2.4. Зоологиялық саябақтар
Біз табиғат жағдайлары әр түрлі аймактардан түратын өлкемізде жануарлардың 630-дай түрі мекендейтінін айтып өттік. Осынау жануарлар дүниесі өкілдерінің бөрін табиғи жағдайда кезіктіру мүмкін емес.
Калалардың өсіп, адамдардың табиғатпен етене араласуы киындаған қазіргі жағдайда жер бетінде және туған өлкемізде мекендейтін түз тағыларын қол созым жерден танысып, бакылауға "зоологиялық саябактар" арқылы мүмкіндік туып отыр. Бүгінде "зоологиялық саябақ" ғылыми-ағарту мекемесі бола тұрып, ол жерде жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлері сақталып, олардың қорын молайту, жабайы жануарлардың биологиясын, мінез-күлқын зерттеу, табиғат қорғау ісін насихаттау сияқты сан салалы жүмыстар атқарылады. Қазір бүкіл дүние жүзінде, шамамен, 850 зоологиялық саябақ бар. Олардың, әсіресе жойылып кету қаупі бар аң-қүстар түрлерін көбейтудегі маңызы зор. Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағының (ХТҚО) мәліметі бойынша, дүние жүзі зоологиялық саябактарында Халықаралық "Қызыл кітапқа" тіркелген сүткоректілердің 286 түрінің 170-і қамқорлыққа алынып, 80-ге жуығы ұрпақ берген көрінеді. Мәселен, табиғатта жойылып кеткен керқүлан зоологиялық саябақта сақталып, өсірілген. Бұл тұяқты аң дүние жүзінің 42 зоологиялық саябағында бар, қазір саны 250-ге жетіп отыр. Зоологиялық саябақ сонымен қатар амур жолбарысын, тайвань теңбіл бүғысын, зубр, куыс мүйізді ориксті жойылып кетуден сақтауда зор рөл аткарып келеді.
Біздің республикамызда Алматы, Қарағанды жөне Шымкент қалаларында зоологиялык саябақ бар.
Алматы зоологиялық саябағы 1937 жылы 8 қарашада (Ұлы Қазан революциясының 20 жылдығын тойлау құрметіне) ашылды. Алғашқыда шағын ғана аймакта Қазақстан мен Орта Азия жерін мекендейтін елу шақты аң мен қүс түрі ұсталды. 40 га-ға жуық аймақты алып жатқан бұл саябакта қазір жер бетінде тіршілік ететін жануарлардың 300-ден астам түрі бар. Олардың 31-і халықаралық, ал 29-ы КСРО-ның "Қызыл кітаптарына" тіркелген жануарлар. Түз тағыларының бәрі мүнда еркін сезініп, өсіп-өніп, көбейіп келеді. Мәселен, 1979 жылы жазда Юлька, Спутник атты бегемот балалары дүниеге келді. Сонымен қатар мұнда әр жылдары
арыстан, амур жолбарысы, Америка ягуары, лама және басқа да жануар түрлері ұрпақ берген еді.
Келешекте Алматы зоологиялық саябағының аумағы 150 га-ға дейін үлғаятын болады. Қазірдің өзінде осы тұрғыдағы жұмыстар жүргізіліп келеді. Таяуда балықтың 80-ге жуық түрінің еркін жүзуіне қолайлы аквариум және террариум ашылды.
Алдағы уақытта аң-қүстар мекендейтін бұл аймақта жерімізде тіршілік ететін құлан, барыс, карақүйрық және басқа да сиреп кеткен жануар түрлері қамқорлыққа алынып, олардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасау және терең ғылыми-зерттеу жұмысын табиғат қорғау ісімен ұштастыру Алматы зоологиялық саябағының негізгі міндеті болмақ.
Қорытынды бөлім
Қорыта айтканда, адам баласы табиғат қорларын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан табиғат қорларын ғылыми негізде, қайта түлете отырып пайдалану және қорғау максат етіліп койылуы тиіс. Табиғат заңдарында көрсетілген ұстанымдар мен ережелерді орындау әрбір азаматтың міндетті борышы.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
“Қазақстанның өсімдіктер әлемі” – Ғылыми басылым. - “Алматыкітап” ААҚ, 2004.
Қазақстандағы жануарлар әлемі. – Ғылыми басылым. – “Алматыкітап” ААҚ, 2003.
“Экология-9” - Ә.Бейсенова, Ж.Шілдебаева.
