- •Курстық жұмыс Тақырыбы: Тарихтағы мұрағаттар.
- •1.1. Мұрағат – біздің тарихымыз
- •2.1. Мұрағат тарихы
- •2.2. Мемлекеттік мұрағаттың құрылу тарихы
- •2.3. Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты
- •2.4. Семей облыстық Мемлекеттік мұрағат тарихы
- •3.1. Мұрағаттар – ұлттық құндылықтар қазынасы
- •Мұрағаттық анықтама
- •Хаттама
- •V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
3.1. Мұрағаттар – ұлттық құндылықтар қазынасы
Қазіргі қоғамда азаматтардың барлығы бірдей мұрағаттардың жұмысын жақсы біле бермейді және сондықтан олардың қоғамдағы рөлін дұрыс бағаламайтын жайттар кездесіп отырады. Мәселен, мұражай жәдігері шығуы, сақталуы жағынан бірегей әрі реликвиялы қасиетке ие және кез келген көрерменде танымдық, образды түрде үлкен әсер қалдырады. Мұрағаттық құжат шығуы, мазмұны жағынан бірегей бола тұрса да, кез келген пайдаланушыда мұражай жәдігері тәрізді бірден үлкен эмоциялық әсер қалдыра алмайды. Әрі мұрағатқа келушілердің жас ерекшелігіне шек қойылады.
Мұрағаттардың қоғамдағы рөлін дұрыс түсіндіру үшін оның тарихына үңілгеніміз абзал. Себебі тарих қана ұрпақтар үндестігін жалғастырып, уақыттар арасындағы өзара байланыстар мен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді. Бөкей хандығы тарихымен тығыз байланысты алғашқы ұлттық құндылықтардың ошағына айналған мұрағаттар бірнеше дәуірлік сан қилы тарихты бастан өткерді. Революцияға дейінгі дәуірде Қазақстан тарихына қатысты шашыраңқы тарихи маңызды құжаттар негізінен ведомстволық мұрағаттарда орналасты. Кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарындағы саяси жағдайлар бірқатар маңызды тарихи құжаттардың Қазақстанмен шекаралас республикалар мен облыстарда қалып қоюына себеп болды. Кеңестік дәуірде жүйелі қалыптасқан мемлекеттік мұрағаттарда құнды құжаттардың орналасуының принциптері белгіленіп, нақты жүйеге келді. Алайда кеңестік орталықтандыру саясаты мұрағат ісі саласын да шет қалдырған жоқ. Әсіресе 50-ші жылдары КСРО Бас мұрағат басқармасының өкімімен қорларды шоғырландырудың ортақтыландыру принципіне сәйкес орталық және бірқатар облыстық мұрағаттардан құнды тарихи қорлар Одақтық орталық мемлекеттік мұрағаттарға алынды.
Сонымен республикада мұрағаттарды құру кеңестік жылдары, дєлірек 1918 жылғы “РКФСР-де мұрағат ісін қайта ұйымдастыру және орталықтандыру туралы” декретіне сәйкес жүзеге асырылды. Қараусыз қалған революцияға дейінгі тарихи құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мұрағаттардың негізгі міндетіне алынды. Аталған декрет бойынша барлық мекемелердің істері мен құжаттарын сақтау мақсатында Бірыңғай мемлекеттік мұрағат қоры ұйымдастырылды. Оны және мұрағаттарды басқару үшін Мұрағат ісінің Бас басқармасы құрылады.
1921 жылы алғаш ұйымдастырылған Орталық өлкелік мұрағат тарихи маңызды құжаттарды жинау, сақтау ісімен айналысып, бүгінде Орталық мемлекеттік мұрағаттың негізін құрап отыр. Осы кезеңнен бері құрылған мемлекеттік мұрағаттар жүйесіне барлығы 230-дан аса мұрағаттар кіреді.
Мұрағат құжаттарын пайдалану м мәселесінде мұрағаттардың кеңестік дәуірде алдымен Коммунистік партияның мүддесіне қызмет атқарып, тек кеңестік жүйе ыдырығаннан кейін барлық пайдаланушыларға бірдей қызмет ете бастағаны белгілі. Бүгінде еркін қол жеткізуге болатын мұрағат құжаттарын кез келген пайдаланушы өз мақсатына ашық пайдалана алады. Мемлекеттің аса құпия мағлұматтары бейнеленген құжаттарды оның қауіпсіздігін қорғау мақсатында пайдалануға шек қойылған. Мұрағат құжаттарымен жұмыс істеуде арнайы қабылданған ережелерді, яғни ақпаратты іздестіруде анықтамалық аппаратты пайдалануды, көне мәтіндерді оқи білуі қажет.
Тарихи деректерді кеңінен пайдалану мәселесінде барлық мұрағаттардың ақпараттық қызметі интеграциялануы қажет. Ақпаратты пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтетін осы бағыт кең көлемді ақпаратты жылдам алуды қамтамасыз етеді.
