- •Әдістемелік нұсқау тәжірибелік сабаққа
- •М.Ғ.К. __________ Даулетхожаев н.А.
- •1. Тақырып №23 Ауыз қуысы мүшелерінің қатерлі ісіктері. Клиникасы, диагностикасы, емі.
- •2. Мақсаты:
- •3. Оқу тапсырмалары:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Оқу және оқыту әдістері: аралас.
- •7. Хронометраж
- •8.Ағымды білім деңгейін бағалау үшін сұрақтар:
- •9. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •10. Бақылау (сұрақтар, тест түріндегі тапсырма, жаттығу)
10. Бақылау (сұрақтар, тест түріндегі тапсырма, жаттығу)
Тест түріндегі тапсырма:
49 жастағы ер адам дәрігерге соңғы уақыттары үлкеюі байқалған сол жақ бетінің қалыңдаған жеріндегі ауру сезімді ісіктің болуына шағымданып келді.
Ауру анамнезі: үш ай бұрын құрылыста жұмыста жүріп кездейсоқ жарақат алған, бір айдан кейін бет аймағында көлемі үлкейген, бірақ ауру сезімінсіз түзіліс анықталды. Соңғы айдың көлемінде бірден үлкейген: тамақ қабылдаған кезде кедергі жасап, ауру сезімі пайда болатын болған. Тіс дәрігеріне ауру сезімі пайда болғаннан бастап бір айдан кейін келген, емдеуге таблеткалар мен ауыз қуысын шайқау тағайындалған. Нәтиже болмаған, керісінше науқастың жалпы жағдайы нашарлап, бет аймағында ауру сезімі күшейген. Облыстық ауруханаға кеңес алуға жолдама берілді, ол жақтан бет аймағындағы ісікке күдіктеніп, Облыстық онкологиялық диспансерге жіберілді. Облыстық онкологиялық диспансерде цитологияның нәтижесінде- қатерлі ісік анықталды.
Өмір тарихы: Зиянды әдеттері жоқ.Асқазан жарасы ауруымен «Д» тіркеуде тұрғанына бес жыл болған.
Объективті қарау: сол жақ бетінің қалыңдаған жеріндегі ісік нәтижесінде бетінің сол жақтық асимметиясы байқалады. Теренің түсі өзгеріссіз. Пальпация кезінде: бетінің қалыңдаған жерінде шекарасы анық емес 5,0х6,0х3,0 шектеулі қозғалмалы,тығыз ауру сезімді түзіліс анықталды.
Оң және сол жақ асты аймағында 0,5х1,0 және 0,7х1,5 өлшеміне сәйкес ауру сезімінсіз қозғалмалы тығыз лимфатикалық узлы анықталды.
Аузын ашуы біраз шектеулі. Сол жақ бетінің шырышында 1,0х2,0х2,0 көлемінде тегіс емес төмпешікті айналамен, айналасы тығыз, ауру сезімді жара байқалады.
Науқастың шағымы, ауру анамнезі, объективті мағлұматтар сәйкес?
Ісікті процесстің дамуына қандай факторлар әсер етеді?
Науқастың біріншілік келуінен-ақ диагноз қою мүмкін ба еді?
Науқастың біріншілік келуіндегі тіс-дәрігерінің іс-әрекеті дұрыс па?
Диагноз қою үшін қандай қосымша зерттеу әдістерін жүргізу қажет?
Гистологиялық зерттеу-жасушалардың айқын полиморфизмімен сипатталады. Жасушалар дөңгелек, алмұрт тәрізді, желпеуіш тәрізді, лента тәрізді, ранетка формасында,көпядролы жасушалар түрінде кездеседі.
Соңғы клиникалық диагнозды қойыңыз.
Беттің жұмсақ тінінің эпителиальді емес қатерлі ісігін клиникалық мағлұматтардың негізінде салыстыруға бола ма?
Рабдомисаркомның емі және болжамы.
Ситуациялық тапсырма сұрақтарының жауаптары:
Бұл мағлұматтар бет ісігіне сәйкес келуі мүмкін.
Құрылыстағы алған жарақат себебі болып табылады.
Иә, Дәрігердің онкологиялық абай болуы керек. Әрқашан, ең алдымен ісікті алып тастау керек.
Дұрыс емес. Науқастың дәрігерге біріншілік келуінен ақ толық тексеру жүргізу керек еді.Бір ай көлемінде эффект бермеген және науқастың жағдайы нашарлауы, патологиялық процесстің күшеюі дұрыс тағайындалмаған емнің нәтижесі болып табылады.
Гистологиялық зерттеу.
Бұндай жасушалы полиморфизм рабдомиосаркомаға көбірек сәйкес келеді.
Екі жағынан да жақастылық лимфа түйіндерінің метастазымен сипатталатын беттің рабдомиосаркомасы. Лимфа түйіндері.
Жоқ, гистологиялық зерттеуден кейін ғана мүмкін. Ісікті радикальді кесу, операциядан кейінгі сәулелі терапия.
