құрт жұмыртқаларына тексеру кезінде құрт жұмыртқалары табылды. Глистті инвазияны анықтаңыз.
1.Энтеробиоз
2.Трихинеллез
3.Дифилоботриоз
4.Аскаридоз
5.+Описторхоз
329.1 айлық бала. Ана сүтімен қоректенеді. Үлескелік педиатр баланы үйде қарау кезінде баланың дамуын бағалайды және баланың қозғалып бара жатқан қызыл шарға қарағанын, дәрігер дауысын тыңдағанын, күлгенін, іште жатып басын көтеріп, ұстағысы келетінін, анасының дауысына жауап ретінде жеке дыбыстар шығаратынын байқады. Дәрігер баланың жүйке-психикалық дамуын қалай бағалайды?
1.Баланың дамуы қатарынан ерте
2.Жылдам даму
3.1 эпикризді уақытқа дамуы тежелумен
4.2 эпикризді уақытқа дамуы тежелумен
5.+Қалыпты даму.
330.Дәнекер тінінің диффузды аурулары тобынан қайсы ауруда жабысқақ үрдістің дамуымен экссудативті перикардит дамуы мүмкін?
1.Жүйелі склеродермия
2.Түйінді периартрит
3.+Дерматомиозит
4.Ювенилді ревматоидты артрит
5.Жүйелі қызыл жегі
331.Жиі ЖРВИ ауыруына байланысты, бала жеке екпе кестесі бойынша егіледі. Бала 7 айында АКДС-тің үшінщі мөлшерімен егілді. Ревакцинацияны үлескелік дәрігер жоспарлайды:
1.12 айында
2.1 жас 7 айында
3.+1 жас 9 айында
4.1 жас 10 айында
5.2 айында
332.ВИЧ-жұқтырған бір жастағы бала орташа ауырлықтағы иммуносупрессиямен. Жалпы ұлттық екпе күнтізбесі бойынша ККП екпесін алу керек. Үлескелік дәрігер әрекеті:
1.Екпеге жіберу
2.СПИД орталығының дәрігері қарағаннан соң екпеге жіберу
3.Инфекционист қарауынан соң екпеге жіберу
4.Мед.әкету 6 айға
5.+Тұрақты мед.әкету
333.Картагенер синдромымен ауыратын бес жастағы бала стационардан шыққан соң, ана күтімін қажет етеді. Жұмыс істейтін анасына уақытша еңбекке жарамсыздық қағазы қалай рәсімделеді:
1.Уақытша еңбекке жармсыздық анықтамасы беріледі
2.Уақытша еңбекке жармсыздық қағазы 3 күнге беріледі
3.Уақытша еңбекке жармсыздық қағазы 5 күнге дейін беріледі
4.+Уақытша еңбекке жармсыздық қағазы 10 күнге дейін беріледі
5.Уақытша еңбекке жармсыздық қағазы берілмейді
334.8 жастағы қыз баланың анасы жанұялық дәрігерге баласының бойының өсуінің төмендігіне, дене салмағының қосылуының болмауына, бас ауыруына, аяғындағы ауырсынуға, ішінің кебуіне, құсуға, жиі көлемді нәжіске шағымданып келді. Анамнезінде: ішінің кебуі мен мазасыздық 6 айынан бастап байқалған (геркулес ботқасы енгізілді). 1,5 жасынан бастап іштегі ауырсыну, оның көлемінің ұлғаюы, іш кебу, көлемді жиі нәжіс, құсу мазалайды. Нәжіс талдауы капрологияда - стеаторея. ФГДС-те субатрофиялық дуоденит анықталды. Болжам диагноз:
1.панкреатит
2.дуоденит
3.+целиакия
4.ішектің тітіркену синдромы