Қоғамның білімге деген қажеттіліктері қазір жаңа тасушылардағы ақпараттарды қабылдауға мүмкіндік береді. Интернетті пайдаланушыға ақпараттың қай жерде сақталғанынан гөрі қажетті ақпаратты толық көлемді, дәл, жылдам алу анағұрлым маңыздырақ. Бұл ретте Еуропа елдерінің, Америка Құрама Штаттарының, Ресейдің т.б. мұрағат қорлары туралы бірқатар сайттары бар. Болашақта барлық мұрағаттар мен мұражайларда электрондық тасушылардың рөлі басым болмақ. Сканерлеу арқылы ақпаратты сақтау, пайдалану мүмкіндіктері кеңейді. Мұрағаттарда кітапханалар тәрізді электрондық тасушылардағы ақпаратты қабылдау өсіп келеді. Бұған электрондық мұрағаттардың пайда болуы да дәлел. Мәселен, мұражайларда өнердің жаңа синтетикалық формалары, мәселен перфоманс, киноға түсіру немесе видеожазба түрінде сақталады. Мұрағат материалдарын да пайдаланушыларға ұсынудың осындай формаларын кеңейтіп, мұрағаттардың рөлін арттыруға үлес қосуы тиіс.
Мұрағаттар мұражайлар мен кітапханалар секілді тарихи дерек көздерін жинақтау, сақтау мен пайдаланудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне кіреді. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында археографиялық комиссиялардың көмегімен іздестірілген шетел мұрағаттарынан, кітапханалары мен мұражайларынан алынған бірегей құжаттар Ұлттық мұрағат қорымызды байыта түсті. Ұзақ уақыттар бойы Ұлттық мұрағат қоры еліміздің ХVІІІ ғасырдан бергі тарихымыздың куәсі деп келдік. Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының хронологиялық шегі «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілген археографиялық экспедициялардың нәтижелі жұмыстары негізінде V ғасырдан бергі уақытты қамтып отыр.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында шетелдерде Қазақстан тарихына қатысты жазба деректерді іздестірумен айналысатын археографиялық комиссиялар нәтижелі жұмыстар атқарды. Шетелдік мұрағаттар, кітапханалар, ғылыми-зерттеу мекемелерінің сирек қолжазбалар бөлімдерінен іздеп табылған тарихи құнды құжаттардың біраз бөлігінің көшірмелері алынды. 2002-2005 жылдар аралығында барлығы 35 мыңнан аса тарихи құжаттар анықталды.
Отандық мұрағаттарда сақтаулы құжаттардың басым бөлігімен көпшілік және ғылыми орта таныс. Тарихи, мәдени, саяси маңызға ие құжаттарды түрлі салаларда пайдалану да кеңінен жүргізілуде. Ал жаңа тарихи деректермен толыққан Ұлттық мұрағат қорының құрамымен таныстыруды міндет деп санаймыз.
Қазақ тарихы бойынша жазба деректердің басым бөлігі қытай тілінде екені мәлім. Бүгінде Қытай мемлекеттік №1 тарихи мұрағатынан (Бейжин қ.) 1758-1777 жылдар аралығын қамтитын құнды 53 құжат белгілі болды. Олардың арасында Шаңлүн император тұсында жазылған деректер Үрімжі мен Үржардағы қытай – қазақ саудасы және оның ережесі туралы мол мағлұматтар береді. Бейжин Мемлекеттік кітапханасының сирек қолжазбалар қоры бөлімшесінде сақтаулы Яң Зыңшыңның 1912–1928 жж. жазылған «Буго жай үнду» құжаттар жинағында 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыс жөнінде әскери жеделхаттар; бас сауғалап Шинжанға өткен қазақтардың бастан кешкен оқиғалары, оларды орналастыру және кері қайтару туралы Қытай үкіметі жарлықтары, Кеңес Одағымен арадағы айтыс-тартыстардың дәлелді материалдары шоғырланған. Шинжан қоғамдық ғылымдар академиясының сирек кездесетін кітаптар бөлімінде (Үрімжі қ.) жүз томдық фотолитографиялық жинақтың көшірмесі алынды. Аталмыш жинақтың көшірмесі 1862-1873 жылдар аралығындағы құжаттарды қамтиды. Мұнда Іле, Тарбағатай, Қобда және басқа да шекараларда орын алған оқиғалар; шекара туралы мәселелер; шекарадағы қазақтардың көшіп-қонуы туралы, Қазақстан мен Қытай шекараларын айқындау және оған белгі орнату туралы құнды деректер бар.
XV-XX ғғ. Қазақстан тарихына қатысты бай мағлұматтар Ресей мұрағаттары қорларынан іздестіріліп бірқатар маңызды құжаттардың көшірмелері алынды. Татарстан Республикасының ұлттық мұрағатынан (Қазан қ.) ортағасырлардағы қазақ тарихына қатысты, әсіресе, 1393 жылы Алтын Орда ханы Тоқтамыстың поляк патшасы Ягайлоға қатысты шығарған жарлығы; 1428 жылы Алтын Орда ханы Ұлық Мұхаммедтің Түрік сұлтаны Гахи Мурадуға жазған хатының көшірмесі; 1466 жылы Алтын Орда ханы Махмудтың Осман империясының билеушісі Фатих Мехмедке Алтын Орда тағына өзінің отырғандығын және екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты, көшпелі сауда байланыстарын одан әрі нығайтып дамытуы туралы жазылған хаттың көшірмесі құнды деректер болып табылады. Сондай-ақ Қазан мемлекеттік университетінің Н.И. Лобачев атындағы ғылыми кітапханасында Қазандағы «Қасым хан мен хандықтар туралы зерттеулер» мақалалары жєне қазақ тарихына қатысты өзге де материалдар кездеседі.
