Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10 cынып Алгебра.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.45 Mб
Скачать

10 Сынып, алгебра

Күні: __________

Сабақтың тақырыбы: Функцияның графиктерін қарапайым түрлендіру.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Функцияның гафигін координаталар осі бойымен параллель көшіру, созу, сығу және осы аталған түрлендірулердің барлығын бір функцияға қолданудыүйруту.

  2. Дамытушылық: Есептер шығару дағдыларын дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Бекіту сабақ

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылар тізімін тексеру

б) Сабақтың мақсатын нұсқау

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Үй есебінің орындалуын тексеру

  2. Өтілген тақырыпты қайталау:

а) Функциялардың графиктерін түрлендірулердің қандай түрлерін білесіңдер?

б) y=х функциясының графигін пайдаланып y=3х, y=-2х, y=х+2 функцияларының графиктерін салыңдар

ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:

Тақтада орындалатын тапсырмалар: №24, №25

Орындарында орындалатын тапсырмалар: №26

Сабақты бекіту кезеңі:

  • Қай кезде функцияның графигін қарапайым түрлендірулер қолдану арқылы аламаыз?

Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

Үйге тапсырма: №27, №28

10 Сынып, алгебра

Күні: __________

Сабақтың тақырыбы: Функцияның қасиеттері.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Функцияның симметриялы, жиын, жұп, тақ, периодты, шектелген функциялар ұғымдарымен және олардың графиктерінің қасиеттерімен таныстыру, функциялардың өсу, кему аралықтарын және экстремумын анықтауын үйрету.

Дамытушылық: Есептер шығару дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылар тізімін тексеру

б) Сабақтың мақсатын нұсқау

ІІ Жаңа тақырып:

Анықтама: Егер y=f(x) функциясының анықталу облысының анықталу облысы симметриялы жиын болып, кез келген х аргументі үшін f(-x)=f(x) теңдігі орындалса, онда функция жұп, ал f(-x)=-f(x) теңдігі орындалса, функция тақ деп аталады.

Анықтама. Егер у=f(x) функциясы үшін Т≠0 саны табылып және анықталу облысынан алынған кез келген х үшін f(x+Т)=f(x) теңдігі орындалса, онда ол периодты функция деп аталады.

Анықтама. Анықталу облысының қайсыбір аралықтарында функция тек оң мәндерді, ал басқа аралықтарында тек теріс мәндерді қабылдаса, онда мұндай функция аралықтарды функция таңбасының тұрақтылық аралықтары деп атайды.

ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:

Тақтада орындалатын тапсырмалар: №29(а,ә), №30(а,ә),№31(а,ә)

Орындарында орындалатын тапсырмалар: №29(б,в), №30(б,в),№31(б,в)

Сабақты қорытындылау:

  • Симметриялы функция, жиын, жұп, тақ, периодты, шектелген функциялар деп қандай функцияларды айтамы

  • Функциялардың өсу, кему аралықтары және экстремумы дегеніміз не?

Үйге тапсырма: №32, №33

Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]