Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алия ОГКР билеты.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128.82 Кб
Скачать

№ 10 Емтихан билеті / экзаменационный билет № 10

I.Жүкті жеткізу уақыты және оның орындалмауына жауапкершілік.

II. 1)Е

Жүктерді жеткізу мерзімдері қалай есептеледі?

A) Теміржол бір бөлігі үшін-теміржол көлігінде белгіленген жүктерді тсымалдау кезінде жеткізу мерзімдерін есептеу ережелерінің негізінде;

B) Басқа көлік түрлерінің жол бөлігі үшін-жүктерді осындай көлік түрлерімен жеткізу мерзімдері туралы ережелердің негізінде;

C) Ұсақ жүктерді ауыстырып тиеуде-екі тәулікке;

D) Қауіпті жүктерді ауыстырып тиеуде-оларды тәулікке ауыстырып кеменің жүгін тиеу-түсіру сағат нормалары бойынша қажет болатын тәулік санына артады;

E) Барлық жауап дұрыс;

2)Е

Шекаралық станса дегеніміз-бұл?

A) Теміржол стансасындағы тиеу-түсіру жұмыстарын және коммерциялық операцияларды,жүкті сұрыптау және сақтау жұмыстарын атқаруға арналған техникалық құралдар мен құрылғылардың жиынтығымен жарақтанған аумақ.

B) Белгіленген тәртіп бойынша жүк вагондарымен,контейнерлермен тасымалдау үшін қабылданған нысан(бұйымдар, заттар,пайдалы қазбалар,материалдар шикізат,өндіріс және тұтыну қалдықтары)

C) Көлем бірлігіндегі біртекті заттың массасы

D) Тауарлар қозғалысы барысында материалдық және ақпараттық ағындарды басқару теориясы мен тәжірибесі

E) Халықаралық қатынастардағы экспорттық,импорттық және транзиттік тасымалдарға қызмет көрсететін теміржол стансасы

3)А

Белгіленген тәртіп бойынша жүк вагондарымен,контейнерлермен тасымалдау үшін қабылданған нысан(бұйымдар, заттар,пайдалы қазбалар,материалдар шикізат,өндіріс және тұтыну қалдықтары)бұл?

A) Жүк

B) Станса

C) Контейнер

D) Цистерна

E) Хоппер

4)А

Ыдысты-дара жүктерді тасымалдауға арналып,бір ізге келтірілген жүк бірлігі?

A) Әмбебап контейнер

B) Арнайы контейнер

C) Жабық платформалар

D) Әмбебап ашық вагондар

E) Орау(упаковка)

5)В

Белгілі бір температуралық режимінің сақталуын қажет ететін тез бұзылатын жүктерді(ет,балық,минералдық су,жемістер және т.с.с)тасымалдауға арналған вагон түрі?

A) Өзі түсіретін вагондар

B) Изотермиялық вагон

C) Әмбебап ашық вагондар

D) Бункер үлгісіндегі вагондар

E) Әмбебап жабық вагондар

III.Орау(упаковка) дегеніміз?

№ 11 Емтихан билеті / экзаменационный билет № 11

I.Вагондарды тиеуге дайындау.

II.1)С

Теміржол көлігінің қызметін пайдаланушы дегеніміз?

A) Кез келген жүкті қабылдап алуға өкілеттігі бар жеке немесе заңды тұлға

B) Жолаушылармен жүкті теміржол көлігімен тасымалдауға даярлау ,оны жүзеге асыру және аяқтау барысында атқарылатын ұйымдастыру және технологиялық операциялардың жиынтығы

C) Теміржол көлігінің ұйымдары және темір жолдағы жеке кәсіпкерлер көрсететін қызметті(жұмысты)пайдаланатын жолаушы,жүк жөнелтуші,жүк қабылдаушы не өзге де жеке немесе заңды тұлға

D) Тасымалдау шарты бойынша өз атынан немесе жүк иесінің атынан әрекет ететін және тасымалдау құжатында көрсетілген жеке немесе заңды тұлға

E) Жалпы жұрт пайдаланатын теміржол көлігімен тасымалдау жөнелту орнынан баратын жеріне дейін жеткізу,жүк қабылдаушыға тапсыру міндетін мойнына алған заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер

2)С

Ұсақ жөнелтілім бұл?

A) Оны тасымалдау үшін бір контейнер қажет болатын,әрі бір жүк қағазы толтырылатын жүк

B) Бір жүк қағазымен бір жүк қабылдаушының атына толтырылатын әр түрлі атаулы жүк

C) Оны тасымалдау үшін жеке вагон немесе контейнер қажет болмайтын,әрі бір жүк қағазы толтырылатын жүк

D) Оны тасымалдау үшін жеке вагон қажет болатын әрі теміржол көлігінің бір жүк қағазы толтырылатын жүк

E) Оны тасымалдау үшін массасына немесе ұзындығына қарай жөнелтілетін маршрутттарға белгіленген нормаларға сай келетін мөлшерде вагон бөлу қажет болатын,әрі бір жүк қағазы толтырылатын жүк

3)В

Тауар кеңсесінің басты міндеті?

А) Тікелей көптеген жүк жөнелтушілер мен қабылдаушыларға қызмет көрсетеді,тұтас алғанда,станса бойынша жүк тасымалдауға қабылданған өтінімдердің орындалуына қатысады,сондай-ақ жеке алғанда,әрбір жүк жөнелтушінің тілегін қанағаттандырады

B) Тасымалдау құжаттарын дұрыс және дер кезінде толтыру,теміржолдағы көлік жүк қағаздарын,жол ақа қағазы мен басқа да құжаттарды қабылдау,тексеру және толтыру,әкелінетінжүктерге құжаттар беру,орталықтандырылған есеп айырысу жүйесіне енгізілмеген жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушылардан төлемдер мен алымдарды анықтап,өндіріп алу.

С) Пойыздарды қабылдау,сұрыптау,құрастыру және жөнелту жұмыстарына тікелей басшылық етуді жүзеге асырады

D) Станса жұмысына жедел басшылық етуді,ауысымдық жоспардың орындалуын,құрамдар мен вагондарды өңдеудің технологиялық нормаларының орындалуын қадағалауды жүзеге асырады

E)Кірме жолдардағы жүк тиеу-түсіру жұмыстары жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді

4)А

Арнайы теміржол тасымалы не үшін арналған?

A) Аса маңызды мемлекеттік және қорғаныс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға,сондай-ақ сотталған және қамауда отырған адамдарды тасымалдауға арналған;

B) Жауын-шашыннан қорғауды қажет етпейтін үйінді,ақтарма,дара,қатарлап жинайтын және ұзын өлшемді жүктерді(көмір,руда,кокс,флюс,боксит,құрылыс материалдары,құбырлар,ағаш,прокат және т.с.с)

C) Жауын-шашыннан қорғауды қажет етпейтін үйінді,ақтарма,дара,қатарлап жинайтын және ұзын өлшемді жүктерді(көмір,руда,кокс,флюс,боксит,құрылыс материалдары,құбырлар,ағаш,прокат және т.с.с)

D)Доңғалақты және шынжыр табанды машиналарды,үстін жабуды және қоршаған ортаның әсерінен қорғауды қажет етпейтін дара,көлемді жіне ұзын өлшемді т.б жүктерді тасымалдауға

Е)Ағаш,ағаш сүрегі,тас,металл сынықтары,металдар,әр түрлі брикеттер,болат құймалары секілді вагондарға тиеу кезінде санауды қажет етпейтін және сыртқы күйіне қарай үйінді жүк бола алмайтын жүктерді тасымалдауға

5)С

Жолаушылармен жүкті теміржол көлігімен тасымалдауға даярлау ,оны жүзеге асыру және аяқтау барысында атқарылатын ұйымдастыру және технологиялық операциялардың жиынтығы?

A) Жөнелту

B) Кабылдау

C) Тасымалдау

D) Сұрыптау

E) Тиеу-түсіру

III. Вагондық жөнелтілім дегеніміз?