Башқұртстан Республикасының Орталық мемлекеттік тарихи мұрағатында (Уфа қ.) Қазақстанның ХІХ-ХХ ғасырлардағы тарихына қатысты, олардың ішінде «Айқап», «Дін және тұрмыс» (Дин вә мєгишәт), «Дүние және тұрмыс» (Донья вә мәгишат), «Таңдамалылар» (Мәхтариат), «Мұғалім» (Мөғәллым) журналдарының және «Біздің тілек» (Безнең телек), «Қызыл маяк» (Кызыл маяк), «Қызыл Шығыс», «Қызыл Шығыстың иелікке алуы», «Сібір» (Сибирия), «Өр халық» (Хөр миллєт), «Пақыр» (Фәкер), «Арат Себер», «Орал» (Урал) газеттерінің нөмірлері алынды.
ХІХ-ХХ ғасыр деректері Өзбекстан Орталық мемлекеттік мұрағатынан, Ұлыбританиядағы Басхановтың жеке коллекциясынан, Ұлттық мұрағатынан, Азиялық байланыстар бойынша Корольдық Қоғам мұрағатынан іздестіріліп, алынды. Басхановтың жеке коллекциясынан 1931-1938 жылдары жарық көрген «Яш Түркістан» журналының түпнұсқадағы 67 нөмірі демеушілер көмегімен алынса, Парижде Мир Яқубтың авторлығымен жарық көрген «Халықаралық жағдай және КСРО-дағы Ұлттар мәселесі» кітабының көшірмесі де алынды.
Қазақ елінің бай тарихын, дәлірек мемлекетіміздің қалыптасуы, дамуы, оның әлеуметтік, экономика, мәдени, білім жєне ғылым, денсаулық сақтау, еңбек қорғау салаларының дамуын жан-жақты көрсететін мұрағат құжаттарын ғылыми мақсаттармен қатар тәжірибелік және жеке мақсаттарда пайдалану үшін сұраныстар саны күн сайын өсіп отыр. Азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда да маңызды рөл атқаратын мұрағаттар еліміздің мемлекеттілігі атрибуттарының бірі екені анық. Кез келген ұлт тарихының кепілі – мұрағаттар. Сондықтан да ұрпақтар арасындағы байланыстарды және уақыттар үйлесімділігін қатамасыз ететін мұрағат құжаттарын іздестіріп, сақтап, ұрпаққа жеткізу басты міндетіміз.
Мұрағатшылар өз табыстарымен, жоғары шеберліктерінің арқасында мұрағат ісіне шексіз берілген, оны мемлекеттік маңызы бар деп танып, құжаттарды – халықтың тарихи ескерткішін сақтауға көмегін тигізген өз адамдарымен әрдайым мақтанады.
Қосымша А
ШҚО
МҰРАҒАТТАР ЖӘНЕ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ УЧРЕЖДЕНИЕ
«КҮРШІМ АУДАНЫНЫҢ «ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АРХИВ
МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ» КУРЧУМСКОГО РАЙОНА»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК УПРАВЛЕНИЯ АРХИВОВ И
МЕКЕМЕСІ ДОКУМЕНТАЦИИ ВКО
071200 Күршім ауылы, 071200 с. Курчум,
Барақ Батыр көшесі, 25 үй. Ул.Барак Батыра, № 25
Тел. 8 ( 723-39) 3-14-75,3-14-47 Тел. 8 ( 723-39) 3-14-75,3-14-47
e-mail: arhiv-kur@mail.ru e-mail: arhiv-kur@mail.ru
Күршім аудандық сотына
Жамбыл аудандық сотына
Сізге Жамбыл аудандық сотына хатына жауап беру үшін жолдаймын. Себебі 1993-1994жж Күршім аудандық сотының неке бұзу туралы шешімі Күршім ауданының мемлекеттік мұрағатына мемлекеттік сақтауға түскен жоқ.
Жамбыл аудандық сотына мәлімет үшін.
Қосымша: 1 бет, 2 мекен-жайға.
Күршім ауданының мемлекеттік
мұрағатының директоры: М.М.Құсманов
Орындаушы: І.М.Айтымбетова
Қосымша Б
ШҚО МҰРАҒАТТАР ЖӘНЕ КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАСТВЕННОЕ
ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ УЧРЕЖДЕНИЕ
«КҮРШІМ АУДАНЫНЫҢ «ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АРХИВ
МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ» КУРЧУМСКОГО РАЙОНА»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК УПРАВЛЕНИЯ АРХИВОВ И
МЕКЕМЕСІ ДОКУМЕНТАЦИИ ВКО
Тащанова Чолшан Абильевнаға
