- •051301 – «Жалпы медицина» мамандығының 5-курс студенттеріне «Жалпы практикалық дәрігер жұмысындағы (іа, акушерлік іс және гинекология, балалар аурулары, хирургия)» пәнінен емтиханға тест тапсырмалары
- •1.Бүйрек туберкулезі
- •1.Пневмония
- •3.Өкпе туберкулезі
- •5.Өкпе гангренасы
- •1.Өкпе туберкулезі
- •1.Цитостатиктер
- •5.Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
- •5.Бүйрек амилоидозы
- •2.Жедел пиелонефрит
- •2.Кардиогенді шок
- •3.Қайталамалы миокард инфарктісі
- •2.Созылмалы бронхит
- •1.Геморрагиялық васкулит
- •4.Пневмония
- •3.Созылмалы бронхит
- •2.Жедел пиелонефрит
- •3.Жедел гломерулонефрит
- •3.Жедел гломерулонефрит
- •3.Тромбоцитопатия
- •4.Геморрагиялық васкулит
- •1.Муковисцидоз
- •5.Муковисцидоз
- •Өкпе эмфиземасы
3.Жедел гломерулонефрит
4.Тіске «реакция»
5.Жедел пневмония
293.Балада гиперестезия, тремор, бұлшықеттік гипотония, қалтырау, Хвостек синдромы оң. Бұл науқаста қанның биохимиялық анализінде не көрінеді.
1.Гипогликемия
2.+Гипокальциемия
3.Гипомагниемия
4.Гиперкальциемия
5.Гипергликемия
294.Бала 3 жаста. ЖРА кейін денесінде көгерулер, петехии, мұрын және тіс иегінен қан кету көрінді. ЖҚА: эрит-4,6х1012/л, Нв-130г/л, Ц.П-0,9, лейкоц-7,4х109/л, тромб-50мың., ЭТЖ-5мм/сағ. Төменде келтірілген диагноздың қайсысы науқасқа сәйкес келеді?
1.+ИТП
2.лейкоз
3.Тромбоцитопатия
4.Геморрагиялық васкулит
5.Виллебранд ауруы
295.Бала 7 айлық – ІІ жүктіліктен туылған, физиологиялық ағымда. Объективті: өз бетінше отыра алмайды, маңдай және төбе төмпешіктері көзге айқын көрінеді, қабырғалық «таспих» польпацияланады, Гаррисон жүлгелері бар. Бұлшық ет тонусы төмендеген. Бауыры қабырға астынан 2 см шығып тұр. Басқа ағзаларда өзгерістер жоқ. Қанның биохимиялық анализінен қандай өзгерістерді күтеміз?
1.Гипофосфатемия, сілтілі фосфатазаның жоғарылауы
2.+Гипокальциемия, гипофосфатемия,сілтілі фосфатазаның көтерілуі
3.Гипофосфатемия, сілтілі фосфатазаның төмендеуі
4.Гипокальциемия, гипофосфатемия, сілтілі фосфатоза төмендеуі
5.Гипокальциемия, гиперфосфатемия, сілтілі фосфатазаның жоғарылауы
296.3,5 айлық қыз балада жеңіл тершендік, бұлшықеттік гипотония, шүйдеде шаш түсуі, жеңіл периорбитальды цианоз бар. Осы науқаста рентгенограммада қандай өзгерістер анықталуы мүмкін.
1.Остеопороз, метафиздің бокал тәрізді кеңеюі
2.Сүйектену зонасының шайылуы мен әркелкілігі тегіс еместігі
3.Өсу зонасының біркелкі емес қатаюы
4.+Өзгерістер анықтамайды
5.Кеуде клеткасының деформациясы
297.М. бала 4 жүктіліктен, 27 аптада УДЗ ұрықта «будда» позасы анықталды, плацента массасының бір шама ұлғаюы. Терісі өте боз, сарғылт, дененің барлық бетінде ісіну, гепатоспленомегалия. Биохимияда – гипербилирубинемия. ЖКА – эр. 2,5х10 12 /л, гемоглобин – 70 г/л, ҚТК 0,75, тромбоциты 100 мың. Қай емді ерте тағайындағанда нәрестенің бұл жағдайының алдын алуға болар еді?
1.Жүктілікті үзу
2.Жолдасының тері лоскутын ауыстыру
3.Плазмоферез
4.+Антирезусты иммуноглобулинді енгізу
5.Гемосорбция
298.6 жасар бала тәбетінің төмендеуіне, локализациясы белгісіз іштін ауырсынуына шағымданды. Қарағанда жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісінің және шырышты қабаттарының бозаруы. Температура жоқ. Катарльды көріністер жоқ. Ішкі органдарды патологиясыз. Гемограмма нормада; ЖЗА-оксалурия +++. Науқасқа қандай емдік тағам қолайлы?
1.Какао, шоколад, қызылша
2.Шпинат, петрушка, сельдерей
3.+Картоп –капуста диетасы
4.Кальций мөлшері көп азықтар
5.С витамині көп азықтар
299.Баланы 1 ай бойы өмірінің алғашқы күнінен бастап көкжөтел тәрізді жөтел мазалайды, қанағаттанарлықтай емеді, бірақ салмақ қоспайды. Өкпеде перкуссияда аймақтарда дыбыстық қысқаруы және тұйықталу байқалады, аускультацияда әртүрлі калибрлі ылғалды және құрғақ сырылдар екі жақта, нәжісі көп мөлшерлерде, сасық иісті, жылтыр майда тас тәрізді тәулігіне 8 рет. Төменде көрсетілген тамақтанудың қайсысы осы ауруда тағайындалады?
1.Аглютенді диета
2.Соялы қоспа
3.Лактозсыз қоспа
4.Ақуыздың толық гидролизінің негізінде жасалған қоспа
5.+Майы аз емдәм
300.3жасар балада жұтыну кезінде ауырсыну, температурасы 39,20С, басының ауыруы, бадамша бездерінде ірінді жабынды. Бұл ауруда старттық терапия басталады. Диагнозды нақтылау үшін қандай әдісті қолданамыз:
1.Жалпы қан анализі
2.Жалпы зәр анализі
3.Биохимиялық қан анализі
4.+Аңқадан флораға жұғынды алу(ВL)
5.Кеуде клеткасының R-графиясы
301.Бала 8 жаста, 1 сағат бойы ессіз қалыпта жатыр, куссмауля тынысы, бетінің гиперемиясы, терісі құрғақ, көз алмасы жұмысақ, аузынан ацетон иісі шығады. 3 апта бойы шөлдеу мазалаған, жиі кіші дәретке шығады. 1 кг-ға салмақ жоғалтқан. Төмендегі емнің қайсысын көрсеткен дұрыс?
1.Көп мөлшерде сұйықтық
2.+Инсулин енгізу
3.Диета сақтау
4.Физикалық жүктемені дұрыс жүргізу
5.Психоэмоциональды тыныштық
302.Бала 42 аптада босанды, салмағы 4000, бойы 51 см. Беті мен денесінеің ісінуі . Үлкен еңбегі 4 х 4 см, сагитальды тігіс 0,5 см ашық. Адинамия жоғарлауда, ұйқышылдық, апноэ ұстамасы, стридорозды тыныс. Жылу ұстауы әлсіз. Ұзаққа созылған сарғаю. Диагностикалауда ең қолайлы қадам
1.+Т3 және Т4 анықтау
2.17-КС және 17-ОКС зәрде анықтау
3.қанда кортизолды анықтау
4.қанда қант
5.зәрде қант
303.Стационарлық ем қабылдап, жедел пневмониядан жазылған бала емханада диспансерлік есепте қанша уақыт бақылауда болады:
1.+1 жыл
2.2 жыл
3.3 жыл
4.4 жыл
5.5 жыл
304.Арнайы емес жаралы колиттің өршу кезеңінде мына тағамдарды шектеу керек:
1.ет
2.ақ нан
3.+сүт
4.балық
5.жұмыртқа
305.1,5 жастағы бала. Жиі суық тиіп ауырады. 5 айлығында синуситпен, ал 7 айлығында отитпен ауырған. Дене салмағының тиістіден артық. Клиникалық типін анықтаңыз?
1.Соматикалық
2.+Оториноларингологиялық
3.Инфантилді
4.Аралас
5.Вегетативті
306.8 жастағы балаға үйге шақыру жасалды. Дене қызуының 38,8°С жоғарлауына, сол жақ жауырынға, белге, берілетін асқазан асты аймағындағы белдемелі ауырсынуға, шөлдеуге, жүрек айнуға, құсуға шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болған. Емдәмді бұзған соң жағдайы нашарлаған. Басынан өткерген аурулары: ЖРВИ, 6 жасында эпидпаротит. Объективті: іші кепкен, эпигастрий аймағында, сол жақ қабырға астында ауырсыну мазалайды. Басқа мүшелер бойынша ерекшеліксіз. Қан талдауында – Нв - 120 г/л, Эр. - 3,95х1012/л, Л - 11х109/л, ЭТЖ - 15 мм/сағ. Зәр диастазасы - 132 Бірлік. Қандағы қант - 6,8 ммоль/л. Болжам диагноз:
1.созылмалы гастрит
2.созылмалы гастродуоденит
3.созылмалы холецистит
4.+созылмалы панкреатит
5.созылмалы вирусты гепатит
307.Нәрестенің перзентханадан шығару қағазында қанның клиникалық талдау мәліметтері көрсетілген: эритроциттер - 5,4х1012/л, гемоглобин - 187 г/л, ТК - 1,0, лейкоциттер - 12,5x109/л, таяқшаядролы нейтрофилдер - 2%, сегментядролы нейтрофилдер - 45%, эозинофилдер - 3%, моноциттер- 6%, лимфоциттер - 44%, базофилдер - 0%. Эритроциттердің тұну жылдамдығы - 2 мм/сағ. Үлескелік дәрігер қан талдауының мәліметтерін қалай бағалайды:
1.+қалыпты
2.жеңіл дәрежелі анемия
3.эритроцитоз
4.лейкоцитоз
5.лимфоцитоз
308.6 жастағы қыз бала. Аяқ-қолдарының буындары мен бұлшықеттеріндегі, арқасындағы ауырсынуға, қатты тамақты жұтудың қиындауына шағымданады. Объективті: тері жабындылары қызыл-күлгін түсті, жоғары қабағында ісікті эритема, Готтрон белгісі анықталады. Болжам диагноз:
1.Склеродермия
2.Ревматизм
3.Ревматоидты артрит
4.+Ювенильді дерматомиозит
5.Жүйелі қызыл жегі
309.6 айлық бала. Анамнезінен: туылғаннан бастап нәжісі 2-3 күнде 1 рет, клизма жасағаннан соң нәжісі қою консистенциялы. Қарау кезінде: ішінің көлемі ұлғайған, үрленген, ауырсынусыз. Кіндігінен жоғары сопақша формалы түзіліс пальпацияланады. Болжам диагноз:
