Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геометрия 8 класс 1-3 токсан.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.09 Mб
Скачать
  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Үй жұмысын тексеру /тақтамен жұмыс/

  3. Оқушылардың сұрақтарына жауап беру

  4. Жаңа тақырып беру

  5. Практикалық бекіту

  6. Үйге тапсырма: §6 /оқу/, №79, 81

  7. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

Жаңа тақырып беру:

Анықтама.

Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш трапеция деп аталады.

Трапецияның параллель қабырғалары табандары, ал параллель емес қабырғалары бүйір қабырғалары деп аталады.

Бүйір қабырғалары тең трапеция теңбүйірлі трапеция деп аталады.

Егер трапецияның бір бұрышы 90 градусқа тең болса, онда ол тікбұрышты трапеция деп аталады.

Практикалық кезең: №№65, 68, 70, 71, 74

Үйге тапсырма: §2 /оқу/, есеп №№75,76

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 8 сынып

Реті:15

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Трапеция

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Трапецияның орта сызығы және оның қасиеттерімен танысу

Дамытушық: есте сақтау, зейін қою, өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Үй жұмысын тексеру /тақтамен жұмыс/

  3. Оқушылардың сұрақтарына жауап беру

  4. Жаңа тақырып беру

  5. Практикалық бекіту

  6. Үйге тапсырма: §2 /оқу/, №98,99

  7. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

Жаңа тақырып беру:

Анықтама. Трапецияның бүйір қабырғаларының ортасын қосатын кесіндіні трапецияның орта сызығы деп атайды.

12теорема: Трапецияның орта сызығы табандарына параллель және табандарының қосындысының жартысына тең.

1-мысал. Диагоналі бүйір қабырғасына перпендикуляр және табанымен 20градус бұрыш жасайтын теңбүйірлі трапецияның бұрыштарын табайық.

Шешуі: АВСД теңбүйірлі трапециясын салайық. Теңбүйірлі трапецияның табанындағы бұрыштары тең екені белгілі. Бұрыш ВАД =бұрышСДА, бАВС=бДСВ, АС перпендикляр СД, БұрышАСВ=20гр, демек, праллель түзулер мен қиюшының қасиеті бойынша бұрыш САД=20.

Тақтадағы суреттен бВСД=бВСА+бАСД=20+90=110. Ал үшбұрыш СДА-дан бАВС=180-(90+20)=70. Сонымен біз трапецияның ВС табанындағы бұрышы 110, ал АД табанындағы бұрышы 70 болатынын таптық.

Практикалық кезең: №№91, 93, 94, 95

Үйге тапсырма: §2 /оқу/, есеп №№98,99

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 8 сынып

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару. Қатемен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тіктөртбұрыштардың, трапецияның, параллелограммның белгілерін, қасиеттерін білу.

Дамытушық: есте сақтау, зейін қою, өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Практикалық бекіту

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Үй жұмысын тексеру /тақтамен жұмыс/

  3. Оқушылардың сұрақтарына жауап беру

  4. Есептер шығару. Бекіту.

Сабақтың барысы: Қысқаша қайталау.

: Тіктөртбұрыштың диагональдары тең болады.

(5-теоремаға кері теорема) Егер параллелограммның диагональдары тең болса, онда ол тіктөртбұрыш болады.

Есептер шығару кезеңі: б е к і т у

Практикалық кезең: № 97,98

Үйге тапсырма: жалпы шолу

Қорытындылау

Бағалау: Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.

Геометрия, 8 сынып

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың тамаша нүктелері.

Үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген орта перпендикуляр.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштың тамаша нүктелерін, олардың қалай аталатынын, ортақ қасиеттерін және айырмашылығын білу

Дамытушық: алған білімдерін практикада ұтымды қолдана білу қабілеттерін дамыту

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың жоспары: