- •Әдістемелік нұсқау тәжірибелік сабаққа
- •М.Ғ.К. __________ Даулетхожаев н.А.
- •1. Тақырып №23 Ауыз қуысы мүшелерінің қатерлі ісіктері. Клиникасы, диагностикасы, емі.
- •2. Мақсаты:
- •3. Оқу тапсырмалары:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Оқу және оқыту әдістері: аралас.
- •7. Хронометраж
- •8.Ағымды білім деңгейін бағалау үшін сұрақтар:
- •9. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •10. Бақылау (сұрақтар, тест түріндегі тапсырма, жаттығу)
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ МОДУЛІ |
||
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА |
||
Хирургиялық стоматология модулі
Пәні – Хирургиялық стоматология HS 5306.
МАМАНДЫҒЫ: 051302 «Стоматология»
Әдістемелік нұсқау тәжірибелік сабаққа
Тақырыбы: «Ауыз қуысы мүшелерінің қатерлі ісіктері. Клиникасы, диагностикасы, емі».
КУРСЫ: 5
семестрі – 9, 10
2012 ж.
Құрастырушы: ассистент: Курышжанова К.Р.
Модуль отырысында талқыланды
Хаттама № 1 «27 » тамыз 2012 ж.
Бекіткен:
Хирургиялык стоматология модулінің жетекшісі
М.Ғ.К. __________ Даулетхожаев н.А.
1. Тақырып №23 Ауыз қуысы мүшелерінің қатерлі ісіктері. Клиникасы, диагностикасы, емі.
2. Мақсаты:
Ауыз қуысы мүшелерінің қатерлі ісіктері бойынша клиника, диагностика, емдеу принциптері туралы білімдерін құрастыру.
Ауыз қуысы мүшелерінің қатерлі ісіктерін диагностикалау және емдеу бойынша дағдыларын құрастыру.
Ауыз қуысы мүшелерінің қатерлі ісіктерін хирургиялық емдеу кезінде хирургиялық инструменттермен бірге жұмыс жасаудың операционалды дағдыларын құрастыру.
Өзарам қарым-қатынаста, сонымен қатар мұғаліммен және клиниканың медицина қызметкерімен медициналық терминологияны сауатты және еркін пайдалану дағдыларын құрастыру.
Құқықтық компетенцияны құрастыру – жақ-бет аймағын хирургиялық емдеу кезінде асептика және антисептиканы сақтау, ауыз қуысы мүшелерінің қатерлі ісіктерін диагностикалау және емдеу протоколын сақтау.
Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша жақ-бет аймағының әдебиеттерін, ақпаратты электронды тасымалдаушыларды қолдану, реферат жазу дағдыларын құрастыру.
3. Оқу тапсырмалары:
1. Ауыз қуысы мүшелерінің қатерлі ісіктерінің жіктемесімен таныстыру. Клиникасы, диагностикасы, емі.
«Ерін рагі», «ауыз қуысы шырышты қабатының рагі», «рактың папиллярлы формасы», «тіл рагі», «ауыз қуысы түбінің рагі», «рактың экзофтальді формасы», рактың экзофитті-жаралы формасы» түсінік беру.
2. Ауыз қуысы мүшелерінің қатерлі ісіктерінің патоморфологиясымен, клиникасымен таныстыру.
3. Ауыз қуысы мүшелерінің қатерлі ісіктерінің әр түрлі формалары бар науқастарды демонстрациялау (суретін көрсету). Ауыз қуысы мүшелерінің қатерлі ісіктерін диагностикалау әдістері мен салыстырмалы диагностикамен таныстыру және демонстрациялау.
4. Ем жоспарын құрастыру. Ауыз қуысы мүшелерінің қатерлі ісіктерін хирургиялық және терапиялық емдеудің маңыздылығын ашу.
5. Ауыз қуысы мүшелерінің қатерлі ісіктерін алу операциясында қолданылатын инструменттермен таныстыру.
Тамырларды таңу әдістерін, ауыз қуысы мүшелерінің қатерлі ісіктерін алу кезеңдерін жүргізуді демонстрациялау. Ауыз қуысы мүшелерінің қатерлі ісіктерін алу операциясында қолданылатын тігу құралдарымен таныстыру.
Ауыз қуысы мүшелерінің қатерлі ісіктерін алу бойынша дағдыларын күшейту.
6. Ауыз қуысы мүшелерінің қатерлі ісіктерін диагностикалау және емдеу стандарттарын қарау.
7. Асептика және антисептика ережелерімен таныыстыру.
