- •Әдістемелік нұсқау тәжірибелік сабаққа
- •Құрастырушы: доцент Сабданалиев а.М.
- •М.Ғ.К. __________ Даулетхожаев н.А.
- •1.Тақырып №29: Ауыз қуысын протездеу алдындағы хирургиялық дайындық.
- •3. Оқудың мәселелері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Оқыту мен сабақ беру әдістері : аралас
- •7. Хронометраж
- •8. Ұсынылған әдебиет:
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ МОДУЛІ |
||
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА |
||
Хирургиялық стоматология модулі
Пәні – Хирургиялық стоматология HS 5306.
МАМАНДЫҒЫ: 051302 «Стоматология»
Әдістемелік нұсқау тәжірибелік сабаққа
Тақырыбы: «Ауыз қуысын протездеу алдындағы хирургиялық дайындық».
КУРСЫ: 5
семестрі – 9, 10
2012 ж.
Құрастырушы: доцент Сабданалиев а.М.
Модуль отырысында талқыланды
Хаттама № 1 «27 » тамыз 2012 ж.
Бекіткен:
Хирургиялык стоматология модулінің жетекшісі
М.Ғ.К. __________ Даулетхожаев н.А.
1.Тақырып №29: Ауыз қуысын протездеу алдындағы хирургиялық дайындық.
2.Мақсаты: Ауыз қуысын протездеу алдындағы хирургиялық дайындық туралы, алвеола өсіндісінің атрофиясын алдын алу мен альвеолалық айдаршықтың көлемін ұлғайту қағидалары туралы білімін қалыптастыру.
Өздерінің арасында, ұстаздар мен аурухананың медициналық қызметкерлері арасында медициналық терминологияны еркін және дұрыс қолдану қасиеттерін қалыптастыру.
Құқықтық компетенцияны қалыптастыру – оперативтік кірісулерде асептика мен антисептиканы сақтау.
Ауыз қуысын протездеу алдындағы хирургиялық дайындық бойынша студенттердің өзіндік жұмыс пен реферат жазуда әдебиеттермен, ақпаратты электронды тасымалдағышпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.
3. Оқудың мәселелері:
1. Ауыз қуысын протездеуге дайындау алдындағы қолданылатын сүйек-пластикалық операциялардың жіктелуімен таныстыру.
2. Альвеола өсіндісі атрофиясының жіктемесімен таныстыру.
3. «Жұмсақ тіндер көлемін ұлғайту», «сүйек көлемін ұлғайту», «сүйек пен жұмсақ тіндер көлемін комбинирлеп ұлғайту», «жұлынған тіс альвеоласының пластикасы», «альвеоланың қарапайым пластикасы», «альвеола айдаршығын ажырату», «қалқан ішілік альвеолопластика», «экзостоздарды алу», «альвеола сегменттерінің пластикасы» терминдерін енгізу.
4. Альвеола өсіндісі атрофиясы мен экзостоздары бар науқастарды көрсету.
5. Альвеола өсіндісі атрофиясы мен экзостоздарды диагностиклау әдістері.
6. Альвеола өсіндісі атрофиясын алдын алуы мен хирургиялық емінің негізін ашу.
7. Альвеола айдаршығын ұлғайтудың негізін негізін ашу.
8.Ауыз қуысын протездеуге дайындау алдындағы хирургиялық емдеуде қолданылатын аспаптармен таныстыру.
9. Профилактиклық және хирургиялық емнің әдістерін көрсету.
10.Сүйек тінінде, жұмсақ тінде және үшкіл нервтің перифириялық бұтақтарына жүргізілетін оперативті кірісулермен таныстыру.
12. Емдеу мен диагностикалаудың стандарттарын қарастыру.
13. Асептика мен антисептиканың ережелерімен таныстыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.«Жұмсақ тіндер көлемін ұлғайту», «сүйек көлемін ұлғайту», «сүйек пен жұмсақ тіндер көлемін комбинирлеп ұлғайту», «жұлынған тіс альвеоласының пластикасы», «альвеоланың қарапайым пластикасы», «альвеола айдаршығын ажырату», «қалқан ішілік альвеолопластика», «экзостоздарды алу», «альвеола сегменттерінің пластикасы» терминдеріне анықтама беру.
2. Сүйек-пластикалық операциялардың жіктелуі.
3. Альвеола өсіндісі атрофиясының жіктемесі.
4. Альвеола өсіндісі атрофиясы мен экзостоздардың патогенезі.
5. Альвеола өсіндісі атрофиясының диагностикасы.
6. Альвеола өсіндісі атрофиясы мен экзостоздардың клиникалық ерекшеліктері.
7. Альвеола өсіндісі атрофиясын және экзостоздарды алдын алу мен емдеу негіздері.
8. Операция алдындағы зерттеу мен науқастарды хирургиялық дайындау.
9. Альвеола өсіндісі атрофиясы мен экзостоздарды хирургиялық емдеу әдісі.
